Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары


-кезең. Шеберлік - әртурлі іскерлікті шығармашылықпен қолдану. 3



бет25/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

5-кезең. Шеберлік - әртурлі іскерлікті шығармашылықпен қолдану.
3. Қабілет - алған білімді белгілі бір іске нәтижелі етіп жұмсай білуінде және сол ісін белгілі бір дәрежеде дағдыға айналдыра білудегі адамның индивидуалдық психологиялық ерекшеліктері.
Нышан - қабілетгің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда туа пайда болатын нерв қызметінін ерекшелігі.
Дарындылық - нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттін түрі.
Талант - белгілі іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қабілет.
Кемеңгерлік - шығармашылық қабілеттің ең жоғарғы деңгейдегі көрінісі.
• Негізгі педагогикалық қабілеттілік сапалары:

Педагогикалық қабілеттілік (В.А. Крутецкий бойынша):

  1. Дидактикалық қабілеттілік - оқу материалын оқушыға нақты, түсінікті етіп бере білу; пәнге қызығушылық тудыру; белсенді ой тудыру. Қиын материалды жеңіл, түсініксізді-түсінікті етіп бере білу қабілеттілігі. Окушыны өзбетімен еңбек етуге үйрету, білім алуға жол сілтеп отыру.

  2. Академиялық қабілеттілік - нақты ғылым бойынша (математика, физика, биология, әдебиет) қабілетті мұғалімнің өз пәнін, курсын көлемі бойынша ғана емес, терең де ауқымды түрде меңгеруі, ғылыми жаңалыктарды үнемі бақылап отыру, шағын болса да ғылыми жұмыс атқару;

  3. Перцептивті қабілеттілік - окушының ішкі жан дүниесіне үңіле білу қабілеттілігі; психологиялық байқағыштық, түсіну, талдау.

4.Сөйлей алу қабілеттілігі – ойды нақты, анық, түсінікті түрде жеткізе алу қабілеттілігі, мимика, понтомимиканы қолдану. Ұстаз сөзі үнемі оқушыларға арналуы керек.
5.Ұйымдастырушылық қабілеттілігі- оқушы ұжымын ұйымдастыру ; өзінің ұйымдастыру жұмысын дұрыс жүргізу.
6.Беделдік қабілеттілігі.Оқушылар арасында беделге ие болу.
7.Коммуникативті қабілеттілік. Оқушылармен қарым-қатынастың жолдарын дұрыс табу.
8.Педагогикалық қиял немесе прогноздық қабілеттілік. Оқушының болашағын болжау.
9.Зейін бөлгіштік қабілет. Бір мезгілде ұстаздың бірнеше әрекетті атқара алуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет