Педагогикасы


Қазіргі білім беру парадигмалары



бет13/50
Дата14.10.2023
өлшемі298,41 Kb.
#114753
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50

Қазіргі білім беру парадигмалары


Қазіргі уақытта педагогикада «парадигма» термині кең тарала бастады, бірақ оның мағынасына түрлі түсініктемелер береді. Мысалы, «гуманистік парадигмаға» ауысу насихаттары айтылады, техникалық қоғам парадигмалары негізделеді және т.б.
«Парадигма» терминін (грек. «үлгі») 1962 жылы Томас Кун ғылымға енгізді. Парадигма – барлығымен мойындалып қабылданған ғылыми жетістіктер, олар ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыт аралығында мәселелерді анықтау және оларды шешудің моделін ұсынады. Парадигмалық кӛзқарас тӛрт онжылдық бойы шетелдік зерттеушілердің назарында болып отыр: Дж. Агасси, И. Лакатос, Дж. Холтон, П.П. Гайденко, Л.А. Маркова және т.б.
Қазіргі педагогика ғылымында жетекші тӛрт білім беру парадигмасын кӛрсетуге болады:

  1. Дәстүрлі парадигма (немесе білімділік).

Дәстүрлі парадигма жағдайында оқыту мен тәрбиенің басты мақсаты – адамға терең, берік жан-жақты академиялық білімдер беру. Білімнің негізгі кӛзі оқытушы болып табылады. Білім алушы, білімге толтырылу қажет нысан ретінде қарастырылады. Оқытудың тұлғалық аспектілері танымдық қызығушылық пен танымдық қабілеттерді қалыптастырумен шектеледі. Сондықтан, тұлғаның дамуына емес (оны оқу әрекетінің «артық ӛнімі» ретінде қарастырады), оның ақпараттық қамсыздандырылуына назар аударылады.
Білімділік парадигманың бір түрі ретінде технократиялық немесе (прагматикалық) парадигманы қарастыруға болады. Оның жүйесіндегі оқыту мен тәрбиенің басты мақсаты – адамға ӛмірі мен кәсіби әрекетінде тәжірибелік тұрғыда қажет болатындай, қазіргі техникамен дұрыс ӛзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін білім беру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Негізгі қағида – оқытудағы политехникалық бағыттылық.
Сӛйтіп, білімділік және технократиялық парадигмалар назардың
орталығына білім беру үрдісінің субъектісі ретінде білім алушыны қоймайды. Білім алушы педагогикалық ӛзара әрекеттесудің объектісі ғана болып табылады. Білім беру үрдісін стандарттау қарастырылады, оның құрылымында оқыту технологиялары негізінен орташа деңгейлі білім алушыға бағдарланады.
Білім алушының оқу әрекетін басқарудың тікелей (императивті) стилі қолданылады. Аталған парадигмалардың қағидалары негізінде құрылған білім беру модельдеріне келесі ерекшеліктер тән: монологтық оқыту, білім беру үрдісі субъектілерінің бастамашылдығы мен шығармашылығының рӛлін дұрыс бағаламау. Екі модель де сапалары алдын-ала белгіленген тұлғаны қалыптастыру және дайын түрінде оқыту тәсілдерінің мазмұнын беруге бағытталған.
Қазіргі уақытта отандық және бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі кӛптеген елдерде бұрынғы ескірген оқу-тәртіп моделінің орнына оқытудағы ӛзара әрекеттесуде ынтымақтастыққа негізделген білім алушыны тең
дәрежелі серіктес ретінде қарастыратын гуманистік, тұлғалық-дамытушы модель келіп отыр.
Дәстүрлі парадигма ерекшеліктеріне тағы тӛмендегілерді жатқызуға болады:
Білім беру ойлауға негізделген таным ретінде ғана қарастырылады; Оқыту мақсаты ретінде әлеуметтік тапсырысты сипаттайтын білім,
іскерлік және дағдылар жүйесі анықталады;
Оқу материалы дидактикалық тұрғыда түрлендірілген ғылыми білімдер ретінде қарастырылады;
Оқу үрдісінің бүкіл ұйымдастырылуы бағдарлама мен оқулықтарда ғылыми білімнің жағдайын және оны меңгеру жолдарын кӛрсетіп сипаттауға бағытталған;
Тұлғалық даму сипаттамасы есепке алынбайды; оқыту тиімділігінің негізгі кӛрсеткіштері ретінде білім, іскерлік, дағдылар қарастырылады;
негізгі міндет ретінде логикалық ойлау іскерлігін емес, есте сақтауды
дамыту деп есептеледі.

  1. Тұлғалық бағдарланған (гуманистік немесе субъект-субъектілік) парадигма.

Басты мақсат – адам қабілеттерінің, оның тұлғасының дамуына, рухани ӛсуіне, оның адамгершілік жетілуіне, ӛзін-ӛзі іске асыруына және ӛзін-ӛзі
жетілдіруіне қолдау жасау. Адам кӛп нәрсені білмеуі мүмкін, бірақ ең маңыздысы, оның ӛзін-ӛзі дамыту мен ӛзін-ӛзі жетілдіруге қабілетті, шынайы рухани адамгершілікті адам ретінде қалыптасуы болып табылады; бұл парадигманың орталығында – ӛзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар адам.
Аталған парадигманың ерекшеліктеріне тағы жатқызуға болады:

  • Тұлғалық бағдарлы педагогиканың әдістерінің жүйе құраушы факторы білім алушының ерекше және қайталанбас тұлғасы (яғни оқыту және тәрбие әдістері білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай іріктеледі);

  • Түрлі дидактикалық тұжырымдамалардың интеграциясы: дамыта оқыту, проблемалық оқыту, бағдарламаланған оқыту, оқытуды оңтайландыру (оптимизациялау) және т.б.;

  • Тәжірибелік бағдарланған жүйелердің жақсы инструменталдық қамсыздандырылуы, олардың анықтылығы мен тұтастығы;

  • Педагогтың білім алушыға қатынасы тұлға, ӛзінің дамуының дербес және шығармашыл субъектісі және сонымен қоса тәрбиелік әсер етудің субъектісі ретінде қалыптасқан;

  • Оқытушы мен студенттің субъект-субъектілік қатынастары;

  • Оқытушы мен студент арасындағы тікелей ӛзара әрекеттесу форма, әдіс-тәсілдер мен құралдар арқылы материалды меңгеруге бағытталған;

  • Әрбір білім алушыда дамуының ӛзіндік векторы, ӛз даму траекториясы бар, ол білім алушыдан оқытушыға қарай құрылады.

Дәстүрлі мен гуманистік парадигмаларды салыстырмалы түрде қарастырар болсақ, олардың ерекшеліктерін анық кӛруімізге болады (кесте 4).

Кесте 4. Білім берудің дәстүрлі және гуманистік парадигмаларының салыстырмалы сипаттамасы



Салыстырылаты
н кӛрсеткіштер

Білім беру парадигмасы

Дәстүрлі
(субъект - объектілік)

Гуманистік
(субъект - субъектілік)

1 Білім берудің
негізгі миссиясы

Ӛскелең ұрпақты ӛмір мен
еңбекке даярлау

Ӛзін-ӛзі анықтау мен ӛзін-
ӛзі іске асыру үшін
жағдайлар жасау

2
Аксиологиялық
негіз

Қоғам мен ӛндіріс
қажеттіліктері

Тұлғаның қажеттіліктері
мен мүдделері

3 Білім беру
мақсаттары

Сапалары алдын-ала
белгіленген тұлғаны
қалыптастыру

Тұлғаны ӛмірлік әрекеттің
субъектісі мен мәдениет
адамы ретінде дамыту

4 Білім, іскерлік
және дағдылардың рӛлі

Оқыту мақсаты

Дамыту құралы

5. Білім беру
мазмұны

Оқушыға білім, іскерлік,
дағдылардың дайын үлгілерін беру

Адамның ӛзін пәндік,
әлеуметтік және рухани
мәдениет әлеміне жатқызу арқылы ӛз бойынша әлем бейнесін құруы.

6. Білім алушы
(студент) жағдайы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет