Педагогиканың теориялық-методологиялық негізі 1


Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы



бет2/6
Дата10.03.2023
өлшемі82 Kb.
#73275
1   2   3   4   5   6

Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы


$ 37
Тәрбиенің негізгі принциптері:
A) оқушылардың жағымды сапаларына сүйену
B) әңгімелесу
C) ұжымның дамуы
D) жүйелілік, бірізділік
$ 38
Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?
A) мұғалімнің өзінің жеке тұлғасын өзгерту мақсатында адамға ықпал, әсер етуі
B) адамның өзіндік жеке тұлғасын өзгерту мақсатындағы саналы іс-әрекеті
C) өзін өзгерту үшін, өзін-өзі түзеу, жақсарту үшін ойланбайды
D) мектептің, жанұяның және жұртшылықтың ұйымдастыруымен жеке тұлғаның дамуына мақсатты түрдегі ықпалы
$ 39
Қайта тәрбиелеу процесін қалай түсінесіз?
A) жеке тұлғаның мінез-құлқының және санасының түпкілікті өзгеруі
B) жеке тұлғаның өмірдің және тәрбиенің өзгеріске ұшырау жағдайына бейімделуі
C) жеке тұлғаның жағымсыз сапаларын жоюы, жағымды сапаларын дамытуы
D) танымдық іс-әрекет
$ 40
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне жататындар:
A) лекция , әңгімелесу, диспут
B) мадақтау
C) жаттығу
D) жарыс
$ 41
Ұжымның негізгі белгілері қандай?
A) бей-берекет
B) кешірімшіл
C) әлеуметтік мәні бар мақсатты іс-әрекетке ұмтылу
D) ынталандыру
$ 42
Мінез құлық және іс-әрекетті ынталандыру әдістері
A) әңгіме, лекция, диспут
B) жарыс, мадақтау
C) педагогикалық талап, қоғамдық пікір
D) үйрету, жаттығу, тәрбиелік ситуацияларды тудыру
$ 43
Оқушылардың еңбек іс-әрекетінің түрі
A) қоғамдық пайдалы еңбек
B) оқу еңбегі
C) ойын
D) өндірістік еңбек
$ 44
Тәрбие әдістеріне жататындар:
A) пән бойынша конференция ұйымдастыру
B) бақылау
C) әңгіме, лекция
D) тақырыптық кеш
$ 45
Тәрбие жұмысының формаларына жататындар:
A) бақылау
B) класс сағаты
C) сендіру
D) үйрету
$ 46
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жұмысының мазмұнына қандай моральдық қатынастарды қалыптастыру енеді?
A) отанға, еңбекке, басқа адамдарға, өзіне
B) қызметтік міндеттерге қатынас
C) мерзімді баспасөз басылымдарына қатынас
D) азаматтардың жеке мүліктеріне қатынас
$ 47
Мектептің оқыту мен тәрбиені жақсарту үшін отбасына көрсететін көмек формалары (түрлері):
A) класс сағаты
B) ұйымдастырушылық, педагогикалық, ағартушылық жұмыстар
C) экскурсия
D) бақылау
$ 48
Жеке тұлғаның объективтік, қоғамдық қатынас-тарға бейімделуі қалай аталады?
A) әдет
B) дағды
C) даму
D) әлеуметтендірілу
$ 49
Адамгершілік тәрбие төмендегідей жолдармен іске асырылады:
A) ұжымдық өмірде адамгершілік тәжірибені, адамгершілік әдет, дағдыны қалыптастыру
B) адамгершілік сезімдерді, адамгершілік әдет-дағдыны тәрбиелеу, қалыптастыру
C) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу
D) ұжымдық өмірде адамгершілік тәрбиені, тәжірибелерді қалыптастыру, әдет-дағдыларды тәрбиелеу және адамгершілік сезімдерді қалыптастыру
$ 50
Кәсіби бағдарлылық қызмет мыналардан тұрады:
A) кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру
B) кәсіби кеңес беру, кәсіби диагностика, кәсіби таңдау
C) кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, кәсіби диагностика, кәсіби таңдау, кәсіби адаптация
D) кәсіби кеңес беру, кәсіби диагностика, кәсіби адаптация
$ 51
Эстетикалық тәрбиенің құралдары:
A) жаттығу
B) әңгіме, өнеге, әңгімелеу
C) табиғат, әдебиет, өнер
D) мадақтау
$ 52
Дене тәрбиесінің міндеттері.
A) денесін дұрыс дамытуға ықпал жасау және денсаулықты шынықтыру; қозғалыс сапасын дамыту
B) білім, дағды және іскерлік жүйесін қалыптастыру
C) ақыл-ой дағдысын, іскерлігін қалыптастыру
D) тұрақты оқуға қызығушылығын тәрбиелеу
$ 53
Дене шынықтыру жаттығуларына жататындар:
A) гимнастика, дене шынықтыру спорт ойындары
B) валеология сабағы
C) олимпиада
D) бақылау
$ 54
Жауапкершілікті және міндетті атқаруға ынталан-дыру әдістеріне жататындар:
A) жазба жұмыстарды жоспарлау
B) лабораториялық-тексеру жұмыстары
C) әңгіме, лекция
D) мадақтау және жазалау
$ 55
Дүниетанымды қалыптастыру құрылымына кіретін компоненттер:
A) ғылыми білім жиынтығы, көзқарасы, сенімі, адамның (адамгершілігі) идеалы
B) қоғамдық пікір
C) құндылық бағыт-бағдар
D) мақсатқа бағыттау
$ 56
Ғылыми дүниетанымның обьективті құрылымына кіретіндер:
A) көзқарас
B) сенім
C) ғылыми білім
D) идеялығы
$ 57
Ю.Д. Бабанскийдің топтауы бойынша тәртібті және іс-әрекет ынталандыру әдістері:
A) педагогикалық талап
B) қоғамдық пікір
C) жарыс, мадақтау
D) серуендеу
$ 58
Тәрбиенің заңдылығын атаңыз:
A) тәрбиенің мақсаты мен әдістерінің бірлігі жеке тұлғаны тәрбиелеуде тек іс-әрекетке енгізу процесінде жүзеге асады
B) балаға сенім арту және талап қою
C) балаға ізгілікпен қарау
D) баланың жеке тұлғасына құрметпен қарауды талап қоюшылықпен ұштастыру
$ 59
Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері:
A) патриоттығы, ізгіліктілігі, көпшілдігі, интернационализмі
B) жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігі
C) еңбекшілдік, ерік-жігерлігі
D) беріктілік, жүйелілік, бірізділік
$ 60
Тәрбие әдісіне жататындар:
A) олимпиада, конкурстар, класс сағаты
B) әңгіме, сенім көрсету, үлгі-өнеге, жаттықтыру т.б.
C) конференция
D) педагогикалық ситуация, жағдаяттарды туғызу
$ 61
Оқушылармен экономикалық-тәрбие жұмысын жүргізудің әсерлілік критерилері:
A) олардың Республикадағы радикалды негізгі экономикалық түсініктер мен жетекші идеяларды білуі
B) табиғатты қорғаудағы жауапкершілікті саналы түрде сезіну
C) экономикалық мәдениетті меңгеру
D) табиғатты сақтаудағы практикалық іс-әрекет
$ 62
Оқушылардың еңбек тәрбиесінің құрамына кіретін әр түрлі оқудан тыс қоғамдық пайдалы еңбектерге жататындар:
A) өндірістік, тұрмыстық, өзіндік қызмет көрсету
B) ақыл-ой еңбегі
C) қоғамдық еңбек
D) дене еңбегі
$ 63
Эстетикалық тәрбиенің кластан тыс жұмыс түрлері
A) әдебиет пәні мен музыка студиялары, үйірмелер, өнер қайраткерлерімен кездесулер
B) жол жүру ережесі бойынша класс сағаты
C) өлкетану мұражайларына саяхат
D) дамыта оқыту тақырыбына байланысты семинарлар өткізу
$ 64
Дене тәрбиесінің құралдары:
A) құптау, талқылау
B) табиғаттың табиғи күштері күштері
C) жарыстар, жаттығулар
D) сайыстар, конкурстар
$ 65
Көпшілік дене шынықтыру жұмыстарының кластан тыс түрлері:
A) туризм, көпшілік жарыстар
B) тамақтану, еңбектену және демалыс тәртіптері
C) әңгімелер, класс сағаттары
D) лекциялар, пікірталастар
$ 66
Тәрбие процесінің бағыттары:
A) экологиялық,құқықтық,экономикалық
B) ішімдікке және нашақорлыққа қарсы
C) дамытушылық, білімділік
D) әскери іс-әрекетке қарсы
$ 67
Эстетикалық тәрбие құралдары:
A) пікір-талас
B) жарыс, мадақтау, жазалау
C) табиғат, еңбек, қарым-қатынас
D) дидактика
$ 68
Тәрбиенің негізгі бағыттары аталған топты көрсетіңіз:
A) ақыл-ой тәрбиесі, интеллектуалдық даму, политехникалық білім
B) адамгершілік тәрбиесі, рухани жетілу, еңбектегі есею
C) ақыл-ой тәрбиесі, дене тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі
D) адамгершілік, тазалық, политехникалық дайындық, жалпы эрудиция, рухани есею
$ 69
Тәрбие әдісін анықтайтын ортақ шарттар:
A) ұжымшылдық
B) тәрбиенің мақсаттары және міндеттері, оның мазмұны
C) кәсіптік бағдар
D) тәрбиеленушілердің, ата-аналардың тілектері
$ 70
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның мәнін қалай түсінесіз?
A) жеке тұлғаны қалыптастыруда ұжымның ықпалы зор. Жалпы қоғамдық жұмыстарда адамгершілік құндылық: достық ,қол ұшын беру сезімдері дамиды
B) жеке тұлғаны дамытуда ұжымның ықпалы шамалы,өйткені баланың әдет-дағдысы мен мінез-құлқы негіздері отбасында қалыптасады
C) ұжымның жеке тұлғаға ықпалы теріс.Себебі ұжым жеке тұлғаның бағыт-бағдарын басып тастайды
D)жеке тұлғаны қалыптастыруда ұжымның шамалы ғана ықпалы бар
$ 71
Этикалық әңгімелесуге тән талаптар:
A) жоспардың болуы, тақырыптың аты, мәселенің тууы
B) сценарийдің болуы
C) барлық көзқарастарды салыстыру
D) сенімді басшылық, пікір талас
$ 72
Мына төмендегілердің қайсысы тәрбие әдісі болып саналады?
A) ересек адамның жеке өнегесі
B) кітап, мерзімдік баспасөз басылымдар мазмұны
C) класс сағаты
D) сауалнама
$ 73
Мадақтау дегеніміз не?
A) тәрбиеленушіге алғыс білдіру үшін қолданылатын тәрбие әдісі.
B) жақсы қылығы үшін көтермелеу.
C) тәрбиеленушінің іс-әрекетін ынталандыру жолы.
D) тәрбиеленушінің өз міндетін дұрыс атқаруын қалыптастыру мақсатын көздейтін ынталандыру әдісі.
$ 74
Жазалау дегеніміз не?
A) талап қою ретінде қолданылатын тәрбие әдісі.
B) тәрбиеленушілердің теріс іс-әрекеттерін. тежейтін шешуші фактор.
C) тәрбиеленушілердің іс-әрекетке ынталандыру тәсілі.
D) тәрбиеленушілердің теріс іс-әрекеттерін жою жолындағы ұжым көзқарасы тұрғысынан қолданылатын тәсіл
$ 75
Үлгілі отбасы тәрбиесінің шарттары
A) ата-ананың педагогикалық мәдениеті, педагогикалық тактысы (әдебі), жағымдылыққа, жақсылыққа сүйену, бірлескен жұмысқа қатысу
B) баланың еңсесін көтеру, марапаттау
C) баланың қылығын бақылау
D) авторитаризм
$ 76
Қазіргі жалпы білім беретін орта мектеп қандай тәрбиелік мақсат көздейді?
A) адамның шығармашылық мүмкіндігін ашу
B) жалпыадамзаттық-құндылық көзқарас негізін қалыптастыру
C) гумандық, ізгілік қарым-қатынасты дамыту
D) баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету
$ 77
Мектепті басқаратын жоғарғы ұйым:
A) жалпы мектептік конференция
B) жиналыс
C) оқушылар комитеті
D) педагогикалық кеңес
$ 78
Оқытудың кластық-сабақ жүйесінің қалыптасуы педагогикаға мынадай түсініктер енгізеді:
A) оқу жылы, сабақ, демалыс, оқу күні
B) практикум және семинарлар
C) лекция, әңгіме, диспут
D) жаттығу, бақылау
$ 79
Оқу процесі дегеніміз не?
A) оқу процесіннің тиімді қызмет жасауын қамтамасыз ететін дидактикалық талаптар жүйесі
B) білім, іскерлік, дағды жүйесін игеру адамның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың негізі
C) оқушылар және оқытушының арасындағы өзара қарым-қатынас барысында білім беру, тәрбие және даму процестері іске асырылатын
D) бұл оқытушы және оқушы арасындағы өзара іс-әрекеттің негізінде білім, біліктілік және дағдымен қаруландырудың тәсілі
$ 80
Оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылаудың негізгі түрі:
A) күнделікті, фронталды
B) топтық, қорытынды
C) үздіксіз, жеке дара
D) күнделікті, үздіксіз, қорытынды
$ 81
Білім мазмұны деп нені түсінеміз?
A) оқушылардың ғылыми білім, біліктілік және дағдыны игеру процесі және олардың ақыл-ой танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту
B) оқу процесі барысында оқушылардың ғылыми білім, біліктілік пен дағды, сондай-ақ дүниетанымдық және адамгершілікті-эстетикалық идеялар жүйесін меңгеруі
C) оқушылардың оқу процесі барысында меңгеруге тиісті ғылыми білім, біліктілік және дағдылар жүйесі
D) оқыту процесі барысында оқушылардың меңгеруге тиісті дүниетанымдық және адамгершілікті-эстетикалық идеялар жүйесі
$ 82
Монолог әдісіне жататындар:
A) әңгіме
B) әңгімелесу, лекция
C) диспут
D) конкурс
$ 83
Оқушылардың жаңа материалды меңгеру үшін өз бетімен істелетін жұмыстары әдістеріне жататындар:
A) оқулықпен жұмыс, лабораториялық жұмыс
B) түсіндіру
C) конференция
D) лекция
$ 84
Оқу бағдарламасы дегеніміз – бұл:
A) кластағы әр пән бойынша оқытудың мазмұнын анықтайтын құжат
B) оқушылардың меңгеруіне қажетті ғылыми білім, дүниетаным және адамгершілік-эстетикалық идея
C) әр оқу жылы бойынша оқу пәндерінің жиынтығына кіретін құжаттар
D) оқушылардың меңгеруіне қажетті ғылыми білім, дүниетаным және адамгершілік-эстетикалық идеялар, біліктілік және дағдылар жүйесін анықтайтын және кластағы әр пән бойынша білім берудің мазмұнын ашып көрсететін құжат
$ 85
Оқу бағдарламасының мазмұндық құрылысын анықтайтын тәсіл:
A) оқытудың әрбір сатысында алдағы өтетін материалдар бұрынғы өтілетін материалдардың логикалық жалғасы болып табылады
B) оқытудың осы сатыдағы өтілетін материал-дардың қиындық дәрежесі жағынан алдыңғыдан келесі сатысында күрделеніп оқытылады
C) оқушыларды жай қарапайым жалпылама тұрғыдан күрделі мәселелерді талдауға дайындау
D) өтілетін материалдар күрделі түрде ашылып көрсетіледі және түсндіріліп, талданып отырады
$ 86
Педагогикадан алған білім – бұл:
A) алған білімдерін практикада қолдана білудің тәсілдерін игеру
B) теориялық білімдерін түсініп, есте сақтау арқылы ғылымның негізгі фактілерін қайта өңдей алу, теориялық қорытынды жасау
C) белсенді оқу-танымдық және білгірлік нәтижесі негізінде қалыптасатын жеке тұлғаның қасиеттері
D) оқу-танымдық іс-әрекеттің жоғары деңгейдегі іскерлігі мен жетістіктерін анықтайтын жеке тұлғаның қасиеттері
$ 87
Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері:
A) мақсаттылық, мазмұндық, эмоционалдық, ерік-жігерлілік
B) мақсаттылық, мотивациялық-қажеттілік, мазмұндылық, іс-әрекеттік-операциялық, ерік-жігерлілік, тексеру-реттілік нәтижесін бағалау
C) мазмұндық, қажеттілік, бағалаушылық
D) мақсаттылық, мотивациялық-қажеттілік, мазмұндық, іс-әрекет-операциялық, эмоциионалдық-ерік-жігерлілік, бақылау-реттік
$ 88
Оқыту принципіне жататындар:
A) ғылымилық, белсенділік, көрнекілік
B) коммуникативтілік
C) көпшілдік
D) жоғары деңгейде сыйластық және оқушыға талап қоюшылық, мүмкіндігінше жоғары деңгей-дегі сыйластық
$ 89
Мұғалімнің ауызша баяндау әдісі:
A) әңгіме, кітаппен жұмыс
B) лабораториялық жұмыс
C) бақылау жұмысы
D) лекция, әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру
$ 90
Оқушылардың өз бетімен жаңа материалды меңгеру, ұғыну әдісі:
A) иллюстрациялау және демонстрациялау
B) оқулықпен жұмыс, лабораториялық жұмыс
C) үй тапсырмасын тексеру, программалық бақылау
D) әнгіме, оқулықпен жұмыс
$ 91
Практикада біліктілік пен дағдыны қалыптас-тырудағы оқу жұмысының әдістері:
A) жаттығу, лабораториялық сабақ
B) мектеп лекциясы
C) ауызша сұрау
D) оқулықпен жұмыс
$ 92
Ауызша сұрау, сауал түрлері:
A) жеке, ұжымдық
B) мерзімдік, қорытынды
C) фронталды (жаппай), біріктірілген
D) жеке, фронталды, біріктірілген
$ 93
Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын тексеру және бағалау
A) жаттығу, лабораториялық сабақ, әңгімелеу
B) әңгіме, кітаппен жұмыс
C) күнделікті бақылау, сабаққа баға қою, бақылау жұмыстары, үй тапсырмасын тексеру
D) әңгіме, лекция, әңгімелесу
$ 94
Оқу материалдарын баяндаудың қай әдісі диалог ретінде қолданылады?
A) лекция
B) әңгімелесу
C) әңгіме
D) түсіндіру
$ 95
Лекция – бұл:
A) оқытушы салыстырмалы мерзімдік уақыт барысында танымдық іс-әрекетті арттыру үшін қолданылатын оқыту әдісі
B) берілген сұрақтар бойынша ауызша баяндау әдісі
C) материалды аз уақыттың ішінде қысқаша баяндау әдісі
D) материалды талдау негізінде баяндау
$ 96
Оқушылардың білімін тексеру және бағалау түрлері:
A) оқушылардың оқу жұмысын күнделікті бақылау
B) ауызша сұрау
C) бақылау жұмысы
D) күнделікті, тоқсандық, жылдық қорытынды
$ 97
Кең көлемде сұраудың мәні неде?
A) мұғалім білім сапасын кең көлемде тексеру үшін оқылған материалдарды салыстырмалы түрде бөлшектей сұрайды
B) бір оқушыны ауызша сұрауға шақырады, ал қалған 3-4 оқушыға алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап бергізеді
C) әр тақырыптан соң бақылау жұмысын жүргізеді
D) мұғалім оқушыларға оқу материалының мазмұны бойынша сұрақ қоя отырып, оларды жауап беруге тартады
$ 98
“5” балдық бағалау:
A) оқушы бағдарламаның көлемі бойынша барлық материалды игерсе, түрі өзгерген сұрақтарға жауап беруде қиналмайды, оқылған материал бойынша негізгісін бөліп көрсете алады немесе ауызша жұмыстарында мәнді қателер жібермейді
B) кейбір жазба тапсырмада мәнді қателер жібермейді, барлық материалдарды жақсы меңгерген, жіберген қателерін тез түзейді
C) қиналмастан бәріне жауап береді
D) қиналмастан алған білімдерін практикада қолданады
$ 99
“2” баллы қойылады:
A) оқушы оқу материалын толық білмесе, оқылған материалдардың кейбіреуін ғана игеріп, көпшілігін меңгермеген
B) оқушының оқылған материалдар жөнінде біршама ғана түсінігі бар, яғни, материалдың көпшілік бөлігі меңгерілмеген, ал, жазба жұмыстарында үлкен қателіктер жібереді
C) мұғалімнің материалды түсіндіруі бойынша сұрақтарға жауап беріп, ал, өзгертілген сұрақтарға жауап бере алмайды
D) жазбаша жұмыстардан қателіктер жібереді
$ 100
Оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлері:
A) лекция, әңгіме, диспут
B) сабақ, экскурсия, факультатив
C) класс сағаты, жиналыс
D) конференция, әңгіме
$ 101
Оқу жұмысының қандай түрі оқушы үшін еркін сипат алады?
A) семинар
B) факультативтер
C) пәндік курстар
D) ғылыми қоғамдар
$ 102
Дидактиканың негізгі категориялары:
A) тәрбие, дамыту, қалыптастыру
B) кластық-сабақ жүйесі
C) ғылымилық, жүйелілік, түсініктілік, беріктік
D) оқыту, білім беру, білім мазмұны, оқыту әдісі, оқыту принципі, оқытуды ұйымдастыру түрлері
$ 103
Оқытуды ұйымдастырудың қандай түріне мыналар жатады?
A) пәндік үйірме
B) сабақ
C) конкурс
D) олимпиада
$ 104
Оқу жылының аяғында барлық бағдарламалық материал өткеннен кейін қандай сабақтар өткізіледі?
A) білімді тексеру және бағалау сабақтары
B) семинар сабақтары
C) дәріс сабақтары
D) қайталау, өткен материалдарды жүйелеу сабақтары
$ 105
Оқыту әдісі дегеніміз?
A) оқытушы мен оқушының оқыту процесі барысында білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен қызметі
B) оқытуды ұйымдастырудың білімділігінің заңдылықтарынан туындайтын оқыту процесіне қойылатын талаптар
C) оқытушының ұйымдастырған сабақтарына оқушыларды біріктіру
D) жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыруға бағытталған білім, біліктілік және дағдылар жүйесі
$ 106
Оқыту әдісінің қайсысы логикалық жеткізу және ақпараттарды қабылдау әдісінің шағын тобына жатады?
A) репродуктивті, проблемалық-іздестіру
B) сөздік, көрнекілік, практикалық, индуктивті, дедуктивті
C) индуктивті, дедуктивті
D) оқытушының басшылығымен жүргізілетін жұмыстар
$ 107
Оқуға деген қызығушылықты ынталандыру әдістері:
A) танымдық ойындар, пікірталастар, эмоционалды-адамгершілік ситауциялар туғызу
B) жеке және фронталды (жалпы) тексеру
C) бақылау-зертханалық жұмыстар
D) мадақтау және жазалау
$ 108
Оқытудың функциясы:
A) білімділік
B) тәрбиелік, білім берушілік
C) дамытушылық
D) білім беру, тәрбиелеу, дамыту
$ 109
Оқытудың методологиялық негізі – бұл:
A) ғылыми таным теориясы
B) танымдық процестер
C) ой еңбегінің мәдениеті
D) оқытудың ережелері мен әдістері
$ 110
Дидактика – бұл:
A) оқыту процесі туралы жеке ғылым
B) оқыту мен білім берудің теориясын қарастыратын педагогиканың бөлімі
C) оқыту әдістері туралы ғылым
D) оқыту принциптері туралы ғылым
$ 111
Білім берудің мазмұнын анықтайтын құжаттар:
A) мұғалімнің күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарлары
B) күнделіктер
C) оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар
D) жоспар – сабақ конспектісі
$ 112
Оқу ақпаратын беру мен қабылдау әдісіне жататындар:
A) индуктивті, дедуктивті
B) репродуктивті, проблемалы-ізденістік
C) сөздік, көрнекілік, практикалық
D) мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы
$ 113
Оқытудың практикалық әдістері:
A) әңгімелеу, әңгіме, дәріс
B) иллюстрация, демонстрация
C) тәжірибелер, жаттығулар, оқу-өндірістік жұмыстар
D) танымдық ойындар
$ 114
Оқу-танымдық іс-әрекеттердің бірізділігі қандай болуы керек?
A) қабылдау, есте сақтау, ой-елегінен өткізу, білімді практикада қолдану
B) есте сақтау, ой елегінен өткізу, қабылдау, білімді практикада қолдану
C) ой елегінен өткізу, қабылдау, есте сақтау, білімді практикада қолдану
D) қабылдау, ой елегінен өткізу, есте сақтау, білімді практикада қолдану
$ 115
Жалпы білім беру дегеніміз:
A) өндірістің барлық процестерінің негізгі принциптерімен таныстыру
B) оқушыларды табиғат және қоғам туралы маңызды ғылымдардың негіздерімен таныстыру, дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, дүниеге кзөқарасын, адамгершілік-эстетикалық мәдениетін дамыту
C) адамды белгілі бір кәсіптік қызметке дайындау
D) барлық өндірістік қарапайым құралдармен жұмыс істеу дағдысын меңгерту
$ 116
Оқыту әдістерінің қай тобы Ю.К.Бабанскийдің классификациясына жатады?
A) оқу танымдылығын ұйымдастыру және іске асыру әдістері
B) білім мен дағдыны қалыптастыру әдістері
C) интерактивті әдістер
D) білімді практикада қолдану әдістері
$ 117
Сабақтың қай классификациясы жиі қолданылады?
A) оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай
B) негізгі дидактикалық мақсаттарға және сабақтың жалпы жүйесіндегі алатын орнына қарай
C) оқыту әдістеріне қарай
D) жұмсалынған уақыттың көлеміне қарай
$ 118
Қазіргі кезеңнің жаңашыл педагогтары:
A) Е.И.Ильин, Ш.А.Амонашвили
B) К.Д.Ушинский
C) А.С.Макаренко
D) Л.Н.Толстой
$ 119
Оқыту әдістерінің қайсысы ауызша тексеру және өзін-өзі тексеру әдісінің тобына жатады:
A) жекеше сұрау, жалпы сұрау, ауызша сынақ, ауызша емтихан
B) индуктивті сұрау
C) мадақтау және ескерту
D) сөздік, көрнекілік
$ 120
Ю.К.Бабанскийдің квалификациясы бойынша білімді меңгерудегі оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінше дамуы:
A) индуктивті
B) репродуктивті, дедуктивті
C) оқу дискуссиялары
D) проблемалық - іздену
$ 121
Дедуктивті әдістерді пайдалану кезінде:
A) мұғалім бастапқыда фактілерді баяндап, біртіндеп оқушыларға қорытынды жасатады
B) мұғалім алдымен жалпы мәселелерді хабарлайды, содан кейін біртіндеп жеке мәселелерді қарастырады
C) оқушы алдымен жеке фактілерді меңгереді содан кейін оқу сипатына қарай қорытындылар жасайды
D) оқушы үлгі бойынша жұмыс істейді
$ 122
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары:
A) үй тапсырмасы
B) факультатив
C) сабақ
D) экскурсия
$ 123
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
A) білімділік, мақсаттарды нақты айқындау, тиімді оқыту әдісін таңдау, сабақта оқыту принциптерін жүзеге асыру
B) тәрбиелік міндеттерді алға қою, оқушылардың моральдық қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру
C) мұғалімнің педагогикалық әдепті (тактіні) сақтауы
D) сабақ өткізудің айқын нақты жоспарының болуы
$ 124
Аралас сабақ - бұл:
A) бір мезгілде бірнеше дидактикалық мәселелердің шешілуі
B) бірнеше дидактикалық мәселелер бірізділікпен, сабақтың кезеңдеріне қарай шешіледі
C) бір дидактикалық мәселе шешілетін сабақ
D) комплексті түрде білім, біліктілік және дағдыны қолданатын сабақ
$ 125
Оқу ақпаратын беру және оқыту әдістері:
A) оқу дискуссиялары
B) компьютерлік бақылау
C) сөздік, практикалық
D) ауызша бақылау
$ 126
Оқыту принциптері:
A) белсенділік және саналылық, ғылымилық
B) оқушының жақсы қасиеттеріне сүйену
C) ұжымда және ұжым арқылы
D) коммуникативтілік
$ 127
Дидактиканың талдайтын мәселелері:
A) білім мазмұнының педагогикалық негізін анықтайды
B) тәрбие жұмысының ұйымдастыру, жетілдіру формаларын қарастырады
C) тәрбие әдістерінің жүйесін және оны ұтымды қолдану мәселесін қарастырады
D) тәрбиенің заңдылықтарын, мәнін, принциптерін зерттейді
$ 128
Мектеп білімінің мазмұнын анықтайтын құжат
A) оқу жоспарлары
B) күнделік
C) класс журналы
D) жиналыс хаттамасы
$ 129
Баяндаудың диалог әдісі:
A) әңгіме
B) түсіндіру
C) мектеп лекциясы.
D) әңгімелесу.
$ 130
Мектеп лекциясы – бұл:
A) оқыту әдісі, оқытушының ұтымды ойластырған оқу материалдары арқылы оқып зерттелетін фактілері мен құбылыстарды талдап шешуге, соған сәйкес өз бетінше теориялық қорытындылар жасауға үйретеді
B) оқыту әдісі, оқытушы салыстырмалы ұзақ уақыт мерзімде кең көлемді материалды ауызша баяндайды
C) оқытушы хабарлау – баяндау әдісі арқылы оқылатын материалдың танымдық белсенділігін арттырады
D) оқылатын материалдарды түсіндіру, талдау талқылау, дәлелдеу
$ 131
Білім мазмұны дегеніміз – бұл:
A) оқушылардың оқу процесінде ғылыми білім, біліктілік және дағдыны меңгеруі
B) оқушылардың оқу процесінде қажетті ғылыми білім жүйесін меңгеруі
C) оқу процесінде қажетті ғылым мен білім, біліктілік және дағдыларды, дүниетанымдық идеяларды меңгеруі
D) оқушылардың оқу процесінде игеруге қажетті ғылыми білімдер жүйесі, біліктілік және дағдыларды, дүниетанымдар және адамгершілік-эстетикалық идеяларды игеруі
$ 132
Оқу танымдық іс-әрекеттің компоненттері:
A) жаңа материалды қабылдау, есте сақтау
B) мақсаттылық
C) мазмұндылық
D) бағалау, қорытындылау
$ 133
Білім беру – бұл:
A) оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеруі
B) оқушылардың танымдық және творчестволық қабілеттерін дамыту
C) оқушыларда дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық мәдениетті дамыту
D) оқушылардың ғылыми білімді, практикалық әдет дағдыларды, меңгеруі оларда танымдық, творчестволық қабілеттерінің дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық мәдениеттін дамыту
$ 134
Оқытуды ұйымдастыру түрлері:
A) түсіндіру-иллюстративтік, проблемалық
B) проблемалық оқыту, дамытушылық
C) аралас
D) тәрбиелеушілік
$ 135
Сабақтың типтері мен құрылымын қандай белгілер бойынша анықтауға болады?
A) басты мақсатқа жетуге бөлінген уақыт саны бойынша
B) құрамдас бөліктердің саны бойынша
C) мұғалімнің іс-әрекеті бойынша
D) дидактикалық мақсат бойынша
$ 136
Дидактикалық ереженің дидактикалық принциптерден айырмашылығы неде?
A) ереже принциптерді нақтылайды, принцип жалпы заңдылықтардың сипатын көрсетеді
B) ереже жалпы заңдылықтың көрсеткіші
C) дидактикалық принцип ережеге бағынады және ережеден шығады
D) принцип ереженің жалғасы болып табылады
$ 137
Оқыту принциптерін көрсетіңіз:
A) инновациялар
B) дер кезінде, эмоциянальдық
C) оптимизация, үш жақтылығы
D) саналылық, ғылымилық, беріктілік, түсініктілік
$ 138
Мына ережені оқыту принципінің қайсысына жатқызасыз: жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге?
A) көрнекілік
B) ғылымилық
C) жүйелілік және бірізділік
D) теория мен практиканың байланысы
$ 139
Педагогикалық процестің компоненттері:
A) мақсаттылығы, міндеттері, мазмұны
B) лекция, әңгіме
C) конкурс, олимпиада
D) диктант, бақылау
$ 140
Мына ережені қай принципке жатқызасыз: “Неге деген сұрақты мүмкіндігінше жиі қолданасыз”, өйткені, ол оқушыларды себеп-салдарлы ойлауға үйретеді, яғни бұл оқытудың дамытушылық қызметінің шарты
A) саналылық, белсенділік
B) беріктілік
C) теория мен практиканың байланысы
D) көрнекілік
$ 141
Мына ереже қай принципке жатады: сабақ беру әдісінде ғылыми таным әдісін көрсетіңіз, ойлауға, ізденіске, творчестволық еңбекке баулып, дамытыңыз:
A) көрнекілік
B) ғылымилық
C) түсініктілік
D) теория мен практиканың байланысы
$ 142
Талдау, жинақтау, индукция, дедукцияны оқыту әдісіне жатқызуға бола ма?
A) болмайды, өйткені талдау, жинақтау, индукция, дедукция әдістері логикалық ойлаудың жалғасы болып табылады
B) болады, өйткені олар білімді меңгерудің жолдарын көрсетеді
C) талдау, жинақтау, индукция, дедукция – психологияның категориялары болып табылады, сондықтан да оқыту әдісіне жатпайды
D) болмайды, өйткені дедукция мен индукция оқытудың мақсатына жеткізбейді
$ 143
Басқару функциясы тек қана кейбір әдістерге тән деп есептеуге бола ма?
A) болады, өйткені бұл мақсаттарға арнайы әдістер жасалған
B) болмайды, өйткені барлық әдістердің жалпы функциясы болып табылады
C) нақты ешнәрсе айтуға болмайды
D) басқару, әдістің функциясы емес
$ 144
Оқыту процесінің мәні – бұл:
A) оқыту процесі оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған
B) оқыту процесінде оқушының дамуы іске асырылады
C) оқыту процесінің негізгі мақсаты – оқушылардың ақыл-ой қызметін басқару
D) оқыту процесі – оқытушы мен оқушының екі жақты бірлескен басқару және интеллектуалды дамытуға бағытталған оқушылардың ақыл-ой қабілетін, білімін қалыптастыруға, қабілетін дамытуға бағытталған процесс
$ 145
Қазіргі дидактика, оқыту процесі белгілі схема бойынша дамитындығын дәлелдейді:
A) нақтылап ассоцациялау, жүйе, әдіс
B) баяндау, бұрынғы алынған білім мен сәйкестендіру, қорытындылау, қолдану
C) білімді меңгеруге дайындалу, танымдық мәселелерді шешу, жинақталып алынған білімді қорытындылау, жүйелеу, практикада қолдану
D) нақтылау, қорыту, жүйе, әдіс
$ 146
Оқу бағдарламасы дегеніміз не?
A) оқу пәндерін оқыту тәртібін анықтайды
B) белгілі сыныпта оқытылатын пәндердің тізімі бар құжат
C) оқу бағдарламасында әрбір оқу пәні бойынша берілетін білімнің бөлімі мен мазмұны курс бойынша нақты тақырыптарға бөлінген сағат саны анықталады
D) оқу пәндерінің құрамын анықтайтын сертификат
$ 147
Сабақтың негізгі типтерін атаңыз?
A) жатқа айту, табиғатқа саяхат, жеке жұмыс, кино сабақ
B) мұғалімнің бақылауы бойынша, мұғалімнің бақылауынсыз
C) оқушылармен жүргізілетін жеке және дара жұмыстар, оқу материалын иллюстрациялау, компьютер сабақтары
D) аралас сабақтар, жаңа білімді меңгеру сабағы, бақылау сабақтарын жүйелеу, қорытындылау, білімді, дағдыны практикада қолдану
$ 148
Сабақтың қандай типтері бар?
A) күнделікті
B) аралас
C) жеке
D) топтық
$ 149
Оқушылардың білімін тексеруде өтілген материалмен жұмыс төмендегідей уақытты алмауы қажет:
A) 20-25 мин.
B) 30 мин.
C) 10-15 мин.
D) 15-18 мин.
$ 150
Қазіргі кезеңдегі жаңашыл педагогтар идеясы:
A) мәжбүр етпей оқыту, өзін-өзі қадірлеу идеясы, қиын мақсаттар идеясы
B) авторитарлық идея
C) қатал тәртіп идеясы
D) білімді қатаң есептеу идеясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет