Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары



бет8/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Эксперимент – психологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Эксперименттің қолданыла бастағанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Эксперимент табиғи және лабораториялық болып екі түрге бөлінеді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның тұрмыс-тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның (оқушының) қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабораторияларда жүргізіледі.
Мысалы, батылдық және қайсарлықты анықтау үшін психолог Т.И.Агофонов табиғи тәжірибе арқылы анықтады (оқушыға нақты бір тапсырма беріледі, сол тапсырманы орындау кезеңінде қалай жұмыс жасайтынын, қиындықтарды қалай жеңетінін, іс-әрекетін қалай жоспарлайтынын, тапсырманы өзі орындай ма, әлде басқалардан көмек сұрай ма, осы жағдайда қандай мінез көрсетеді,- солардың бәрін байқайды).
Өзгеруші тәжірибе (оқыту және тәрбиелеу) психикалық көрсеткіштерді құрап, оларды өзгертеді. Мысалы, зерттеуші, оқыту үрдісі барысында қандай жағдайда оқушылардың ақыл-ой, әдіс-айлалары немесе өзіндік жұмыстағы өзін-өзі бақылау, дағдысы немесе қандай тәрбиелік әдістер арқылы холерик темпераментіндегі оқушыларда ұстамдылық қасиеттері құралатыны жайлы зерттейді.
Зертханалық тәжірибе әлі күнге дейін психикалық үдерістерді(ес, қабылдау, қиял, ойлау, т.б.) және ұстамдық пен дағдыларды зерттеу барысында қолданылады. Әртүрлі жастағы оқушыларға мазмұны әртүрлі материалдар (сөздер, суреттер, сандар, т.б.) нақты және абстрактты материалдарды есте сақтауға ұсынып, зерттеушілер жаңғырту мен есте сақтаудың көптеген жас ерекшелік және индивидуалды ерекшеліктерін анықтады. Арнайы таңдалған міндеттерге оқушылармен жасалған шешімнің көрнекі образды компоненттердің және сәйкестігінің жас ерекшелігін және индивидуалды ерекшеліктерін айқындады.
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияда соңғы кездері, әсіресе, оқушылардың қабілеттілігін зерттеуде тест әдісі кең қолданыс тапты. Тест көмегімен зерттеу – бұл тәжірибелік зерттеудің жеке жағдайы. Тест әдісі психологияда 1905 жылдан бастап кеңінен қолданыла бастады. А.Бинэ адамдардың ақыл-ой дамуын өлшеу мүмкіндігі мен жасерекшелік бөлшектігі идеясын айтты, ақыл-ой дарындылығын деңгей бойынша қойды. Мұндай тұлға орнының деңгейін анықтау, іріктеу мақсатында өңделуі керек, «ақыл-ой дарындының», «ақыл-ой төменнен» бөлінуі. Буржуазиялық психологияда, «тез, оңай және арзан» дарындылық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін, өз кезегінде «дарындылық индексі» құралы сияқты тесттерді тізгінсіз жарнамалау басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет