Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары


Зимняя И.А. Педагогикалық психология. /орыс тілінен ауд. Құсайынова М.А. Алматы:2006. -365б



бет10/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

1.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. /орыс тілінен ауд. Құсайынова М.А. Алматы:2006. -365б.


2. Солсо Р. Қиял. Ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 7-ші т. Алматы, 2006.
3.Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.
4.Давыдов В.В. Іс-әрекет категориясының қазіргі теориялық психологиядағы орны.
5. Тұрманова Ж.Е. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Қарағанды,2013.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. А.,1992
2.В.Богословский ред. Жалпы психология. А.,1980
3.Т.Тәжібаев. Жалпы психология. А.,1993
4.Р.С.Немов. Психология. I том. М.,2002
4 – дәріс. Білім беру процесіндегі адамның даралық тәжірибені игеруі
Оқыту бірлігінің екі жақтылығы білім беру процесіндегі оқу.Педагогикалық психологияда қолданылатын категориялар (ұғымдар): білім беру, оқыту, тәрбие, даму, қалыптасу, меңгеру, оқу іс-әрекеті, біріккен іс-әрекет.
Категория ( грек Kategoria- пікір айту; белгі) – белгілі ақиқаттың құбылыстары туралы қатынас пен мәнді қасиеттерін беретін ғылыми ұғым. Ғылыми әдебиеттерде категориялар термин, ұғым деп те беріледі. Ғылым тілін түсіну үшін категорияларды білу міндетті.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты.
Білім беру мазмұны – «оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі». И.Я.Лернердің анықтамасы.
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі үшін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.
Тәрбие – мәңгілік категория. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді
Әлеуметтендіру - өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге әрекет ету;
Жеке даралық - тұлғаның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, оған ғана тән жеке-психологиялык ерекшеліктер жиынтығы.
Бейімделу(адаптация) - қоршаған орта мен ағза арасындағы байланысты зерттеу кезінде қалыптасады.
«Оқу» терминін психологтар жүйке тетіктері мен негізделген психикалық процестердің жиынтығы ретінде қарастырады. Дидактикада бұл термин оқушының танымдық іс-әрекетіне байланысты қолданылады.
Балалардың психикалық дамуының өрістеу күші қандай? Осы сұрақты дұрыс шешуде оқыту формалары және тәрбие, педагогикалық үрдістің нәтижелілігі осыған байланысты.
Бұл мәселе адам психикасы дамуының табиғи, биологиялық туылғаннан және басқа жағынан алғанда ішкі және сыртқы факторлардың дамуымен сәйкес келеді. Адамда туылғаннан қалыптасқан ерекшеліктері бар (мысалы, көздің көру ерекшеліктері, жүйке жүйенің жұмыс т.б.) сонымен қатар өмірде белгілі бір шарттарға байланысты, әрекеттерге байланысты жүре қалыптасқан тәрбиелік немесе рухани қасиеттер қалыптасатынын мойындайды (адамгершілік). Адам бойындағы қасиеттер ненің әсерінен болады, туылғаннан бастап қалыптасқан қасиеттерден бе? Әлде өмірде кейіннен қалыптасқан қасиеттердің әсерінен бе? Бұл қасиеттер табиғи ма, немесе ол ішкі ерекшеліктердің әсерінен қалыптаса ма? Адамның психикасы биологиялық па әлде табиғи ма?
Жалпы психология адам психикасының толығымен биологиялық күйде тұратынын айтқан, нақтырақ айтсақ, психикалық күйдің табиғатынан бар екенін және ол адаммен бірге туылатынын көрсетеді. Бүкіл адамға және жеке адамға ортақ психикалық ерекшеліктер табиғатымен белгіленген, биологиялық құрылымымен анықталған, және де дамудың жетілу үрдісін көрсетеді. Жеке тұрғыдан қарастырсақ, әр адамның өз мүмкіншіліктерінің дамуы табиғи қормен белгіленген. Соңғы уақыттары, микробиология ғылымының дамуымен гендік механизмдердің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты жаңалықтар ашылуда, мәселен жеке адамның психикалық ерекшеліктері олардың гендеріне туылғаннан енгізіліп қойғаны жөнінде мағлұматтар бар. Ағылшын генетигі Ш. Ауэрбах бұл ойды нақты дәлелдеуге тырысты. Ол әр адамның өз өмірін өз гендерімен бірге қызмет жасап, бірге жүретінін айтты, бұл құбылысты ғалым әр ойыншы қолында карта ұстап бастауымен салыстырады. Кейде бұның кемшілік жақтары болуы мүмкін. Адам ақылының даму деңгейі, ерекше қасиеттері, жеке ерекшеліктері бұның барлығы генетикалық фактормен қоршаған орта факторымен байланыста болып, өзгерістердің болуы. Бұдан шығатын логикалық қорытынды: дарынды адамдардың көбеюі, адамзат баласын жақсы жағынан танытатын тұлғалардың көбеюі:
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде таным үрдістері түйсіктен бастап, қабылдау және ойлаумен аяқталады. Мұның өзінде қарапайым шындық жатыр, адам өзінің қажеттілігінің келісімінсіз еш нәрсені қабылдай да, ойлай да алмайды. Сондықтан қандай да танымдық іс-әрекет құрамына әрекет немесе операция ретінде кіреді, я болмаса ерекше іс-әрекет бойынша қайта құралады.
Туғаннан қалыптасқан деген теория буржуазиялық психологияның көзқарасымен қалып қойған, ондай бала бойында тоқтау, акценттілік, әр түрлі қайшылықтар болады. Көптеген ғалымдар оқушының не нәрсеге қабілетті екенін, және оқытудың нәтижесі болу үшін оқытуды баланың дамуына сәйкес өткізу керек деп тұжырымдаған. Осыған сәйкес балаларды жақсы оқитын және орташа оқитындар,- деп бөлу ыңғайлы болуы мүмкін десе, Англияда «осындай мектеп бар екен, белсенді балаларға арналған мектеп және орташа деңгейдегі балаларға арналған мектеп, бірақ бұл нәрсе жанжалға әкеледі көбінесе», - деген ағылшын педагог психологі Б.Саймон. Жақсы оқитын балалар танымдық деңгейді көтеретін мектептерде оқиды, бұл мектептерді бітірген оқушылар университетке түсе алады, ал қабілеті төмен балалар шығармашылық мүмкіншілігі жоқ оқушылар оқитын қарапайым мектепте орта білім алады, бірақ университетке түсуге жағдайы болмайды, өйткені, ол мектептердің беретін білімі университетке түсуге жағдай жасамайды.
Адамның психикалық дамуын мынадай параметрлерге сәйкестендіре сипаттауға болады: шарттар, пайда болу кездері, қозғаушы күштер, форма, ерекшелік және даму барысы.Дамудың қозғаушы күштері – адам дамуының үдемелі қозғалысын айқындайтын факторлар сол қозғалыстың себептері, болып табылады, оны бағыттайды, өз бойында дамудың энергетикалық және қоздырғыш көздерін ұстайды.
АҚШ та баланың қабілеті мен деңгейін анықтайтын коэффициенттік жүйелік тест құрастырылған .Бұл тест арқылы балалардың деңгейін анықтап алып, мектепке қабылдайды. Ақылды балаларға арналған сыныпта жағдайы жақсы, ауқатты отбасының балалары оқиды, бұл жердегі білім стандарты күрделі және көбінесе өз бетімен орындалатын жұмыстарға көп уақыт бөлінеді. Орташа деңгейлі сыныпта білім беру үрдісі, оқыту үрдісі төменгі деңгейде жүреді. АҚШ та бұл тесттік жүйе біреу үшін бақыт, ал ендігі біреу үшін қайғы деп қабылдайды.
Бірақ қазіргі психологтардың жұмыстарында тәрбие және оқыту жөнінде көп зерттелінген, қоршаған ортаның рөлі, әлеуметтік орта, бұл үрдістердің жүзеге асуы баланың биологиялық потенциалына ерекше байланысты.
Соңғы уақыттары көптеген шетел психологтары 1920-30 жылдардағы америкалық психолог Э.Торндайктың зерттеулеріне жүгінеді. Егер қазіргі заман психологы өз жұмысының нәтижесін көпшілікке ерекше көрсеткісі келсе, ал Торндайк өз жұмысын нақты әрі бәріне түсінікті және ата анаға көмектесу мақсатында жасаған. Э.Торндайк өз еңбектерінде «Арифметиканы оқытудың жаңа әдістері», «Психологияға негізделген оқыту принциптері», деген еңбектерінде оқушының ойлау қабілетін дамытуға, интеллектуалды артуына үлес қосатын еңбектер. Ғалым табиғаттың бала дамуына әсері мол екенін айта кеткен, қоршаған ортаның , тәрбиенің балаға жылдам өз септігін не болмаса керісінше зиянын тигізетінін нақты көрсетіп өтті. «Табиғат әр адамды қымбат капиталмен байытады, тәрбие сол капиталдың қандай жағымды жағы бар екенін анықтауы керек». «Табиғи капитал» дамуға шекара қояды: «Кейбір қатысушылар жоғарғы деңгейге еш көтеріле алмайды, олар қанша тырысқанымен бұл еш септігін тигізбейді.»
Австриялық психолог К.Бюлер баланың тек ақыл ғана емес, адамгершілік қасиетінің дамуының да туылғаннан екенін айтады. К.Бюлер дамудың үш сатысы теориясын ұсынды: инстинкт, дрессура және интелект. Оларды мидың жетілуі және қоршаған ортамен қатынастың күрделенуімен байланыстырып қана қоймай, әрекетпен байланысты қанағаттануды уайымдаудың дамуымен байланыстырады. З. Фрейд және оның көмекшілері адамды басқаратын жылжымалы даму күшін инстинктпен, қажеттіліктен, қызығушылықтан екенін айтады, оның туылғаннан болатынына қарсы пікір көздеді.
Атақты америкалық психолог Д.Дьюи адамның табиғаты қоршаған ортаға тез берілмейді, егер белгілі бір қажеттілк болса ғана соған бағытталады. Буржуазиялық психолог Г.Ревеш «Талант және кемеңгер»
деген еңбегінде 1952 жылы бала бойындағы тұқымқуалаушылық қасиеттерді нақты сипаттап көрсеткен. Ф. Баумгартен «Қабілеттілік және оның мәселелері» деген еңбегінде талантты бала туылғаннан белгілі болады деген. Бұл жұмысы Лейпцигте 1963 жылы жарық көрді. Еңбек капиталының авторы «Дифференциальді психология» деген еңбекті шығарған, А.Анастаси интеллектуальды дамуға балаға берілген тұқымқуалаушылық факторы және әлеуметтік фактор көп әсер етеді деп тұжырымдаған. Адамның психикалық дамуын мынадай параметрлерге сәйкестендіре сипаттауға болады: шарттар, пайда болу кездері, қозғаушы күштер, форма, ерекшелік және даму барысы.
Дамудың қозғаушы күштері–адам дамуының үдемелі қозғалысын айқындайтын факторлар сол қозғалыстың себептері, болып табылады, оны бағыттайды, өз бойында дамудың энергетикалық және қоздырғыш көздерін ұстайды. Дамудың шарттары – ұдайы әрекет үстіндегі ішкі және сыртқы факторлар. Олар дамудың қозғаушы күштері ретінде әрекет етпегенімен, дамуға ықпалын тигізді, оның барысын бағыттайды, динамикасын қалыптастырып, дамудың қайнар көздерін айқындайды. Психология ғылымында психикалық даму параметрлерінің мәнін түсінуде айырмашылықтар орын алған.
Психологтардың пікірінше, орта – дамудың қайнар көзі, қоғаммен қарым-қатынасқа түспей, субьект - бүкіл адамзаттың рухани игілігі болып табылатын сапалық қасиеттерді өз бойында дамыта алмас еді. Осыған байланысты, бала дамуы заңдардың ықпалына емес, қоғамдық – тарихи заңдар ықпалына бағынады. Дамудың биологиялық жолы түрдің қасиеттеріне тұқым қуалаушылық заңдылығымен ие болуы және жеке тәжірибе арқылы жүзеге асады. Адам бойында қоршаған ортада өзін-өзі ұстау мәнерінің туа біткен формасы жоқ. Оның дамуы іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формалары мен әдістеріне ие болу арқылы алға басады. Бала қоршаған ортаға бейімделмейді, оны иемденеді. Иемдену – адамның тарихи қалыптасқан қасиеттерін, және іс-әрекеттің әдістерін өз бойына сіңіру арқылы нәтиже беретін үрдіс. 
Басқа бағыттар да психология не болмаса философия секілді ғылымдар баланың психикасына тұқымқуалаушылық, тәрбие, оқыту, даму, әлеуметтік факторлар әсер етеді деп қортындылаған. Әр адам бойында бірдей қасиеттер бар, бірақ соны дер кезінде дамытпағандықтан, ол тез сөніп қалады, мысалы, Пушкин жазушы, Чайковский композитор, Любачевский математик, ал осының бәрі керісінше болуы да мүмкін еді. Адам әр ортада биік деңгейге жете алады, өзін көрсете алады. Бірақ оның психикасында бұзылу құбылыстары көптеп кездескендіктен адам ол қасиетін не шығара алмайды, не болмаса қорқақтық басым рольде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет