Педагогикалық өлшемдер тұлғаның сапасын сандық тұрғыда бейнелеу процесі ретінде де айқындалады.
F.M.Lord және M.Novick өлшемді өлшеу сапасына қарай сандық
шкалада шынайы бейненетін сандар түрінде көрсетеді.
Педагогикалық өлшемдер үшін: өлшем объектісі (айнымалы өлшемдер), өлшем процедурасы, өлшеу құралдары мен шкаласын анықтау қажет.
Өлшеу объектісі бір немесе бірнеше өлшенетін физикалық шамалармен сипатталатын дене (физикалық жүйе, процесс, құбылыс және т.б.). Мысалы, температураны өлшейтін технологиялық процесс; координаттары өлшенетін жер серігі. Бұл барлық өлшеу нысандары.
Педагогикадағы айнымалы өлшемдер айқын сипатқа ие емес. Мұндай айнымалылар латентті (анық емес) деп аталады, яғни тікелей өлшеу мүмкіндігі аз.
Айнымалылық тапсырмалар жиынтығы түрінде және тек қана тест орындаудың нәтижелеріне талдау жасау барысында көрінуі мүмкін.
Өлшеу құралдары (орыс. измерительные средства) — сыртқы және ішкі өлшемдерді өлшеуге арналған, тетіктерді белгілеуге арналған аспаптар. Өлшем нәтижелері міндетті түрде қойылған мақсаттарға барабарлығына, дәлділігіне,тиімділілігіне қатысты бағаланады. Өлшем рәсімі- эмпирикалық референттермен (тапсырмалармен) өлшенетін сипаттамалардың сандық бағаларына өтуге мүмкіндік беретін операциялар жиынтығы.
Педагогикалық өлшемдердің мақсаты қарастырылатын, қызықтырған құбылыс туралы сандық эквиваленттерді алу. Педагогикалық өлшемдер теориясының негізгі пәні-оқушылар мен студенттердің дайындық деңгейі мен құрылымын, сондай-ақ білім беру және өз бетімен білім алу іс-әрекеттерінің тиімді және сапалы көрсеткіштерін өлшеу үшін сапалы тестерді, тапсырмаларды әзірлеу.
Өлшеу құралы екі компоненттен тұрады тест нәтижелерін бекітуге арналған шкалалар өлшеу нәтижелерін бекітуге арналған шкалалар Педагогикалық тест-бұл тест тапсырмалары жүйесінен, нәтижелерді өткізу, өңдеу және талдаудың стандартталған рәсімінен тұратын оқушылардың білімін бағалау құралы
“Шкала – зерттелетін құбылыстардың, процестердің әр түрлі қасиеттері арасындағы қатынастар қандай да бір жиындардың, әдетте – сандар жиындарының қасиеттеріне аударылған сандық жүйесі”.
Шкала - өлшенетін шаманың сандық мәнін табуға арналған өлшеуіш аспаптың қатарласа тізілген белгілері (сызықтары) мен оларды бойлай орналасқан сандық таңбалары бар бөлігі.