Әдіснама — бұл ғылыми таным әдістерін зерттеу мен өңдеуге бағытталған ғылыми-танымдык іс-әрекет теориясы Ғылыми әдісті анықтау қиындық тудырады, яғни бұл оның көптігімен, көптүрлілігімен ерекшеленеді. Ғылыми тәсіл — алға койылған зерттеу міндеттерін шешу үшін субъек және танылатын объект арасындағы өзара байланысты камтамасыз ететін тәсілдер, талаптар мен нормалар, ережелер мен амалдар, техникалық кұралдар мен жабдықтар жиынтығы. Басқа сөзбен айтар болсақ, ғылыми тәсіл теориялық тұрғыда негізделген танымдык нормативтік құрал болып табылады.
Әдіснама- бұл теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен кұрудың бастапкы жетекші принциптері, тәсілдері мен кұралдарының жүйесі және соцдай-ақ осы жүйе туралы ілім. Бір сөзбен айтатын болсак, әдіснама - әлемді ғылыми тұрғыдан танудың әдістері туралы ілім.
Педагогика ғылымының әдіснамасы дегеніміз - педагогикалық шындықты ұғыну мен басқаруды ұыймдастру ,жоспарлау,реттеу, әдістері, формалары туралы ілім. Кез келген ғылымның әдіснамасы зерттеу міндеттері, зерттеу әдістерінің жиынтығы және талдауға алынатын объекті мен пән туралы зерттеу компоненттерінің жалпы сипатын білдіреді және зерттеу міндеттерін шешудегі іс-әрекеттін кезендері туралы қалыптастыруға негізделген.
Басқару әдісі-педагогикалық менеджмент оның негізгі функцияларының іске асыруындағы қойылған мақсаттарының іске асуы. Педагогикалық менеджмент әдістерінің төрт түрі. Ынталандырудың экономикалық әдістері. «Әркімнің қабілетіне,әркімге еңбегіне қарай» маңызды ұстаным. Педагогикалық қызметкерлердің санға және еңбек сапасындағы сәйкестіктеріне орай экономикалық ынталандыру әдістерін жетілдіру. Әкімшілік әдістер. Орындау қызметіндегі уақыттың шектелуін нұсқаулау, бұйрықтар талаптар және т.б. түрлеріндегі орындаушыларды инструкциялау және нормаға келтіру. Басқарудың автократиялық стилін қалыптастыру. Психология – педагогикалық әсерлердің әдістері.
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);
- əкімшілік – ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);
- психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік –психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп жарғысына ендіріледі.