Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері


Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.)



бет35/35
Дата28.09.2022
өлшемі104,04 Kb.
#40673
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.).Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдауда өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б. негізгі орын алады.
Педагогикалық қолдауда өзін-өзі тану оқушыларға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет.
Философ Ж.Ж.Молдабеков “адамгершілікті қалыптастыратын игілікті адам алдымен ана тілі арқылы қабылдайды, бағалайды. Адам-ның өзін танудың, өзгемен теңесудің өтімді құралы, өзін тану–әркімнің өз шаруасының бастамасы, өз шеңберлігінің көрінісі мен қызметі. Сол бағытта адамның өзіне деген талапты күшейтуі, әлеуметтік кәмелеттілікке ұмтылуы”, - деп ұсынған тұжырымдары педагогикалық қолдауда негізгі ұстаным болып табылады.
Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғаара-лық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагоги-калық әдеп және т.б.).Педагогикалық қолдауда педагогикалық әдепте негізгі орын алады. Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастың бір түрі. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Яғни бір кісінің басқа кісілермен инабатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы әдептіліктің нышаны болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет