«Педагогикалық өлшемдер»



бет3/3
Дата14.10.2023
өлшемі176,67 Kb.
#114625
1   2   3
Байланысты:
1 лек педагогикалық өлшемдер

Педагогикалық өлшемдер тұлғаның сапасын сандық тұрғыда бейнелеу процесі ретінде де айқындалады.
F.M.Lord және M.Novick өлшемді өлшеу сапасына қарай сандық
шкалада шынайы бейненетін сандар түрінде көрсетеді.
Педагогикалық өлшемдер үшін: өлшем объектісі (айнымалы өлшемдер), өлшем процедурасы, өлшеу құралдары мен шкаласын анықтау қажет.
Өлшеу объектісі бір немесе бірнеше өлшенетін физикалық шамалармен сипатталатын дене (физикалық жүйе, процесс, құбылыс және т.б.). Мысалы, температураны өлшейтін технологиялық процесс; координаттары өлшенетін жер серігі. Бұл барлық өлшеу нысандары.
Педагогикадағы айнымалы өлшемдер айқын сипатқа ие емес. Мұндай айнымалылар латентті (анық емес) деп аталады, яғни тікелей өлшеу мүмкіндігі аз.
Айнымалылық тапсырмалар жиынтығы түрінде және тек қана тест орындаудың нәтижелеріне талдау жасау барысында көрінуі мүмкін.
Өлшеу құралдары 
(орыс. измерительные средства) — сыртқы және ішкі өлшемдерді өлшеуге арналған, тетіктерді белгілеуге арналған аспаптар.
Өлшем нәтижелері
міндетті түрде қойылған мақсаттарға барабарлығына, дәлділігіне,тиімділілігіне қатысты бағаланады. Өлшем рәсімі- эмпирикалық референттермен (тапсырмалармен) өлшенетін сипаттамалардың сандық бағаларына өтуге мүмкіндік беретін операциялар жиынтығы.
Педагогикалық өлшемдердің мақсаты
қарастырылатын, қызықтырған құбылыс туралы сандық эквиваленттерді алу. Педагогикалық өлшемдер теориясының негізгі пәні-оқушылар мен студенттердің дайындық деңгейі мен құрылымын, сондай-ақ білім беру және өз бетімен білім алу іс-әрекеттерінің тиімді және сапалы көрсеткіштерін өлшеу үшін сапалы тестерді, тапсырмаларды әзірлеу.
Өлшеу құралы екі компоненттен тұрады
тест нәтижелерін бекітуге арналған шкалалар
өлшеу нәтижелерін бекітуге арналған шкалалар
Педагогикалық тест-бұл тест тапсырмалары жүйесінен, нәтижелерді өткізу, өңдеу және талдаудың стандартталған рәсімінен тұратын оқушылардың білімін бағалау құралы
Шкала – зерттелетін құбылыстардың, процестердің әр түрлі қасиеттері арасындағы қатынастар қандай да бір жиындардың, әдетте – сандар жиындарының қасиеттеріне аударылған сандық жүйесі”.
Шкала - өлшенетін шаманың сандық мәнін табуға арналған өлшеуіш аспаптың қатарласа тізілген белгілері (сызықтары) мен оларды бойлай орналасқан сандық таңбалары бар бөлігі.

Педагогикалық өлшемдегі этика

- қоғамдық-кәсіптік ұйымдардың педагогикалық өлшем процесін басқаруы;

- тестілеудің және басқа да өлшем түрлерінің еріктілігі;

- сыналушылардың, ата-аналардың, мектептердің, жоғары оқу орындарының және білім беруді басқару органдарының өзара әрекетесуі (серіктестік);

- педагогикалық өлшем үдерісінің барлық қатысушыларының этикалық нормаларды міндетті түрде сақтауы. Батыста бар нормаларға ұқсас нормалар.

- педагогикалық өлшем нәтижелерінің сыналушыларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға ашықтығы


Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет