«Педагогиканы оқыту әдістемесі» Педагогиканың мiндеттерi


Педагогиканың әдiснамалық негiзi және ғылыми  педагогикалық зерттеу әдiстерi



бет3/4
Дата17.09.2022
өлшемі33,78 Kb.
#39319
1   2   3   4
3. Педагогиканың әдiснамалық негiзi және ғылыми 
педагогикалық зерттеу әдiстерi

Педагогика нағыз ғылыми көзқарас болып есептелiнетiн және объективтi дүние танудың, бiлудің және ғылыми бiлiмнің дамуының бiрден бiр әдiсi болып саналатын философия негiзiнде дамиды. Мысалы, диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы ойлануы дамуының заңдылықтарын зерттейдi. Диалектикалық материализм қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогикалық оқиғаларды жалпылама "көшiре" салмай, ол тәрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегi себептi, нәтижелi байланыстарды анықтайды. Тәрбиесiнің болашағын көрсетедi, қоғам өмiрiнiде басқа да оқиғалармен органикалық байланыста қарастырады.
Олар мыналар:
1. Ғылым, техника, мәдениет ағаргу iсiнің мазмұны, бағыты.
2. Халықтың саяси саналылығы мен мәдени дәрежесi, мектеп.
3. Педагогика тәрбие мен педагогикалық идеяларды олардың даму жағдайында қарастырады.
Педагогика ғылымы қоғамдық құрылысқа жаңа жағдайға сай адамның даму заңдылығын зерттейдi.
Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты тәрбие, бiлiм беру, оқыту процестерiнің заңдылықтарын зерттейтiн ғылым.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстер арқылы тәрбие процесiнің мақсаты, ерекшелiктерi негiзi сатылары, басқа құбылыстармен өзара байланысы қарастырылады, олардың заңдылықтары анықталады.
Педагогиканың методологиялық негiзi диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдiс педагогикалық құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмiрдің басқа құбылыстармен байланыста және өзара әрекетестiкте алып қарастыруды талап етедi.
Педагогика үнемi дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесi тәрбие мен бiлiм берудің барлық салаларын ғылыми болжам жасау мақсатында және негiзгi проблемаларды ғылыми-теориялық, практикалық жағынаң терең талдау үшін педагогика ғылымында мынандай зерттеу әдiстерiнің жүйесi қолданылады,
1. Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерде қолданылып жүрген ең көп тараған әдiс. Байқау, ең алдымен, тәжiрибе деректерiн жинау мақсатын көздейдi, байқалатын объектiлердi бөлiп алып, әдетте фактiлер мен белгiлердi тiркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргiзiледi.
2. Әңгiмелесу әдiсi. Педагогикалық зерттеу әдiсi ретiнде өз алдына тәрбие қолданылады және байқау әдiсi мен толықтырылып отырады. Әңгiме әдiсi бұрын белгiленген жоспар бойынша анықталуға тиiстi зерттеу мақсаттарына сай жүргiзiледi. Әңгiмелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, пропорционалды, қорытындысы жасалады.
3. Интервью алу әдiсi. Бұл әдiс педагогикалық әңгiмелесу әдiсiнің бiр тұрi. Айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгiленген сұрақтар бойынша әңгiмелесушiсiнің жауаптары жазып алынады.
4. Сұрақ-сауал әдiсiн қолдануда зерттелiп отырған проблемаға байланысты көпшiлiк пiкiрiн бiлу және осы ұжымдағы әр түрлi әрекеттердің көңiл-күйлердің т.б. мәселелердің объективтi деректерi, субъективтi салыстыру анықталады.
5. Мектеп құжаттарын зерттеу әдiсi. Бұл әдiс оқушының жеке iс қағаздарын, медициналық карталарын, сынып журналдарын, оқушы күнделiктерiн, жиналыстар мен мәжiлiстердің хаттамаларын оқып үйрену, талдау жинақтау мақсатында қолданылады.
6. Педагогикалық экспермент әдiсi. Зерттеу әдiсiнің педагогикалық тиiмдiлiгiн анықтау түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдiстерi мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырлатын әдiс. Педагогикалық эксперименттің мынадай түрлерi бар: табиғи эксперимент, лабораториялық эксперпмент, iздеу мақсатын көздейтiн эксперимент.
7. Педагогикалық процестердi модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдiстердi пайдаланумен байланыста, олар негiзiнен алғанда қарапайым деңгсйде, яғни, озат тәжiрибенi қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға және оны алғаш рет өңдеп, жүйеге келтiруге педагогикалық зерттеу дәрежесiн көтеруге көмектеседi.
8. Зерттеулердің нәтижесiн тәжiрибеге еңгiзу жолдары педагогикалық зерттеулердің ең басты қорытындысы болып есептеледi. Зерттеулердің нәтижесiн тәжiрибеге еңгiзу-бұл тұтас комплекетi шаралар жиынтығы. Үздiксiз, бiрiздi мақсатты түрде жүргiзiлетiн зерттей жұмысының нәтижесiнде айқындалған заңдылықтар, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми баяндамалар арқылы әдiстемелiк құралдар, оқулықтар жасау арқылы, арнайы әдiстемелiк нұсқаулар және ұсыныстар арқылы мектептiн озат тәжiрибесiмен дәлелденiп, тиiмдiлiгi жан-жақты айқындалған зерттеулердің кепiлi болуы керек.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерiн бiлу әрбiр шығармашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмге қажет. Педагогикалык жаңалықтарды, озат тәжiрибенi, ғылыми теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттiк жұмыстар арқылы байқаудан өткiзiп, тексерiп, оның нәтижелерiн шығару тиiмдiлiгiн керсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру-қазiргi мектептің, педагогика ғылымының, әрiбiр мұғалiмнің борышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет