Баға қою. Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру.
Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
• толық біледі (өте жақсы);
• жеткілікті біледі (жақсы);
• жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
• білмейді (қанағаттанғысыз).
Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі);
• жеке тапсырмалар беру;
• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
• оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;
• бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
• тестілік бақылауды жиі қолдану.
Сонымен, баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі. "5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.
"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады[4].
Оқыту үрдісін басқару мәселесі. Көптеген психологтар оқыту үрдісін сараптай отырып, ол жеткілікті түрде басқарылатын үрдіс емес екендігін айтады. Алайда, оны еш басқарылмайтын, кездейсоқ қалыптасатын үрдіс ретінде белгілеу қате болар еді – мақсатқа бағытталған оқытуға қарама-қайшы келеді. Бірақ оқытуды мұғалім ұйымдастырады, жүргізеді және бағыттайды деген дәлелдеме ол жеткілікті түрде басқарылатын, реттелінетін үрдіс дегенді білдірмейді. Барлық тиімді шарттарды ұстана отырып, басқарылатын оқыту деп біз әрбір баланың қозғалуындағы әрбір қадамы бақыланып отыратын, әрбір оқушы жұмыстың әрбір кезеңінде белгілі бір білімдерді қалай игеретіні немесе жаңа материал алдынғы материалдың игерілу сипатына қарай берілген кезіндегі әрбір оқушының белгілі бір дағдылар мен біліктерді игеру мүмкіндігін мұғалім бақылап отыратын оқытуды ғана айта аламыз. Әрине, мұғалім оқыту үрдісі кезінде әрбір сәтте барлық детальдер мен буындарды және әрбір оқушыны қамти отырып, олардың білімдерді игеру үрдісі мен ақыл-ой дамуының жолдарын бақылай алмайды. Және бұл қазіргі заманғы оқыту үрдісінің айтарлықтай кемшілігі. Мұғалім, тек оқушылардың материалды қалай игергендігі туралы жалпылық сипаттағы көзқарасқа ие болады, білім беруде ол, әдетте, әрбіреудің жеке қасиеттеріне емес, орташа оқушыға бағдарланады.
Оқытуды қалайша басқарылатын үрдіс етіп жасауға болады?
Мүмкін болатын жолдардың бірі – игеру үрдісін тапсырылған үрдіс ретінде арнайы ұйымдастыру. Бұл бағытта анағұрлым зерделенген жүйе ретінде, П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру теориясына негізделген жүйе көрінеді. Бұл теория ақыл-ой әрекеттерін қалыптастырудың өзгешелігі туралы А.Н.Леонтьевтің зерттеулерінде дамытылған, Л.С.Выготскийдің ұсыныстарына негізделген. Бұл теория адамның психикалық әрекеттерінің қалыптасуының жалпы теориясының құрама бөлігі болып табылды. Бұл теорияға сәйкес, адамның онтогенетикалық дамуында әрекеттердің интериоризациялану үрдісі – сыртқы әрекеттердің біртіндеп ішкі, ақыл-ой әрекеттеріне айналу үрдісі жүзеге асады.