«Педагогикалық қолдау» ұғымы


Педагогикалық қолдаудың тәрбие үдерісіндегі тиімді жағдайлары



бет2/3
Дата18.10.2023
өлшемі16,98 Kb.
#117972
1   2   3
3.2. Педагогикалық қолдаудың тәрбие үдерісіндегі тиімді жағдайлары

Педагогикалық қолдауда педагогикалық әдепте негізгі орын алады. Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастың бір түрі. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Яғни бір кісінің басқа кісілермен инабатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы әдептіліктің нышаны болыптабылады.


Әдептілік турашылдық, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз ақтауға қарсы тұру тілегі, ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірбандық көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет қылу тілегі, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзгелердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды.
Қарым-қатынас стилі – мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен шығармашылық іс - әрекеттер, білім, білік дағды, тәлімдік тұрғыда алмасуы, мұғалімнің бағалаушылық әрекетіндегі табыстылығы қамтылады.
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің педагогикалық үдерістегі іс - әрекетінің, қарым – қатынастағы мәдениеттілігі, әділеттілігі, адалдығы т.б., адамға тән рухани-адамгершілік құндылықтардың бойынан табылуы.


3.3. Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау.

Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдауда өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б. негізгі орын алады. Педагогикалық қолдауда өзін-өзі тану оқушыларға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Философ Ж.Ж.Молдабеков “адамгершілікті қалыптастыратын игілікті адам алдымен ана тілі арқылы қабылдайды, бағалайды. Адамның өзін танудың, өзгемен теңесудің өтімді құралы деп атап көрсетеді.


Ғалымның нақтылауы бойынша адамгершіліктің қалыптасуы адамның өзін-өзі тануында екенін тоқтала келе, өзін-өзі танудың негізгі ұстанымдарын атап көрсетеді:
Өзін тану–адамның өзімен - өзі сұхбаттасуы арқылы шындыққа талпынуы, адамның өмірдегі өз орнын іздестіруі, адамның өн бойындағы қабілет – қасиетті көрсетпек әрекеті.
Өзін тану – адамның өзін өзгемен салыстыра пайымдауы, бағалауы және бір тоқтамға келуі. Ол – адамның өзі туралы сауатын ашуы, білімін үнемі жетілдіруі.
Өзін тану – адамның өмірі туралы өз көзқарасын дәлелдемек ынтасы, өзін - өзі тәрбиелеудің жолы мен бағыты. Ол болмыстағы бар мен болатын нәрсенің арасын дәйектейтін кезең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет