Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік



бет3/4
Дата09.11.2022
өлшемі305,92 Kb.
#48729
1   2   3   4
Байланысты:
Пед шеберл-4

Сондай-ақ, педагогикалық мәдениеттің компоненттері былайша жіктеледі: аксиологиялық; технологиялық; эвристикалық; тұлғалық. Аксиологиялық компонент – педагогикалық еңбектің құндылықтарын меңгеру және қабылдаудан тұрады: • Кәсіби педагогикалық білім мен дүниетаным. • Педагогикалық ойлау және рефлексия. • Педагогикалық такт және этика.

Педагогикалық мәдениеттің құрылымында дүниетанымдық компонент маңызды рөл атқарады. 1) Дүниетанымдық компонент педагогикалық тұжырымдарды қалыптастыру процесі мен нәтижесінен, мұғалімнің қызығушылықтары, құндылық-бағдары, ұстанымдарын анықтау процесінен тұрады. 2) Педагогикалық ойлау мәдениеті педагогикалық талдау және синтездеуді дамыту қабілеттерінен және ойлаудың сапаларын (сыни ойлау, дербестік, белсенділік, жылдамдық, байқағыштық, есте сақтау, шығармашылық елестету) дамытудан құралады.

Е. В. Бондаревская, С. В. Кульнеевич бойынша, мұғалімнің жалпы базалық мәдениеттінің мазмұнына жатады: - ақыл-ой және дене еңбегі мәдениеті; - өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу; - өзін-өзі ұйымдастыру мәдениеті; - тұрмыс мәдениеті; - қарым-қатынас және демалыс мәдениеті.


«құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.

Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды.


Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушы-лардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдар-ларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құ-зыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет