Педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.03.2017
өлшемі449,02 Kb.
#7735
1   2   3   4   5   6

 

Дəріс-5 

 

Тақырыбы .Жаппай қыру қаруларының  қолданылуы  жəне оның салдары 

Мақсаты-: Біздің мемлекетіміздің  əскери  доктринасының  мазмұны  халықтың қауіпсіздігін  

қорғау жəне қорғаныс  сипаттағы  іс-əректін алға қою. 

Негізгі сұрақтар1.дролық зақымдану ошағына жəне оның  зақымдау факторларына 

сипаттама. 2. Өткір сəуле аурулары. 

Қысқаша  мазмұны:  Ядролық  зақымдану  ошағына  жəне  оның    зақымдау  факторларына 

сипаттама. Ядролық қару – жарылыс кезінде ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған 

қару.  Ол  барлық  белгілі  зақымдау  құралдарының  ішіндегі  ең  қуаттысы.  Ядролық  жарылыстың  

қуаты тротильдік эквивалентпен өлшенеді. Ядролық ошақ -  ядролық қарудан зақымданған үйлер, 

адамдар,  жануарлар  мен  өсімдіктер.  Ядролық  қарудың  негізгі  талқандаушы  факторлары:  соққы 

толқын,  жарықты  сəуле  бөлу,  өткіш  радиация,  төңіректің  радиактивті  элементтермен  ластануы, 

электро-магниттік импульс. 



Өткір сəуле аурулары. Өткір радиацияның немесе РЗ белгілі мөлшерден артық өтуінен адамдар 

сəуле ауруына ұшырайды. Бұл ауру адам 4 тəулік ішінде 100 р-н, не одан да көп  сəулені алғанда 

пайда болады. Денеге өткен сəулелердің шамасына қарап сəуле ауруын 4 дəрежеге бөледі: 1 

дəрежелі – 100-200 р. 



 

 

 

         2 дəрежелі – 200-300 р. 

 

 

 



         3 дəрежелі – 300-500 р. 

 

 



 

         4 дəрежелі  - 500 рентгеннен жоғары сəуле алса. 

 

Сəуле ауруының əр дəрежесі 4 кезеңнен өтеді: 



• 

Сəуленің өткенін алғашқы сезінуі; 

• 

Ауруының жасырын кезеңі; 



• 

Ауруының өз мəнінде көрінуі; 

Ауруының аяқталуы 

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: 

Пайдаланатын əдебиеттер Арпабеков 146-147, 97-99 


Рустенова 11-15 беттер 

 

Дəріс-6 



 

 

Тақырыбы:Химиялық жəне бактериологиялық жарылыстардың зақымдау ошақтары 

Мақсаты:Улау заттарының жіктелуін жікктелуін жəне белгілерімен танысу.Қарудың қауіптілігі –

приборлардың  жоқтығынан іздеп  табу. 

Негізгі сұрақтар: 1.Химиялық зақымдану ошағы жəне химиялық улы заттардың ағзаға əсері. 

2. Биологиялық зақымдану ошағы 

Қысқаша мазмұны: Химиялық зақымдану ошағы жəне химиялық улы заттардың ағзаға əсері. 

Химиялық қару – жалпылай улау заттарын қолданатын əскери қару. Улау заттары адамдарды, жан-

жануарларды,  өсімдіктерді,  егіндерді,  су  қоймаларды  қатты  зақымдайды.Улау  заттарын  адамға 

əсері бойынша 6 топқа бөледі.  1. нервтік – салдық əсері (зарин, зоман) 



 

 

 

 

 

 

2. тері жарасы əсері (иприт, люизит) 

 

 

 



 

 

 



3. тұншықтыру əсері (фосген, фифосген) 

 

 



 

 

 



 

4. тітіркендіру əсері (хлорпикрин,  

 

 

 



 

 

 



    хлорацетофен) 

 

 



 

 

 



 

5. жалпы улау əсері (синильдік  қышқыл) 

 

 

 



 

 

 



6. психикаға  əсері (ВZ) 

 Биологиялық  зақымдану  ошағы.    Бактериологиялық  қару  деп  –  патогенді  микроорганизмдері,  

олардың  шығаратын  улары  жəне  жеткізетін  құралдарының  жиынтығын  айтады.  Бұл  қарудың 

қауіптілігі  –  приборлардың  жоқтығынан  іздеп  табудың  қиындығы.  Бактериологиялық  қаруды 

белгілеріне  қарай  анықтау  жəне  қолдану  əдістері.  Қолдану    əдістері:  аэрозольдік  əдіс, 

трансмиссивтік  əдіс,  диверсиондық  əдіс.  Бактериологиялық  қару  ретінде  аса  қауіпті 

микроорганизмдер қолданылады, олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар.  



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: Улы заттарды қанша топқа бөлеміз.Химиялық қару дегнді 

қалай түсінесіз.Бактериологиялық қаруға сипаттама. 



Пайдаланған əдебиеттер: Арпабеков 

Рустенова  35-39, 39-41, 41-42 беттер 

Исанов 96-97, 97-98 беттер 

 

 

Дəріс-7 

 

Тақырыбы: Ұжымдық қорғаныс құралдары 

Мақсаты:Панаханамен қамтамасыз ету. Тұрғындарға жағдай жасау сонымен қатар  қорғану 

жолдары. 

Негізгі сұрақтар:1. Панахана, оның құрылысы. 2.Панаханаға халықты кіргізу тəртібі. 

Қысқаша мазмұны: Панахана, оның құрылысы. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – 

тұрғындарды  апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының 

зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тəсілдерінің бірі. Панахана – жан-жақты 

қымталған, радиациялы сəулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана. Панахана 

адамдардың сыйымдылығына байланысты үш түрлі болып келеді. Шағын панахана – 300, орташа 

панахана – 300-600 адамдық, үлкені – 600 ден астам адамдық.Панаханаға халықты кіргізу 



тəртібі. Қорғаныс ғимаратына адамдарды қабылдап, орналастыруды жəне ол жердегі тəртіпті 

қамтамасыз етуді, панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құрамының жұмысын 

ұйымдастыруды осы қорғаныс ғимаратының коменданты-командир жүргізеді. Панаханаға бірінші 

кезекте балалар мен қарттар жіберіледі. Жылдам тұрғызылатын  панаханалар (ЖТП)  дер  

кезінде салынған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барасында немесе шабуыл 

қаупі кезінде қалалар мен өндіріс обьектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді темір бетон 

жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың 

сыйымдылығы 50-200 кісілік болады. 



 

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Санитарлық торап дегеніміз не. Панаханаларды қалай 

бөлеміз.Қорғалатын жəне шығатын есіктер. 

Пайдаланған əдебиеттер: Арпабеков 

Рустенова  35-39, 39-41, 41-42 беттер 

Исанов 96-97, 97-98 беттер 

 

Дəріс-8 

 

Тақырыбы: Жеке қорғаныс құралдары 

Мақсаты:Халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық( зардаптарынан 

сақтап қалу. 

Негізгі сұрақтар: 1. Газқағарлар, оның жіктелуі, құрылысы.2. Респираторлар, мақталы-дəкелі 



таңғыштар. Жеке қорғаныстың медициналық құралдары ( ЖА-2, ЖЗП-8). 

Қысқаша мазмұны:  



 Газқағарлар, оның жіктелуі, құрылысы. Жеке қорғаныс құралдарын  үш түрге бөледі. 1. тыныс 

алу мүшелерін қорғайтын құралдар 



 

 

 

    2. теріні қорғайтын құралдар. 

 

 



 

    3. медициналық құралдар. 

Тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарға – газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштар, 

шаңға  қарсы  мата  маскалар  немесе  ПТМ  –1.  Газқағарлардың  өзі  екі  түрге  бөлінеді:  сүзуші 

газқағарлар,  айырушы  газқағарлар.    Сүзуші  газқағарлар:  ГП-5,  ГП-4,  ГП-7,  ГП-7В,  ГП-7ВМ. 

Айырушы  газқағарлар:  ИП-4,  ИП-46  немесе  оттегін  айырушы  приборлар:  КИП-5,  КИП-7,  КИП-8 

толықтай  тыныс  алу  мүшелерін  сыртқы  ауадан  бөлектеп  тастайды.  Регенераторлық  патрондарға 

немесе  баллондардың  оттегі  мөлшеріне  қарай  дем  алынады.  Бұл  газқағарлар  улы  заттардың 

концентрациясы жоғары болған кезінде пайдаланылады. 

Респираторлар, мақталы-дəкелі таңғыштар. Респираторлардың газқағарлардың айырмашылығы 

құрылысының қарапайымдылығы, салмағының аздылығы жəне  аз уақытқа қорғай алатындығымен 

сипатталады. Р-2 ересек адамдарға арналған, ол синтетикалық материалдардан жасалған. Салмағы 

60гр.  12  сағатқа  қорғай  алады.  Р-2д  балаларға  араналған,  өлшемі  кіші,  үздіксіз  4  сағатқа  қорғай 

алады.  Шаңға  қарсы  мата  маскалар  (ПТМ  -  1)  көзді,  тыныс  алу  органдарын  мақта-дəке 

таңғыштарына қарағанда жақсы қорғайды. 7 өлшемі бар. 



Жеке қорғаныстың медициналық құралдары ( ЖА-2, ЖЗП-8).  

(ЖА-2) Жеке аптечкадағы дəрі-дəрмектер радиоактивті, улы заттарға жəне бактерияға қарсы 

қолдану үшін жеке адамдарға таратылып беріледі. Өлшемі – 90х100х20 мм, салмағы – 130 гр. 

Қалтаға салуға ыңғайлы. Жеті ұяшықтан тұрады. 

(ЖЗП-8)  Жеке химиялық улануға қарсы 

пакетінің мақсаты мен құрылысы. Оның түрлері жəне қалай қолдану қажеттігінің ережесі. 

 

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Азаматтық қорғаныс міндеттері. Азаматтық 

қорғаныстың басқару ұйымдары. Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар. 

Əдебиеттер: 

Арпабеков 

Рустенова 42-53, 53-56, 56-60 беттер 

Исанов  90-100, 101-103 беттер 

Приходько 95-100 беттер 

 

Дəріс-9 

 

 

Тақырыбы: Адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу 

Мақсаты:Уақытында ұқыптылықпен жүргізілген  тазарту жұмысы улы затпен  улануды  мүлдем 

болдырмауға немесе дəрежесін азайтуға септігін тигізу. 

Негізгі сұрақтар: 1.Жартылай жəне толық санитарлық тазалық. 2. Дезинфекция, 

дезактивация, дегазация ұғымдары. 

1. 

Қысқаша мазмұны: Жартылай тазалық – адам денесінің ашық бөліктерінен, киімдерден, аяқ 

киімнен  жəне  жеке  дара  қорғану  құралдарынан  радиоактивті  заттарды    жəне  улы  заттарды  

сыпырып, сүртіп қана тазалау болып табылады.  

 

Толық  санитарлық тазалық – денені сабынды сумен тазалап жуу, ішкі  



киімді қажет 

болса сырт киімдерді ауыстыру. РЗ-мен ластанған  

ауданнан шыққан барлық адамдар, 

жасақшылар тобы жартылай  

дезактивациялық тазартудан өтеді. Бұл тазалықтың түрі бірнеше 


ретпен  

өтеді.Тазалық өткізетін  адамдар сыртқы  киімін өте сақтықпен  жаймен шешеді. 

Тыныстану органдарының  қорғау құралдары ең соңынан  шешіледі. Бұларды  қағып-сойып  

сыпырғышпен, щеткамен жоғарыдан  төмен қарай  тазалайды. Əсіресе, киімнің көп ластанатын  

етегімен  жеңін мұқият тазалайды. Резина  аяқ киімді жуады. Сдан кейін  противогазды , оның 

қорабын, шлем-маскасын  пакеттегі ертіндімен  тазалайды,  тек лсыдан кейін  противогазды 

шешуге болады. 

    Матадан  тігілген  масканы қағып-соғып тазалап,  содан кейін  жуады. 

    Дəке матадан  жасаған  байламаны  жойып жібереді /өртейді/. 

2. 

Дезинфекция, дезактивация, дегазация ұғымдары. Дезинфекция – ауру жұқтыратын 

немесе ауру тасымалдайтын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады.Еден жуу, сүрту, кір 

жуу арқылы жұқпалы  микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғары температураны  пайдаланып 

жəне 2-3 сағат  қайнатып  қана жоюға болады.Қаланың ауқымын, өндірріс орындарын  көлік 

тазартуды т.с.с. жұмыстарды тек  дезактивация, дегазация жүргізе алатын машиналары , 

қондырғылары бар АҚ  күштері өткізеді. Бұл жұмыс үшін  басқа да техникалар пайдаланады. 

Сонымен қатар қол құралдары : бүріккіштер, сушашқыштар, сыпырғыш, күректер т.б. қолданады. 

Дезактивация – радиоактивті /РЗ/ заттармен ластанған нəрселерді тазалау. Оларды денелер үстінен 

сыпырып немесе жуып кетіруге болады. Дезактивация ластанбаған əдейі алаңдарда немесе тұрақты 

жуу пункттерінде өткізіледі. Халық өз киімдерін АҚ  мамандарының  басшылығымен  өздері 

тазалайды. Тазалау алаңы  лас алаң жəне  таза алаң болып бөлінеді. Таза алаңда  дозиметриялық  

бақылау постысы, киімді, аяқ киімді ауыстыратын орын болады. Халық алдымен  бөлек алаңда 

күтеді,  содан кейін  кезекпен  тазалау  орнына барып, мамандардың  басшылығымен   дезактивация 

өткізеді.Алдымен қол жуып алып , содан кейін противогазды , үстеріндегі киімді  шешіп қолдарын , 

беттерін, мойнын қайта уады да ,  санитарлық тазалық  өтетін алаңға  шығады. Тұрғын үйлерді , 

коридорды, баспалдақты, жануарлар  үшін  қораларды  халықтың  өздері  дезактивациядан 

өткізеді.Дегазация – ластанған денелерден улы заттарды жою.  

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Жартылай тазалық дегеніміз не. Толық санитарлық 

тазалыққа сипаттам,дегазация дген не. 



Пайдаланған əдебиеттер 

Арпабеков 140-143 

Рустенова 35-42 беттер 

 

Дəріс-10 

Тақырыбы: Медициналық білім негіздері 

Мақсаты:Зақымданған адамдарға көмек көрсету.  Оларды тасымалдау. 

Негізгі сұрақтар:1. Зақымданған адамдарды тасымалдау құралдары 2.Тасымалдау əдістері 

Қысқаша мазмұны: Зақымданған адамдарды тасымалдау құралдары  

Зардап    шеккен      адамдарға    көмек  көрсетіп  ,    содан  кейін    оларды  емдеу  бекеттріне    немесе 

ауруханаға    жөнелтеді.  Жарақаттанған    адамды    алып  шығудың  бірнеше  əдістері  бар.  Мұның 

барлығы    жарақаттың  қандай  ,  ауыр-жеңілдігіне  ,  қолда  бар  құралдарға    жəне  жарақаттанған  

адамдардың  аз-көптігіне  байланысты. 

   Басты  мақсат-жарақаттанған  адамды    жанын    қиналтпай    ауруханаға    жеткізу  болып  табылады. 

Жүруге  жарайтындарын    адамдардың    көмегімен    өз  аяғымен    жүргізіп    алып  шығады.  Өзі  жүре 

алмайтын  адамдарды  санитарлық  зембілмен  тасымалдайды. Жарақатына  байланысты  зембілге  

əр түрлі жатқызады.: 

  Жауырыны  зақымдалған  болса, зембілге  оң жағымен  , іші жарақаттанған  болса,  шалқасынан  

жатқызып,  тізесін бүктіріп, тақымының  астына  киімнен одеялдан  домалақтап салады. 

    Кеудесінен жарақаттанғанда  жауырынына салып , басын биіктеу  көтеріп алып жүреді. 

   Омыртқа зақымданғанда  адамды тақтайға   немесе  сондай қатты нəрсенəң  үстіне салады., оны 

зембілмен алып жүреді. 

   Егер қатты нəрсе табылмаса , онлда адамды  зембілге екбетімен  салып алып жүреді. 

    Зембіл шайқалмас  үшін екі адам аяқтарын  шатыс түрде  жүруі керек./ алдыңғы адам  сол аяқты 

ілгері  салады./.  Асықпай  сағатына  2-2,5  км.    Шапшаңдықпен  жүруі  керек.  Негізінен  аяғын    ілгері 

салып  алып жүреді,  бірақ адамның жағдайы  төмен болса,  артқы адам қарап  жүру үшін  жаралы 

адамның    басын  ілгері    салады.  Қажет  болса,    ауру  адамды  зембілмен    алмай-ақ    сонымен   

ауруханаға аттандырады.   

2. Тасымалдау əдістері 


Жарақаттанған  адамды  жалпақ  тақтайға  ,  есікке  ,  баспалдаққа,  жинамалы    койкаға    салып  алып 

жүруге  болады.  Тар  өтуі  қиын    жерлерден    адамды  жіппен   тартып шығарады.  Адам  жанымен  не 

шалқасымен   шығарады.  

Алып  жүру  үшін    лямка    пайдалануға  болады.  Немесе  екі  адамның  қолынан    кілт  жасайды.    Бұл 

кілтпен  есінен айырлғандары  немесе  қолы,  аяғы  жарақаттанғандарды  алып шығады. 

  Ауруханаға    арнайы    көлікпен      апаратын  болса,  əуелі    жоғары  қабаттағы  ,  кейін  төменгі  

қабаттағыларды  орналастырады. 

   Егер  жүк машинасымен  апаратын болса,   машинаның үстіне  қалыңдығы 10 см  топырақ төсеп,  

носилкаларды    солардың  үстіне  орналастырады.  Арбамен  не    шанамен  апаратын    болса  да  шөп 

салынады.  Жол бойы оларды  үнемі  бақылап отыру керек, жəйлі салып  ауруханаға жеткізеді. 

   Жұқпалы  аурумен    ауырғандарды    санитарлық    не  арнайы    автомобильдермен    алып  жүреді.   

Жұқпалы  аувруларды    кез  –келген көлікке    отырғызуға  болмайды.  Бұл  ауруларды  алып  жүргенде  

түктіретін ыдыстар,  тазалайтын  дезинфекциялық  дəрі-дəрмектер болуы керек,  қажет  болғанда  

көмек көрсететін   медикаменттер  болуы тиіс. 

    Жұқпалы  ауруларды    алып  келе  жатқан    санитарлардың  үстіне  ақ  халаттары  ,  басында  ақ 

орамалы , мұрын ауыздарын  респираторлармен немесе  дəкемен  жауып  жүреді.  Оларды емханаға  

орналастырғаннан  кейін  өздері  санитарлық  тазалықтан  өтеді.                     

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Зақымдану əдістерін атаңыз. Зақымданған адамға 

көрсететін алғашқы көмегіңіз қандай. 

Пайдаланған əдебиеттер: 1. Арпабеков 

2. Рустенова 258-261,248-254 беттер 

3. 148-149, 144-146 беттер 

4. 300-303, 320-321, 311-316 беттер 



 

Дəріс-11 

 

Тақырыбы: Жəндіктер, жануарлар жəне өсімдіктер уымен уланған кездегі алғашқы көмек  . 

Мақсаты:Жəндіктермен  , өсімдіктер мен уланған адамдарға көмек көрсетіп емдеу. 

Негізгі сұрақтар: Саңырауқұлақтармен уланған кездегі алғашқы көмек. Өсімдіктермен 

уланған  кездегі алғашқы көмек 

1. 

Қысқаша  мазмұны:  Саңырауқұлақтармен  уланған  кездегі  алғашқы  көмек.  Улы 

саңырауқұлақтардың  түрлері.  Улы  саңырауқұлақтардың  уы  адамның  ішек-қарын  жолында 

бұзылмайды жəне қорытылуы да тұрақты. Улануған кездегі жалпы белгілері. Мұндай уланған кезде 

мүмкіндігінше  асқазанды  жуып  (бірнеше  рет  0,5-1  л  шамасында  жылы  су  ішкізіп,  тіл  түбін 

саусақпен  басу  арқылы    құсқызу.)  жəрдем  береді.  Асқазанды  жуғаннан  кейін  30-40  таблетка 

активтелген көмір беріп, дереу ауруханаға жеткізу керек. 



Өсімдіктермен уланған  кездегі алғашқы көмек Улы өсімдіктердің түрлерімен танысу. Жалпы 

улану белгілері: ауыз кеберсіп, жұтыну бұзылады, жақыннан көріп, көз бұлдырайды, жарықтан 

қорқып, жүрек соғуы жиелейді, демігіп бас ауырады. Əдетте тері қызарады. Көздің қарашығы 

үлкейеді. Жүріс бұзылып, жүйке тозуы жəне елес қосылады. Зақымданушының сөзі байланыссыз, 

ойы келтеленеді. Алғашқы көмек. Асқазанды марганцовканың əлсіз ерітіндісімен жуу, 30-40 

таблетка активтелген көмір ішкізіледі. Дереу жедел жəрдем шақыру 



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Сандай улы саңырауқұлақтарды білесіз. Өсімдіктермен 

уланған адамға қандай көмек көрсетесіз. 

Пайдаланған əдебиеттер: 

1. Арпабеков 

2. Рустенова 258-261,248-254 беттер 

3. 148-149, 144-146 беттер 

4. 300-303, 320-321, 311-316 беттер 

 

Дəріс-12 



 

Тақырыбы: Өмір жəне өлім белгілері. Реанимация  əдістері. 

Мақсаты:Жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау, көп 

қиналудан  асқыну  мүмкіндігінен  сақтандыру, жарақат немесе  зардаптарының  жеңілденуіне 

мүмкіндік жасау. 

Негізгі сұрақтар:1. Кома, коллапс, талма кезіндегі алғашқы көмек.2. Естен тану (шок) ұғымы. 

Дəрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек.  

1. 

Қысқаша мазмұны: Кома, коллапс, талма кезіндегі алғашқы көмек.  Талып қалу 

(талықсу) – адам миының   қансыздануынан естен кенеттен уақытша айырылуы. Бұны көбінесе 

психикалық жарақат деп аталады. Бұл қанның аздығынан, ыстық жерде көп отырудан, ашығудан 

болады. Дəрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатты басын денесінен төменірек етіп 

жатқызған жөн. Бұл бас миына қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Коллапс – лат. – 

құлаған бұл талықсуға қарағанда ауыр болып келеді. Ол өмір үшін қауіпті, қан қысымының өмірлік 

маңызды органдарындағы қан айналымының нашарлауынан болады. Өте көп қан кеткенде, өткір 

инфекциялық аурулар, улану кезінде болады. Коллапс кезіндегі алғашқы көмек. 



2. 

Естен тану (шок) ұғымы. Дəрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек. Естен тану  - орталық 

жүйке жүйесінің қызметінің күрт нашарлауының нəтижесінде  дамып, қан айналым, зат алмасу 

жəне басқа  тіршілік үшін маңызды қызметінің бұзылуына əкелетін ауыр жағдай. Əсіресе  сүйек 

зақымданғандағы жұмсақ ұлпалардың   көптеп  жаншылуынан, күюден , қан көп кеткендегі дененің 

суынуынан, қорыққаннан болады. Жарақатты естен танудың екі фазасы болады. 1.Қозу фазасы 2.  

Тежелу фазасы. Жарақатты естен тану өту ауыртпалығына байланысты төрт дəрежеге бөлінеді.  

Естен тануға көрсетілетін шаралар. 

 

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Кома дген не. Одан шығудың қандай жолдары бар. Дəрігер 

келгенге дейінгі алғашқы көмек қандай. 

Пайдаланылған əдебиеттер: 

1. Арпабеков 

2. Рустенова 264-267, 279-286 б. 

3. 114-116, 143-144 б. 

4. 279-287, 322-324 б. 

 

Дəріс-13 



 

Тақырыбы: Өмір жəне өлім белгілері. Реанимация  əдістері. 

Мақсаты: Жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау, көп 

қиналудан  асқыну  мүмкіндігінен  сақтандыру, жарақат немесе  зардаптарының  жеңілденуіне 

мүмкіндік жасау. 

Негіізгі сұрақтар: 1.Биологиялық жəне клиникалық өлім түсінігі. 2. Жүрек жұмысын 

қалпына келтіру жəне өкпеге қолдан тыныс алу  

шараларын жасау əдістері.   

Қысқаша мазмұны: Биологиялық жəне клиникалық өлім түсінігі Негізінен адамда екі түрлі 

өлім болады. Биологиялық жəне клиникалық. Биологиялық өлім бірнеше белгілермен сипатталады.  

Адам өмірімен өлімнің шекарасы термикалық күй деп аталады.  Оның өзі үш сатыдан тұрады. 

Клиникалық өлімнің бірнеше белгілері бар. Клиникалық өлімнің ұзақтығы 4-6 минут, төменгі 

температурада 30-40 минут. Клиникалық өлімді анықтаудың қарапайым тəсілдерін төртке бөледі. 1. 

Естен танып жатқанынан толық көз жеткізу. 2. Жарыққа қарашықтың тітіркенуін тексеру. 3. Тыныс 

алудың жоқтығын анықтау. 4. Ұйқы артериясынан тамыр соғысының жоқтығын анықтау. Жүрек 

жұмысын қалпына келтіру жəне өкпеге қолдан тыныс алу  

шараларын жасау əдістері.  

Жүрек жұмысын қалпына келтіру  əдістері: 1. Прекардиальді соққы əдісі – қарапайым бірақ тиімді 

əдіс.   Соққы қысқа жəне тез жасалуы керек..Егер жүрек жұмыс жасап кетсе  

өкпенің 


жұмысын қалпына келтіру əдістері жасалу қажет. Егер нəтиже  

бермесе  жүрекке жанама 

массаж əдісі қолданылады. Жүрекке жанама  

массаж əдісі  минутына 50-60 рет жасалады. Басу 

тереңдігі 3-4 см.  

Өкпенің жұмысын қалпына келтіру əдістері: Сильвестер, Калистов,  Говерт 

əдістері 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет