Педагогиканың теориялық-методологиялық негізі 1


Педагогиканың жалпы негіздері 4



бет3/6
Дата10.03.2023
өлшемі82 Kb.
#73275
1   2   3   4   5   6
Педагогиканың жалпы негіздері 4
$ 151
Оқыту дегеніміз не?
A) оқыту – білімнің мұғалімнен оқушыға берілуі
B) оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру
C) мұғалімнің оқушыларға білім беру процесі
D) ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, ақыл-ой қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамытуға білім, біліктілік, дағды, жүйесін саналы берік меңгеруге бағытталған мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің екі жақты процесі.
$ 152
Педагогика жүйесіне кіретін мына ғылымдар қандай топтарға енгізілген?
A) дидактика, психология, тарих, география, салыстырмалы педагогика
B) жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы
C) этика, эстетика, педагогика тарихы, мектепке дейінгі педагогика, анатомия
D) әлеуметтік педагогика, философия, геометрия, жоғары оқу орны педагогикасы, филология
$ 153
Педагогиканың ғылым ретінде дамуын не анықтайды?
A) ата-аналардың балаларының бақыты үшін қамқорлығы
B) тұқымды сақтаудың биологиялық заңы
C) адамның өмірге, еңбекке даярлығы
D) қоғамдық өмірде тәрбиенің ролінің жоғарлауы
$$ 154
Педагогика ғылымының зерттейтін мәселесі:
A) педагогика баланың даму заңдылықтарын зерттейді
B) педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру, оқыту туралы ғылым
C) педагогика тәрбиешінің тәрбиеленушімен өзара әрекеті туралы өнер
D) педагогика жастарды оқыту мәселесін зерттейді
$ 155
Педагогика ғылымының алдына қандай міндеттер қойылған?
A) жас ұрпақты тәрбиелеу
B) тәрбие заңдылықтарын танып білу, педагогтарды оқу-тәрбие процесінің теориялық білімдермен қаруландыру
C) адам табиғатын зерттеу
D) қазіргі дүниедегі білім проблемасын зерттеу
$ 156
Мына бақылау түрін ғылыми зерттеудің қандай әдісіне жатқызуға болады?
A) кезекші мұғалімнің асханадағы оқушыларды бақылауды
B) педагог оқушылардың компьютер бағдарламалардың көмегімен курстық жеке тақырыптар бойынша оқу барысындағы оқушылардың дамуына бақылау жүргізуі
C) класс жетекші оқушылардың киімдерін, тазалығын қадағалайды, бақылайды
D) биология пәні мұғалім оқушылармен бірге аралардың іс-әрекетін бақылайды
$ 157
Мына әңгіменің қайсысы ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісіне жатады?
A) мұғалімнің сабаққа кешігіп келген оқушымен әңгімесі
B) мұғалімнің оқушылармен қауіпсіздік техникасы туралы әңгімесі
C) оқытылған материалға оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұтымды тәсілдерді анықтау үшін мұғалімнің әңгімесі
D) мұғалімнің оқушылардың құқығы мен міндеттері туралы әңгімесі
$ 158
Қандай тәжірибелер ғылыми-педагогикалық экспериментке жатады?
A) бұршақтың тұқымын өндіру тәжірибесі
B) мектеп жанындағы участокта өсімдіктерді будандастыру тәжірибесі
C) компьютерді қолдану арқылы жеделдетіп оқыту тәжірибесі
D) мектеп директорын альтернативті (балама) жағдайда сайлау тәжірибесі
$ 159
Даму дегеніміз - бұл:
A) адам ағзасында сандық өзгерістердің жинақталуы
B) ескінің жойылуы, жаңаның пайда болуы
C) адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалыптасуы
D) әртүрлі факторлардың мерзімді уақытта өткен әсерлері нәтижесінде адам ағзасында сандық және сапалық өзгерістердің болуы
$ 160
Ата-аналардың қандай қасиеттері міндетті түрде балаларына беріледі?
A) интеллектуалдық іс-әрекеттің ерекшеліктері
B) әлеуметтік тәжірибе
C) жүйке жүйесінің типтері, темперамент, көзінің түсі, қанының тобы, резус - фактор
D) адамгершілік сапалары
$ 161
Баланың тағдыры ата-аналары маскүнем болса, сол тағдырды қайталайды деген қағиданы мақұлдауға бола ма?
A) сөзсіз
B) қайталамайды
C) жағымсыз, қолайсыз ортада тұқымында осындай белгілері бар адам, тұқымында осындай белгілері жоқ адамдарға қарағанда маскүнемдікке тез салынып кетеді
D) бұл әртүрлі факторларға байланысты. Тұқымқуалаушылықпен берілген нышандар жеке тұлғаның тұрақты сапаларына айнала ма, жоқ па, ол тәрбиеге, оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты
$ 162
Мектепте жоғары жетістіктерге жету үшін шешуші роль атқаратын не?
A) оқу пәніне қызығушылық
B) мұғалімнің тұлғасы
C) тектілік
D) дұрыс ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет
$ 163
Акселерация дегеніміз не
A) жеке тұлғаның белсенді іс-әрекетінің процесі
B) интеллектінің қалыптасуының жеделдігі (жылдамдығы)
C) жеке тұлғаның балалық жаста және жас өспірімдік шақта физиологиялық, психологиялық жедел дамуы
D) жеке тұлғаның мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі
$ 164
Неліктен мектепке оқуға жаңа алынғанда жақсы жаза алатын, оқи алатын дағдысы бар балалар кейбір жағдайда, 2-класқа келгенде дағдысы 1-класқа қабылданған балаларға қарағанда нашар оқиды?
A) дайындығы күшті бірінші класс оқушылары дайындығы нашар жолдастарына көмектесіп көп уақыт бөлгендіктен, өздері білім ала алмады.
B) жақсы жазып, оқи алатын дағдысы бар балалардың алғашқы кезде ақыл-ой дамуы өріс алмайды, сондықтан да еңбек сүйгіштікке бірден тәрбиеленбейді, міне осылар 2-класқа келгенде ыждағаттылықты талап ететіні байқалады
C) кітапты жақсы оқи алатын балалар кітап оқумен айналысады да, оқу сабақтарының материалын босатып алады
D) бұл дене бітімінің даму ерекшеліктерімен байланысты
$ 165
Неліктен 5-6 класта оқушылардың үлгерімі мен тәртібі төмендейді?
A) балалар оқудан жалығады
B) класс жетекшілері бастауыш класс мұғалімдеріне қарағанда оқушыларға аз көңіл бөледі
C) бастауыш мектеп 5 класқа оқуға қажетті жан-жақты дамуды қамтамасыз етпейді
D) оқушы оқу жағдайының өзгерісіне, жаңа талаптарына іштей дайын емес, сонымен қатар осы жастағы оқушылардың даму ерекшеліктерінің де әсері бар
$ 166
Оқушылардың таңдаған мамандығы бойынша білімді жалғастыруға 10-кластарды топтастыруда олардың нақты дайындығын ескеру дұрыс па?
A) дайындығы және қызығушылығы, бағыттылығы біркелкі деңгейдегі 10-класс оқушыларын топтастыру білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді
B) дұрыс емес, барлық 9-класс бітірушілері білімді жалғастыруға жақсы дайындалған
C) класта үлгерімі жақсы да, нашар да оқушылар болуы тиіс. Жақсы оқитындар нашар оқитындарға көмектесуі қажет, соның негізінде достық және жолдастық қарым-қатынас қалыптасады
D) оқытудың дифференциациялығы элитарлық кластардың тууына әкеледі, ал ол әлеуметтік теңдік принциптеріне қарама-қайшылық тудырады
$ 167
Тәрбиенің мақсаттын анықтауға қандай жалпы факторлар әсерін тигізеді?
A) қоғамның қажеттілігі, оның дамуының экономикалық деңгейі
B) хрестиан және мұсылман қамқоршыларының талаптары
C) прогессивті ойлайтын адамдардың ұмтылысы мен көзқарасы
D) адамзат тәрбиесінің мұраты
$ 168
Қазіргі жалпы орта мектептердің алдында қандай тәрбие мақсаттарын қойылады?
A) жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген коммунистік көзқарасты қалыптастыру
B) интеллектуалды деңгейді дамыту
C) тек дене тәрбиесі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету
D) жеке тұлғаның пісіп-жетілуіне жағдай жасау, шығармашылық мүмкіндігін ашу, ақыл-ой адамгершілігін, дене бітімінің дамуына ықпал ету
$ 169
Педагогикалық процесс дегеніміз не?
A) педагогикалық прооцесс – оқу сабағы, класс, мектеп, халыққа білім беру жүйесі
B) педагогикалық процесс - ұйымдастыруды және басқаруды жақсартудың проблемасы
C) педагогикалық процесс – бұл ерік-жігер, мінез-құлық қалыптасуының, қабілет, түсіну, ойлау жүйелерінің ерекшеліктері
D) педагогикалық процесс – дамытудың, тәрбиелеудің, оқытудың процестерін өзіне біріктіретін жүйе
$ 170
Педагогикалық процестің компоненттеріне жататындар:
A) мақсат, мазмұн, іс-әрекет, нәтиже
B) педагог тәжірибесі, оның білімі, жеке әсер етуі
C) жеке тұлғаның сапаларын қалыптастыру
D) технологиялық, нәтижелілік, үнемділік деңгейі
$ 171
Педагогикалық процестің біртұтастығы дегеніміз не?
A) оны құрайтын барлық процестердің бір-біріне бағыныштылығы
B) педагогикалық процесті құрайтын процестердің бір-біріне жалпы ұқсастығы
C) өйткені, барлық процестердің методологиялық негізі бір, ортақ
D) өйткені, барлық процестер бір жағдайда өтеді
$ 172
Педагогикалық процестің негізгі кезеңдеріне мыналарды жатқызуға болады:
A) дайындық, негізгі, қорытынды кезең
B) бастапқы, аяқталу кезеңі
C) диагностикалық, болжамдық, жоспарлау кезеңі
D) моральдық-психологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық
$ 173
Педагогикалық инновация дегеніміз не?
A) бұл педагогикалық жүйенің ішкі ресурстарын жинақтайтын және нәтиженің деңгейін көтеруге әкелетін жаңашылдық (идея)
B) мәнін қарастырмай, форманың өзгеруі
C) гуманистік педагогика
D) құндылық бағдары
$ 174
Педагогикалық жүйенің сипаттамасының қайсысы негізгі болып саналады?
A) компоненттердің болуы
B) элементарлық байланыс
C) ақпараттық
D) тұрақтылық
$ 175
Негізгі дидактикалық ұғымдарды атаңыз:
A) оқыту
B) зерттеу
C) танып білу
D) тәрбиелеу
$ 176
Мына төмендегілердің қайсысы тәрбие әдісіне жатады?
A) мұғалімдердің жақсы жұмысы
B) мектеп пен ата-аналардың өзара әрекеті
C) жеке тұлғаның өзінің белсенді ұстанымы (позициясы)
D) өнеге әдісі, әңгіме әдісі
$ 177
Инновациялық оқу орындары дегеніміз оларда:
A) оқыту және педагогикалық еңбектің жағдайы жақсартылған, жаңашылдық идеяға негізделген, жетілген технология енгізілген
B) оқыту мерзімі ұзартылған
C) атауы, бағыт-бағдары ауыстырылған
D) мұғалімдер мен оқушылардың жүктемесі ұлғайтылған
$ 178
Инновациялық процесті оптимизациялаудың талап ететіндері:
A) маңызды инвестициялар
B) педагогикалық жүйенің толық қайта құрылуы
C) мұғалім мен ата-аналардың келісімі
D) педагогикалық жүйенің “кемшіліктерін” түсіну, тілек, бастама, жақсаруды болжай білу
$ 179
Оқушының дамуы қандай педагогикалық категориялармен өзара байланысты?
A) назар аудару мен даму
B) оқу процесімен
C) қалыптастырумен
D) үлгерімімен
$ 180
Жоғарғы класс оқушыларының қарым-қатынасын анықтауда көбінесе қандай пікір әсер етеді?
A) ата-анасының пікірі
B) жолдастарының пікірі
C) мұғалімнің пікірі
D) ұжымның пікірі
$ 181
Мұғалімді неғұрлым шынайы сипаттайтындар:
A) білімдері терең оқушылар
B) білімдері төмен оқушылар
C) білімі орташа оқушылар, әріптестер, әкімшілік
D) ата-аналар
$ 182
Идеалды педагог – бұл:
A) педагогикалық процесті жоғары деңгейде жүргізуші
B) мұғалімнің даярлығының мақсатын жақсы түсінуге мүмкіндік беретін абстрактілі бейне
C) белгілі бір ғылыми идеяны насихаттайтын мұғалім
D) кластағы тәртіптің үлгілі болуына тырысатын мұғалім
$ 183
Егер беймазалық мұғалімнің екінші бейнесі болса, онда:
A) онда мамандығын тез арада ауыстыруы керек
B) ештеңе қолданбау керек
C) класта балалар арқылы ашуын басуы керек
D) қайта тәрбиеленуі керек
$ 184
Білім беру – бұл:
A) білім беру, іскерлік, дағдылар жүйесін меңгеру процесі
B) оқушылардың іскерлік, дағды ойлау тәсілдері жүйесінің көлемі
C) жан-жақты оқыған, хабардар болу
D) жоғары білім алу
$ 185
Индивид – бұл:
A) адам өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танып білуге қабілетті, әлеуметтік қатынастардың жемісі
B) ойлау сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі
C) адам - біртұтас, қайталанбайтын адамзат өкілі ретінде
D) индивидтің жеке тұлғасының және психологиясының өзіндік ерекшелігі, оның темперамент, мінез-құлық эмоционалдық және интеллектуалдық салаларда қайталанбауы
$ 186
Жеке тұлға – бұл:
A) адам өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танып білуге қабілетті және саналы іс-әрекет пен әлеуметтік қатынастар субъектісі ретінде
B) ойлау сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі
C) адам - біртұтас, қайталанбайтын адамзат өкілі ретінде
D) индивидтің жеке тұлғасының және психологиясының өзіндік ерекшелігі, оның темперамент, мінез-құлық эмоционалдық және интеллектуалдық салаларда қайталанбауы
$ 187
Жеке тұлғаның даралығы – бұл:
A) индивидтің тұлғасының және психологиясының өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлқынан, эмоционалдық, интеллектуалдық салаларынан, қабілеттілігінен, қажеттілігінен көрніс береді
B) адам қайталанбайтын адамзат өкілі ретінде
C) адам әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде
D) ойлау, сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі
$ 188
Әлеуметтік орта – бұл:
A) адамның айналасы (қоғамдық, материалдық, рухани) тіршлік ету жағдайы, іс-әрекеті, қалыптасуы
B) адамның өмірінің материалдық - тұрмыстық жағдайы
C) әр елде тұратын адамдардың үлкен топтарының қатынасы
D) адамның өмір сүру әрекетінің жағдайы
$ 189
Әлеуметтік пісіп жетілуді қандай сапалар сипаттайды?
A) жауапкершілік, шыдамдылық, өзін-өзі дамыту
B) тұқымқуалаушылық, авторитаризм, қатыгездік
C) өтірік айтушылық, алаяқтық, менменшілдік
D) менменшілдік, мақтаншақтық, өр көкіректік
$ 190
Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл:
A) адамның өзінің жеке тұлғасы, алдына қойған мақсаттарға, идеал, сенімдерге сәйкес өзгертуге бағытталған саналы іс-әрекеті
B) ұрпақтар тәжірибесін меңгерудегі өзін-өзі ұйымдастырудың жүйесі
C) ескірген іс-әрекеттің жойылуы, жаңаның пайда болуы
D) іс-әрекет тәсілдерін меңгеру
$ 191
Өздігінен білімін жетілдіру – бұл:
A) өзін-өзі дамытуға бағытталған ұрпақтар тәжірибесін меңгерудегі ұйымдастыру жүйесі
B) іс-әрекет тәсілдерін меңгеру
C) адамның өзінің жеке тұлғасын өзгертуге бағытталған саналы іс-әрекеті
D) адам ағзасындағы сандық өзгерістердің жинақталуы
$ 192
Өзін-өзі оқыту - бұл:
A) адам ағзасындағы сандық өзгерістердің жинақталуы
B) адамның ұрпақтар тәжірибесін қабылдау процесіндегі таңдаған құралдары
C) адамның өзінің жеке тұлғасын өзгертуге бағытталған саналы іс-әрекеті
D) берілген қасиеттерді қалыптасруға бағытталған процесс



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет