Байланысты: Педагогиканы теориялы -методологиялы негізі 1
Тәрбие процесі 6 $ 215
Тәрбие процесінің қозғаушы күші деп нені түсінеміз?
A) бұл күш алға қарай жетелейді
B) бұл мінез-құлықтағы алған білімдері мен тәжірибесі және жаңа талап-тілектер арасында туындайтын қарама-қайшылықтың нәтижесі
C) тәрбиелеу күшінің процесі нақты білімдер мен оларды өмірге ендіру әдісі аралығында туындайтын қайшылықты тәрбиенің қозғаушы күші деп санаймыз
D) біркелкі емес түсініктер мен ұғымдар арасындағы пайда болатын қозғаушы күш
$ 216
Адамның әлеуметтік рөлі қай топта көрсетілген:
A) тәрбиелі адам: гуманист, табиғат сүйгіш
B) әдепті адам: эколог, жанұялы
C) азамат: жанұялы, жұмысшы
D) азамат: отансүйгіш, интернационалист
$ 217
Тәрбиенің қоғамдық сипаттағы талабына альтернативті пікірлерді талдау:
A) тәрбие процесіндегі мемлекеттік, қоғамдық және жеке қажеттіліктеріне қатысты оптимальды принципті талап етеді
B) мемлекет арасындағы қызығушылықты талап ететін принцип
C) жеке азаматтардың ықыласына қарай өзгеріске түсетін принципті белгілейді
D) азаматты тәрбиелеу бұл принциптің негізгі талабы
$ 218
Тәрбиенің жағымды жақтарына сүйену принциптеріне қойылатын талаптарды анықтаңдар:
A) адамның жағымды қасиеттерін тәрбиелеудің қажеттігін көрсету принципі
B) әрбір тәрбиеленушінің жағымды қасиеттерін анықтау, соның негізінде жағымсыз қасиеттерін тежеу және жеткіліксіз қасиеттерін дамыту принципі
C) жаман әдеттермен тұрақты күресуді тәрбиешілерден талап ететін принцип
D) адамның дамуына қарама-қайшылықпен сипатталынатын принцип
$ 219
Жеке тұлғалық қатынас талабын анықтаңдар:
A) жеке тұлғалық қатынас тәрбиеленушілердің дара ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді
B) жеке тұлғалық қатынас тәрбие барысында жас ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді
C) жеке тұлғалық қатынас тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілермен бірге талқылауды талап етеді
D) жеке тұлғаның бағыт-бағдарлығын, оның өмірлік жоспарын және құндылық бағдарлылығын тәрбие процесінде тәрбиешілердің ескеруін жеке тұлғалық амал міндеттейді
$ 220
Тәрбиелік ықпалдар бірлігі принципінің мәнін анықтайтын жауаптардың ішінен ұқсас (альтернативтік) дұрыс жауабын іздестіріңіздер:
A) көрсетілген принциптің мәні – біркелкі талаптардан туындайтын тәрбие ықпалдарын ұйымдастыруға, тәрбие үрдісіне қатысатын барлық адамдардың іс-әрекетінен, әлеуметтік институттар мен мекемелердің келісілген қызметтерінен тұрады
B) барлық тәрбие ықпалдарды біріктіретін принцип талабы
C) баланың дара ерекшелігін ескере отырып, отбасындағы тәрбиеге тәрбиешілердің назар аударуын міндеттейтін принцип
D) тәрбиешілердің барлық іс-әрекеттер бірлігін нақтылайтын принцип
$ 221
Тәрбие үрдісінің принциптері – олар:
A) тәрбие үрдісінің мазмұнына, әдіс-тәсілдеріне, ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар, белгіленген жалпы алғашқы ережелер
B) тәрбие мекемелерінің жұмыс ерекшеліктері
C) сөз арқылы тәрбиеленушілердің санасын дамытудағы мақсатты бағдарланған түрткісін (мотив) қалыптастыру
D) тәрбиенің қоғамдық бағыт-бағдарын, тәрбиешілер арасындағы мотивтік қарым-қатынастарын іске асыру
$ 222
Тұлғаны тәрбиелеу процесінде тәрбие әдістері төмендегідей бөлінеді:
A) жеке дара шағын топ, ұжымдық, көпшілік топ
B) коммуникативті, топтық, интерактивті
C) мектептік, үйірмелік, аудандық
D) көпшілік топ, ұжымдық, халықаралық
$ 223
Тәрбие процесінің тиімділігін оны ұйымдастыр-удың мына формалары көрсетеді
A) көпшілік
B) жеке дара және шағын топпен
C) топтанған
D) мектептік
$ 224
Ұжым туралы ұғымды қалыптастырған ғалымдарды атаңыз?
A) А.Дистервег
B) К.Ушинский
C) А.Макаренко
D) А.Искаков
$ 225
Макаренко бойынша ұжымның өмір заңдылығы – бұл:
A) алға жылжу
B) тежелу
C) келешекті болжау
D) ойластыру
$ 226
Ұжымның даму принциптерін Макаренко қалай көрсеткен?
A) гуманизм, альтуризм
B) жариялылық жауапты бағынушылық, перспективті бірізділік, жұптық іс-әрекет.
C) тәуелсіздік, гуманизм адамға жағымды әсер ететін тірек
D) тәртіпті қатаң сақтау, кез-келген қателікті қатаң жазалау
$ 227
А.С.Макаренко бойынша қалыптасқан ұжымның айырықша белгілері мыналар:
A) белсенді топтың қалыптасуы
B) үнемі белсенді, достық бірлестік, белсенділік, ұстамдылық
C) жолдастарының іс-әрекетін қатты сынау
D) ұжымның көпшілігі тәрбиешілердің талаптарын қолдайды
$ 228
Педагогикалық басшылықтың авторитарлық үлгісі – бұл:
A) жеке дара басшылық, кез-келген бастаманы қабылдау
B) жеке тұлғаны емес, дәлелдерді бағалау
C) әркім өз білгенін істейді
D) жағдайға және көңіл-күйге байланысты шешім қабылдау
$ 229
Жариялылық стильдегі педагогикалық басшылыққа жататындар:
A) жұмыс тапсырмаларын орындау мен барысын талдауға оқушылардың белсенді қатысуы
B) берілген тапсырманы әркім қалай-болса солай орындайды
C) қандай бастама болмасын кесіп тастап, жеке дара басқару
D) көңіл-күйіне байланысты әр түрлі басқару әдістері қолданылады
$ 230
Жайбарақат стилдегі педагогикалық басшылыққа жататындар:
A) жұмыс тапсырмаларын орындау мен барысын талдауға оқушылардың белсенді қатысуы
B) берілген тапсырманы әркім қалай-болса солай орындайды
C) қандай бастама болмасын кесіп тастап, жеке дара басқару
D) көңіл-күйіне байланысты әр түрлі басқару әдістері қолданылады
$ 231
Тәрбие әдістері – бұл:
A) тәрбиеленушінің мінез-құлқына мақсатты тәрбие сапаларын қалыптастыруда, олардың санасына, ерік күшіне, сезіміне ықпал ету
B) нақты жағдайлардағы тәрбиеге қатысты жаңа, таныс емес жолдарын белгілеу
C) тәрбиеленушінің ерік күші мен санасын мақсатты түрде басуға бағытталған ықпал
D) тәрбиеленушілердің ерік күйлерін тәрбиешінің ыңғайына көндіру, барлық жағдайларда жеке дара басқару
$ 232
Тәрбие тәсілдері:
A) жалпы әдістің бөлшегі, жеке әрекет, нақты жетілдіру
B) әдістерді жетілдірудің міндеттері
C) нақты тәрбие ұстанымы
D) тәрбие деңгейі
$ 233
Тәрбие құралы – бұл:
A) тәрбие амалдарының жиынтығы
B) тәрбие мақсаты
C) тиімді әдістемелер
D) әдістерді таңдау мүмкіндіктері
$ 234
Тиімді тәрбие әдістерін таңдау үшін, керек:
A) әр әдістердің мәнін анықтау, жағдайларды талдау, талапқа сай әдістерді сұрыптау
B) ата-аналардың ұсыныстарын ескеру
C) тез арада қажетті әдісті табу
D) саралауда тиімді белгілерді анықтау
$ 235
Ынталандыру әдістерін топтастыру қай топқа жатады?
A) әңгіме, түсіндіру, сұхбаттасу, өнеге көрсету
B) мадақтау, жазалау, жарыс
C) сұхбаттасу, бақылау, тәрбиелік
D) жаттығу, үйрету, тапсырма беру
$ 236
Мадақтау дегеніміз не?
A) сыйлық алуды меңзейтін тәрбие әдісі
B) өзінің міндетін атқаруға дұрыс қатынасын қалыптастыру мақсатындағы амал
C) тәрбиеленушінің жеке тұлғасына жағымды қылықтарды бекіту мақсатында, оның мінез-құлқындағы жақсы жақтарын бағалау арқылы тәриленушіге педагогикалық ықпал ету құралы – мадақтау
D) мадақтау дегеніміз – оқушының мінез-құлқындағы жақсы қаситтерді дәріптеу
$ 237
Жарыс дегеніміз не?
A) жарыс дегеніміз ойын арқылы жеңіске жету
B) жарыс – қол жеткізген нәтижені бекіту жолы
C) жеке тұлғаның өзіне қажетті сапаларды, қол жеткен нәтижелерін, басқалардың жетістіктерімен салыстыру процесінде одан әрі қалыптастыру және бекіту әдісі
D) жарыс бұл – кез келген жолмен жеңіске жету жолдары
$ 238
Жазалау дегеніміз не?
A) жазалау – міндеттеу түрінде көрінетін тәрбие әдісі
B) жазалау – тәрбиеленушілердің қорқыныш сезімін жою мақсатында жағымсыз әрекеттерін тежейтін шешуші фактор
C) жазалау – тәрбиеленушілердің іс-әрекетін ынталандыру тәсілі
D) жазалау – тәрбиеленушінің жағымсыз әрекеттерін тыю мақсатында қолданылатын тәсіл
$ 239
Тәрбие әдісін анықтайтын жалпы шарттарды көрсетіңіз?
A) тәрбиенің мазмұны, жас ерекшелігі, жеке дара ерекшеліктері, тәрбие құралдары
B) жүйелілік, ата-ананың кешенді сипаттағы талап тілектері, мектептің демократизациясы
C) талап қоюшылық, уақыт, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие
D) мектептің демократизациясы, адамгершілік тәрбие, ұжымшылдық
$ 240
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдісін көрсететін ұғымдарды атаңыз:
A) ақыл айту, бақылау, пікір-талас, баяндау
B) тапсырма, нұсқау, жазалау
C) әңгімелесу, лекция, пікір-талас, мысал келтіру әдісі
D) жариялылық, қоғамдық пікір, тапсырма бақылау