Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары


Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары



бет30/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
1.Оқу әрекеттерін қалыптастыру деңгейін анықтау.
2. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
2. Қабілеттіліктің дамуы
3.Репетиторлық жұмыс, оның пайдасы немесе оқушыға әсері


Әдебиеттер:

  1. Муканов М.М. Когнитивный тренинг: Психологический практикум для развития мышления. Алматы, 1998.

  2. Рубинштейн С.Л. Жалпы психология негіздері. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 2 т. Алматы, 2005.

  3. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. М., 1981.

  4. Пиаже. Ж. Пиаже іліміндегі бала қиялы мен сөйлеуінің проблемасы. Психология. «Адамзат ақыл-ойының қазынасы». 10 томдық. 1 т. Алматы, 2005.

  5. Солсо Р. Ұғымдарды қалыптастыру. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 7 т. Алматы, 2006.

  6. Гальперин П.Я. К исследованию интеллектуального развития ребенка. М., 1995.

  7. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.1. М., 1996.

  8. Рубцов В.В. Оқыту процесінде балалардағы бірлескен әрекеттердің ұйымдасуы мен дамуы. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 6 т. Алматы, 2006.

  9. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.



Өзін-өзі бақылау және сабақты нақтылауға арналған сұрақтар:

1. Адамның белсенділігінің маңыздылығы, оқушы әрекетімен байланыстыру


2. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері
3. Баланың қабілетін оята алатын жұмыстар.
4. Бала дарынды болу үшін қандай қасиеттер болу шарт?


12- дәріс. Оқу педагогикалық еңбектестік. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы. Еңбектестіктің оқу іс әрекетіне ықпалы

Оқушының білімін,іскерлігін,дағдысын диагностикалау білім жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, білік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.


Білім, білік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
•әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
•оқушылардың білім, білік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
•оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
•білім, білік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
•байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
•мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
•бағаның әділ қойылуы;
•оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
•әр тақырыпқа мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
•бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік білік және дағдыларға жаттықтыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет