Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары


Оқу іс-әрекеті құрылымындағы бақылау (өзін-өзі бақылау), бағалау (өзін-өзі бағалау)



бет16/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Оқу іс-әрекеті құрылымындағы бақылау (өзін-өзі бақылау), бағалау (өзін-өзі бағалау)
Оқу іс-әрекетінің жалпы құрылымында маңызды орын бақылауға (өзін-өзі бақылау), бағалауға (өзін-өзі бағалау) беріледі. Себебі, кез-келген басқа оқу әрекеті іс-әрекет құрылымында бақылау мен бағалау болғанда ғана реттелетін, ырықты болады. Әрекеттің атқарылуын бақылау кері байланыс механизмімен жүзге асырылады немесе күрделі функционалды жүйе ретінде іс-әрекеттің жалпы құрылымындағы кері афферентация арқылы жүзеге асырылады (П.К. Анохин). Кері афферентацияның екі формасы бөлінеді (немесе кері байланыс) – бағыттаушы және нәтижелеуші. Біріншісі, П.К. Анохин бойынша, негізінен проперцептивтік немесе бұлшық еттің импульсациясымен жүзеге асырылады, ал екіншісі үнемі кешендік болып келеді және де қойылған әрекеттің нәтижесіне қатысты барлық афференттік белгілерді қамтиды.
П.П. Блонский материалды меңгеруге қатысты өзін-өзі бақылаудың көрінуінің төрт сатысын белгілеген. Бірінші саты ешбір өзін-өзі бақылаудың болмауымен сипатталады. Осы сатыдағы оқушы материалды меңгерген жоқ және сондықтан ештеңені бақылай алмайды. Екінші саты – толықтай өзін-өзі бақылау. Осы сатыда оқушы меңгерген материал қайта жаңғыртуының дұрыстығын және толықтығын тексереді. Үшінші сатыны П.П. Блонский таңдаулы өзін-өзі бақылау сатысы ретінде сипаттайды, мұнда оқушы сұрақтар бойынша тек бастысын ғана бақылайды, тексереді. Төртінші сатыда көрнекті өзін-өзі бақылау жоқ, ол өткен тәжірибе негізінде, қандай да бір мәнсіз бөлшектер, белгілер негізінде жүзеге асады.
Өзін-өзі бақылауды оның шет тілін сөйлеуді игеруге араласуы мысалында қарастырайық. Ары қарай келтірілген есту арқылы бақылаудың қалыптасуы схемасында шет тілде сөйлеуге оқытуда төрт деңгей белгілеген. Олардың әрқайсысында сөйлеушінің қатеге қатынасы, сөйлеушінің ұйғарған әрекеттерінің түсіндіруі, яғни есту арқылы бақылау механизмі және қате әрекет жасаушының вербалды реакцияларының сипаты бағаланады. П.П. Блонский бойынша, сөйлеушінің реакциясы өзіндік бақылау деңгейімен теңестірілуі мүмкін.
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет