Педагогикалық қызметтің құрылымы мен мәні


Кәсібилікті маманның дамуының әртүрлі бағыттарымен қатыстырып, кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі анықталады: арнайы, әлеуметтік, жеке, дара



бет6/8
Дата07.06.2023
өлшемі452,11 Kb.
#99572
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
M0x8vzu-lzA6-XanmzxtVQ

Кәсібилікті маманның дамуының әртүрлі бағыттарымен қатыстырып, кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі анықталады: арнайы, әлеуметтік, жеке, дара.

  • 1. Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.
  • 2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.
  • 3. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.
  • 4. Дара (индивидуальды) кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің келесі компоненттерін бөлеміз: мотивациялық-еріктік, функционалдық, қарым-қатынастық және рефлексиялық.

  • Мотивациялық-еріктік (мотивация – себептер жүйесі) компонентке мотивтер (себептер, дәлелдер), мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың болуын білдіреді.
  • Функционалдық (лат. functio – орындау) қандай да бір педагогикалық технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.
  • Қарым-қатынастық (коммуникативтік) (лат. communico – байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын) құзыреттілік компонентіне ойын анық, нақты жеткізе білу, көз жеткізе білу, дәлелдеу, дәлел құра білу, талдау, ойын айта білу, рационалды және эмоционалды ақпаратты жеткізе білуі, өзара қарым-қатынас орната білуі, әріптестер әрекеттерімен өз әрекетін келістіруі, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың озық стилін таңдау, диалог ұйымдастыру және қолдау көрсету енгізіледі.
  • Рефлексиялық (лат. reflexio – артына назар аудару) компоненті өз қызметінің және өз дамуының, жеке жетістіктерінің деңгейінің нәтижесін саналы бақылай білумен; креативтілік, алға ұмтылушылық, серіктестікке бағытталу, шығармашылық, өзіндік талдауға бейімділік сияқты қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастырумен анықталады. Рефлексиялық компонент жеке жетістіктердің бағыттаушысы, адамдармен қарым-қатынаста жеке мағынаны іздеу, өз-өзін басқару, және де өз-өзін тануды, кәсіби өсуді, шеберлікті жетілдіруді, мағыналы шығармашылықты қызметті оятушы және жұмыстың дара стилін қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет