4. А.К.Маркова бойынша кәсіби сапалар:
педагогикалық эрудиция (білімдарлық);
ғылым салаларын терең меңгеру;
педагогикалық мақсат қоя білушілік ;
педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;
педагогикалық интуиция (сезімталдылық);
педагогикалық импровизация (суырып салмалық,жанынан жедел шығару, шешім қабылдау);
педагогикалық байқағыштық;
педагогикалық көрегендік.
Митина Л.М бойынша кәсіби сапалар:
әдептілік;сыпайылылық;сезімталдық; тәрбиелілік, зейінділік, ізденімпаздық, шыдамдылық, адамгершілік, іскерлік, тәртіптілік, белсенділік, саяси сауаттылық, сыншылдық, патриоттық, болжағыштық, өзбеттілік, принципшілдік, батырлық, кешірімшілдік, кішіпейілдік,балаға деген сүйіспеншілік.
М.М.Мұқанов бойынша педагог мамандығына лайықты сапалар:
педагогикалық идеялық сенімі, педагогтың қабілеті, педагогтың ұстамдылығы, әділеттілік және абырой;
Мұғалімнің кәсіби қасиеттері:
Ұйымдастырушылық – ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, өзіндік сын, т.б.
Коммуникативтік – зейінділік, қайырымдылық, ашықтық,мейірбандық, қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.
Экспрессивті –перцептивті - - байқағыштық , креативтілік, интеллектуалдылық , белсенділік,зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сыншылдығы,икемділік.
Кәсіби қабілеттілігі.
Дене және психикалық денсаулығы – эмоционалды- еріктік тонустың жоғарылылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елгезектік.
Педагогтың субъективті қасиеттері (П.Ф.Каптерев бойынша):
Объективті мазмұндағы: мұғалімнің пәні туралы білімі (меңгеруі) , ғылыми дайындығы,қосымша пәндер туралы білімі; пәннің методологиясымен, дидактикалық принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру.
Субъективті мазмұндағы: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері.
Педагогтың субъективті қасиеттерін анықтаушы бағыттар (Роджерс бойынша):
Гуманистік бағыт – ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл аударуы;
Эгоцентрлік бағыт - ұстаздың тек өзінше, өз мүддесіне, қажеттілігіне назар аударуы;
Бюрократтық (төрешілдік) бағыт - ұстаздың әкімшіліктің нұскауларын, жоғарыдағы келген құжаттарды өзіне бағыт етуі.
Конформистік бағыт - ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас жасауға негізделуі.
Авторитеттік бағыт - ұстаз оқушының ата-аналарына, олардың қоғамдағы орнына сүйенуі.
Когнитивтік бағыт - ұстаздың өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенуі.
Достарыңызбен бөлісу: |