Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері: 1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту; 2. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету; 3. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалім: - ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу тиіс; - мамандықты және пәнін жақсы білуі керек; - мұғалімнің өзінің сенетіндегін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергияның болуы қажет.
2. Ғылыми эрудиция, құндылық бағдарлар – педагогикалық мәдениеттің компоненттері
Педагогикалық мәдениет компоненттерінің бірі құндылық бағдарлар болса, негізінен құндылықтық бағдарлар тұлғаның қоғамдағы және әлеуметтік топтағы белгілі бір орнын анықтауға әсерін тигізеді, сонымен бірге топтағы адамның ойлауын, оның қоғамдық келбетін анықтайды. «Құндылықтық бағдарлар» түсінігі көптеген ғылымдар қиылысында дамыды - әлеуметтік жөне мәдени антропология, әлеуметтану, әлеуметтік психология, жалпы психология, құндылық философиясы, аксиология және т.б.
Ал, «құндылықтық бағдарлар» терминіне келетін болсақ, бұл термин 1964-1965 жылдар аралығында пайда болған. Құндылықтық бағдарлану адамдардың әлеуметтік құндылықтарды мақсат етіп қойып, сол мақсатқа жетулеріне тырысуы кезінде көрінеді. Күрделі құбылыс саналатындықтан құндылықтық бағдарлар ғалымдар тарапынан әр қырынан, әр тұрғыдан зерттелген. Антикалық дәуірге шегініс жасасақ, Сократтың айтуынша өмірлік құндылықтар негізінде адамгершіліктік мінезқұлық жатады.
Этиканың негізін салушы Сократ, антикалық философияның негізін қалай тұра жақсылық, адамгершілік және сұлулық не деген сұрақтарға жауап табуға тырысқан. Оның пікірі бойынша, осы негізгі өмірлік құндылықтарға білім арқылы жетудің негізі рухани мінез-құлықта жатыр. Әлеуметтануда В. Я. Ядов, И. С. Кон, Н. И. Лапина, С. Г. Климова т.б. құндылықтық бағдарлар мәселесін зерттеген. П. А. Сорокиннің айтуынша, тарих әр түрлі мәдени жүйелердің циклдық ауысымдарының процесі ретінде қарастырылады. Ал, бүл жерде құндылық қоғамның ең негізгі қозғаушы күші болып табылады.