Педагогикалық технология» термині ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен Англияда қалыптасып, қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Соңғы кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың 50-ден астам жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, кеңінен пайдалануда.