Құзыреттілік кӛзқарас бастапқыда лингвистикада пайда болып, кейін педагогика ғылымына кӛшіріліп әкелінді. Аталған кӛзқарастың пайда болуын американ тіл маманы Н.Хомский атымен байланыстырады. Ол алғаш рет құзыреттілік ұғымын алғаш рет тіл теориясына, трансформациялық грамматикаға қатысты қолданды. Оның айтуынша тілдік құзыреттілік тілді білу ғана емес, оны нақты ӛмірлік жағдаяттарда пайдалана алу, яғни құзыреттілік білімді меңгеру ғана емес, оны шынайы ӛмірлік жағдайларда қолдану қабілеттілігі. Сонымен бірге, ғалым құзыреттіліктің дамуы мен ӛмірлік жағдайларда жүзеге асуы құзыреттілік айқындалуы тиіс пәндік әрекет саласында тәжірибесінің болуына байланысты екендігін кӛрсетеді. Бұл болашақ мамандарды даярлауда оқыту үрдісінің тәжірибелік бағытталуын, теорияның тәжірибемен байланыстылығын қамтамасыз ету қажеттілігін анықтап беріп отыр.
Осы кезде (1959) Р. Уайттың «Motivation reconsidered: the concept of competence» атты еңбегінде, құзыреттілік категориясы мазмұндық тұрғысында тұлғалық компонент – мотивациямен толықтырылады. Адамдардың белгілі бір білім мен тәжірибені ӛмірде табысты қолдану үшін, сол саладағы пәндік әрекетке жағымды мотивациясы болу қажет. Мысалы, шет тілінде сӛйлеу үшін, сол тілге және оны ӛмірлік жағдайларда қолдануға қажеттіліктің болу тиіс.
Сонда, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін, сол кәсіби әрекет саласына жағымды қатынасы мен оны табысты жүзеге асыруға мотивациясын, сол кәсіби салаға сай құндылықтарын қалыптастыру маңызды.
И.А. Зимняя, құзыреттілік табиғаты мен мазмұнын анықтауға деген түрлі ғылыми кӛзқарастарды (Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, В.Н. Куницина, Г.Э. Белицкая, Л.И. Берестова, В.И. Байденко, А.В. Хуторской, Н.А. Гришанова және т.б.) талдай отырып, білім берудегі құзыреттілік кӛзқарастың қалыптасуын шартты түрде үш кезеңге бӛлді:
Бірінші кезең - 1960-1970 жж. – ғылыми қолданысқа «құзырлық» ұғымын енгізумен (Н. Хомский, Р. Уайт), құзырлық/құзыреттілік
ұғымдарын ажыратуға негіздемелердің жасалуымен сипатталады.
Осы кезеңнен бастап трансформациялық грамматика және тілдерді оқыту теориясы құрылымында тілдік құзыреттіліктің түрлері зерттеле бастады, «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымы енгізілді (Д. Хаймс).
Сӛйтіп, ХХ ғасырдың 60-шы жылдары қарастырылып отырған
«құзырлық» және «құзыреттілік» ұғымдарының айырмашылығы теориялық негізделді, оның соңғысының түсініктемесі интеллектуалдық және тұлғалық негізделген (яғни адамның білімі, таным қабілеттері, тұлғалық қасиеттері мен сапаларымен айқындалатын) адамның әлеуметтік-кәсіби әрекетінің тәжірибесі деп қарастырылады. Айта кету қажет, «құзырлық», «құзыреттілік» ұғымдары одан бұрын тұрмыста, әдебиетте де қолданылатын, олардың түсініктемесі түрлі сӛздіктерде берілетін.
Екінші кезең - 1970-1990 жж. – «құзырлық»/ «құзыреттілік» ұғымдарының тілді (әсіресе шет тілдерін), басқару мен менеджментегі кәсіпқойлыққа оқытудың теориясы мен тәжірибесінде, қарым-қатынасқа үйретуде қолданылумен сипатталады. Осы кезде әлеуметтік құзырлық/құзыреттілік ұғымдарының мазмұны құрастырыла бастады.
Бұл уақытта құзыреттіліктің 37 түрі анықталып қана қоймай (Дж. Равен құзыреттіліктің 37 түрін анықтады), сол құзыреттіліктерді қалыптастыруды кӛздейтін оқытудың ғылыми-теориялық негіздемесі жасала бастады (Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Л.А. Петровская).
Дж.Равеннің Лондон қаласында 1984 жылы жарық кӛрген
«Компетентность в современном обществе» атты еңбегінде, құзыреттіліктің кең түсініктемесі берілген. «Бұл шартты түрде бір-бірінен дербес болып келетін компоненттерден тұратын құбылыс...». Дж. Равен айтуынша
«құзыреттілік түрлері» бұл «мотивацияланған қабілеттер» (яғни қабілеттіліктің ӛмірлік жағдайларда айқындалып табысты қолданылуы соған деген жағымды мотивацияның болуымен байланысты, кәсіби әрекетті табысты жүзеге асыру үшін болашақ маманда оған деген жағымды мотивациясы болуы маңызды).
Білім беруге қатысты ғылыми категория ретінде құзыреттілік зерттелуінің үшінші кезеңі 1990 жылдан басталады және А.К. Маркова (1993, 1996), Л.М. Митина (1998), А.В, Хуторской (2002), А.А. Вербицкий және т.б. еңбектерінің пайда болуымен сипатталады. Осы кезде ғалымдар құзыреттілік кӛзқарасты білім берудегі мақсаттардың жаңа типі ретінде қарастырады.
Қазіргі уақытта, негізгі ресурсы мобильді және жоғары білікті адам капиталы болып табылатын жаңа экономика дамуы жағдайында Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптастып жатыр. Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде білім беру мекемелерін тәмамдаған жастардың ӛзінің және қоғамның әл-ауқаты үшін жеке жауапкершілікті артуға дайындығы мен қабілеттілігі қарастырылады.
Жастардың бойында әрекет ету және табысты болуға қабілеттілікті, кәсіби универсализмді, әрекет салаларын алмастыра алу қабілеттігін, жоғары дәрежедегі әрекет тәсілдерін қалыптастыру білім берудің мақсаттарына айналу қажет. Мобильділік, сенімділік, жауапкершілік, білімді меңгеру және таныс емес жағдайларда қолдану қабілеттілігі, басқа адамдармен қарым- қатынасты орнату қабілеттілігі ерекше сұранысқа ие болған қасиеттер мен сапаларға айналды.
Білім беру мекемесі қызметінің негізгі нәтижесі білім, іскерлік және дағдылар жүйесі емес, адамның нақты ӛмірлік жағдайларда әрекет ету қабілеттілігі болу тиіс.
ЮНЕСКО баяндамасында былай делінген: «Кәсіпкерлерге кейінгі кезде, олар үшін материалдық сипаттағы белгілі бір операцияларды жүзеге асыру іскерлігімен ұқсастырылатын жалғыз біліктілік емес, әлеуметтік мінез- құлық, топта жұмыс істеу қабілеттілігі, бастамашылдық және тәуекелге
құштарлық, біліктілік сияқты сапалар жиынтығы үйлескен құзыреттілік қажет.
Қазіргі педагогикада мамандарды даярлау жүйесі негізінде кӛптеген алуан түрлі ғылыми кӛзқарастар қалыптасқан. Олардың қатарында белгілі және тұрақты кӛзқарастар (дәстүрлі-білімге бағдарланған, жүйелілік, әрекеттік, кешенді, тұлғалық бағдарлы, тұлғалық-әрекеттік), сонымен қатар жаңа, ғылыми айналымға кейінгі кезде қосылғандар (жағдаяттық, мәтіндік, полипарадигмалық, ақпараттық, эргономикалық және т.б.) бар. Соңғыларға құзыреттілік кӛзқарас та жатады.
Бірінші топқа кірген әдіснамалар түрлі деңгейде болса да, белгілі бір дәрежеде негіздемелері бар. Олардың мәні философия, психология, педагогика тұрғысында негізделіп, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде кең қарастырылған.
Кӛзқарастардың екінші тобы толыққанды ғылыми негізделмеді, бірақ зерттеушілер арасында кең танылған.
Педагогикадағы құзыреттілік кӛзқарастың идеясы ӛткен ғасырдың 80- ші жылдары, «Перспективалар. Білім беру мәселелері» журналында В. де Ландшеердің «Минималды құзыреттілік тұжырымдамасы» шыққан кезде пайда болды. Бастапқыда құзыреттілік кӛзқарас емес, білім берудің мақсаты мен нәтижесі ретіндегі құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік жайлы сӛз қозғалған еді. Ол кезде құзыреттілік кең мағынасында «пәнді терең білу немесе меңгерілген іскерлік» ретінде анықталды.
Ұғымды игеру барысында оның кӛлемі мен мазмұны кеңейе берді. Соңғы кездері (ӛткен ғасырдың соңғы жылдарынан бастап) білім берудегі құзыреттілік кӛзқарас жайлы айтыла бастады (В. Болотов, Е.Я. Коган, В.А. Кальней, А.М. Новиков, В.В. Сериков, С.Е. Шишов, Б.Д. Эльконин және т.б.).
Қазақстанда білім берудегі құзыреттілік кӛзқарас мәселесін Г.Ж.Менлибекова, Б.Т.Кенжебекова, Ш.Курманалина, М.Жадрина, К.Устемиров, Н.Р.Шаметов және т.б. зерттеді.
Құзыреттілік кӛзқарас мәнін толық түсіну үшін, «кӛзқарас» («подход») түсінігінің астарында қандай мән жатқандығын анықтап алған жӛн. Әдебиетте кӛзқарас ұғымы мәселелерді шешу негізінде жатқан идеялар, принциптер, әдістер жиынтығы. Кейбір кезде кӛзқарасты әдіске теңейді (мысалы жүйелілік кӛзқарас немесе жүйелілік әдіс), бірақ кӛзқарас ұғымы әдістен қарағанда кең ұғым.
Кӛзқарас (подход) – бұл мәселені шешудің идеологиясы мен әдіснамасы, ол негізгі идеяны, әлеуметтік-экономикалық, философиялық, психологиялық-педагогикалық алғышарттарды, негізгі мақсаттарды, сол мақсаттарға жетудің принциптерін, кезеңдерін, механизмдерін анықтайды. Әдіс – ол тар ұғым, ол белгілі бір жағдайда белгілі бір міндетті шешуде қалай әрекет ету қажеттігі туралы білім.
Жоғарыда кӛрсетілген кӛзқарас ұғымының түсініктемесіне негізделе
отырып, құзыреттілік кӛзқарастың мақсаты мен мазмұнын ашып кӛрсететін болсақ.
Құзыреттілікке бағытталған кәсіби білім беру әлеуметтік- экономикалық, саяси-білім беру, педагогикалық алғышарттармен негізделіп ӛмірге келген білім берудегі объективті құбылыс. Ең бастысы, бұл кәсіби білім берудің ӛзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, нарықтық экономикамен қатар пайда болған процестерге реакциясы болып табылады.
Нарық қазіргі маманға мамандарды даярлау бағдарламаларында ескерілмеген біршама жаңа талаптарды қояды. Бұл талаптар, қатаң түрде белгілі бір пәнмен байланысты емес, олар метапәндік сипатқа ие және әмбебап болып табылады. Оларды қалыптастыру жаңа мазмұнды (пәндік) емес, жаңа педагогикалық технологияларды талап етеді. Аталған талаптарды кейбір авторлар базалық дағдылар (В.И. Байденко), басқалар – метакәсіби, базистік біліктіліктер (А.М. Новиков), үшіншілер – негізгі құзыреттіліктер.
Құзыреттілік кӛзқарастың педагогикалық алғышарттары теорияда да, тәжірибеде де бар. Кәсіби білімнің тәжірибесі туралы сӛз қозғасақ, оқытушылар білім беру мекемесенің болашақ мамандарға берген білім сапасы мен ӛндіріс, жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптармен арасындағы алшақтықты баяғыда-ақ байқады.
Бұл мысал болашақ мамандарды даярлау жүйесінде кемшіліктің бар екендігін кӛрсетеді, оның мәні, білім беру мекемелері мамандар бойында пәндік білім, іскерлік, дағдылар жүйесін қалыптастыра отырып, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын маңызды тұлғалық және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға кӛп мән бермейді.
Педагогикалық теорияда да құзыреттілік кӛзқарастың туындауына алғышарттар болды. Педагогика ғылымында, білім, іскерлік, дағды жүйесімен қатар шығармашылық әрекет пен эмоционалдық-құндылықтық қатынас тәжірибесін қалыптастыру маңыздылығына назар аударған білім беру мазмұнының тұжырымдамалары (И.Я. Лернер, В.В. Краевский, В.С. Леднев) жасалған еді. Білім алушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық ойлауын, мәселелерді шешу қабілеттерін дамытуға бағдарланған проблемалық оқыту тұжырымдамасы (М.И. Махмутов, И.Я. Лернер, Д.В. Вилькеев және т.б.), да жасалған еді. Пәндік білімдерді меңгерту барысында тұлғаны қалыптастыруды кӛздейтін тәрбиелеуші оқыту тұжырымдамалары (Х.Й. Лиймегс, В.С. Ильин, В.М. Коротов және т.б.), да бар.
Педагогикада білім алушылар бойында білім, іскерлік, дағдылармен қатар дербестікті, ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылыс пен дайындығын, жауапкершілігін, шығармашылық қабілеттерді дамытуды кӛздеген қаншама теориялар мен тұжырымдамалардың мысалдарын келтіруге болады. Бұл тұжырымдамалардың негізіне кірген идеялар мен оларды жүзеге асыру тәсілдері бұқаралық тәжірибеге енбеді, себебі олар мемлекет, ӛндіріс, қоғам тарапынан кӛп сұранысқа ие бола алмады.
Кәсіби білім беруде құзыреттілік кӛзқарасты жүзеге асырудың мақсаты
- құзыретті маманды қалыптастыру. Қазіргі кәсіби білім берудің педагогикасындағы құзыреттіліктерді нарықтық экономиканың қатынастары тудырған білім жүйесінің жаңа мақсаттары ретінде қарастырған жӛн. Оның
жаңалығы неде, бұл жаңа мақсаттардың дәстүрлі мақсаттардан, білім беруді ұйымдастырудың академиялық кӛзқарастарынан айырмашылығы неде?
Оның басты айырмашылығы, «білім берудің құзыреттілік моделі» еңбек нысанынан (пәннен) ӛктемдігінен дербес, бірақ одан мүлдем бас тартпайды, ол білім беру үрдісінің нәтижесіне пәнаралық, интеграциялық талаптарды кӛбірек талап етеді (яғни болашақ мамандарды арнайы білімдерден қарағанда әмбебап білімдер, дағдылар мен қабілеттердің болуын талап етеді).
Құзыреттілік кӛзқарастың мәні сонда, білім берудің мақсаттары дағдылар мен қабілеттерді еңбек саласында қолдана алумен сипатталады. Сондықтан құзыреттілік ұғымы белгілі бір пәндік әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті таным мен қарым-қатынас қабілеттерін қамтиды. Сондықтан кәсіби құзыреттілік құрылымында пәндік немесе арнайы, әдіснамалық және әлеуметтік құзыреттіліктерді ажыратады.
Б.Д. Эльконин пікірінше, «құзыреттілік – ол адамның әрекетке араласу
ӛлшемі». С.Е. Шишов құзыреттілікті білім мен жағдайдың арасында байланысты құруға мүмкіндік беретін (яғни білімді тәжірибеде жүзеге асыруға, мәселелерді шешуде пайдалануға мүмкіндік беретін) білім, құндылық, бейімділікке негізделген жалпы қабілеттілік ретінде қарастырады. Құзыреттілік кӛзқарасының қолдаушылар пікірінше, бұл кӛзқарас қазіргі қызмет етіп жатқан білім беру жүйесі мен қоғамның қажеттіліктері арасындағы алшақтықты жоюға кӛмектеседі. Себебі бұл кӛзқарастың мәні сонда, ол білім берудің мақсаттарын келесі триада ретінде құрастырады –
«әрекет ету іскерлігі», «ӛмір сүру іскерлігі», «іскерлік қабілеті».
О.Филатова кӛрсеткендей құзыреттілік кӛзқарасының негізгі идеялары тӛмендегідей тұжырымдалады:
құзыреттілік ӛзінің құрамына білім берудің интеллектуалдық және операционалдық компоненттерін де қамтиды;
құзыреттілік ұғымы тек когнитивті және операционалдық- технологиялық компоненттерді ғана емес, сонымен бірге мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық компоненттерін де қамтиды; ол оқыту нәтижелерін, құндылықтық бағдарлар жүйесін, әдеттерді және т.б. қамтиды;
құзыреттілік мәні – ол меңгерген білім, іскерлік, дағдыны, тәжірибе мен мінез-құлық тәсілдерін нақты ӛмірлік жағдаят, нақты іс-әрекет саласында жұмылдыра алу қабілеттілігі;
Бұл сипаттамаларға Г.Б. Голуб пен О. В. Чураков тӛмендегілерді қосады:
«құзыреттілік» ұғымы процессуалдық сипатқа ие, яғни құзыреттіліктер тек әрекетте айқындалады және сол әрекетте ғана қалыптасады (яғни болашақ маман бойында белгілі бір құзыреттілік қалыптасу үшін сәйкесінше оны сол пәндік әрекет саласына қосу қажет);
құзыреттілік кӛзқарас адамның ӛзгермелі қоғамға, жаңарып отыратын технологияларға бейімделу қажеттілігінен туындады. Құзыреттілік – ол ӛзгермелі қоғамның талаптарына жауап ретінде, ӛзіңнің бойында ӛзгерістерді
жасауға қабілеттілік, бірақ білім берудің негізгі ядросы – тұтас дүниетаным мен құндылықтар сақталу қажет.
Құзыреттілік кӛзқарастың мәні мен идеяларын, оның құрылымындағы білім беру мақсаттарын толық және терең түсіну үшін, осы әдіснамалық кӛзқарастың мәнін ашатын екі ұғым, құзыреттілік пен құзырлық ұғымдарын қарастырған жӛн.
Жалпы құзыреттіліктің мәні, кәсіби құзыреттілік және оның жіктелуі мәселелерін А.Дорофеев, В.С.Кульневич, Г.Селевко, Л.А.Петровская, Т.Е.Исаева, А.В.Хуторской, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Д.Шадриков, Г.Ж.Менлибекова, Б.Т.Кенжебеков, Дж.Равен, Ю.Г.Татур, И.А.Зимняя, В.Байденко, С.Е.Шишов, Ш.Таубаева және т.б. ӛз еңбектерінде қарастырды.
Білім берудің нәтижесі ретіндегі құзыреттілік мәселесі саласында М.Ж.Жадринаның, Д.П.Мучкиннің, А.Арғымбаеваның, К.Л.Кабдолова мен Г.У.Кунакованың, Р.Дәулетованың еңбектерін атауға болады.
Джон Равен, Д.П.Мучкин құзыреттіліктің мәнін, табиғатын қарастырса, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, И.А.Зимняя, Т.Е.Исаева, А.В.Хуторской, В.Д.Шадриков, Ю.Г.Татур, А.А. Жайтапова, Ш.Таубаева, В.Байденко және С.Е.Шишов еңбектерінде мамандардың кәсібилігі құрылымындағы құзыреттілік мәселесі зерттелген. Ал М.Ж. Жадрина, К.Л.Кабдолова, Г.У.Кунакова, А.Аргымбаева, А.Б.Изделеуова, Д.П.Мучкин, Р.Дәулетова ӛз зерттеулерін оқушылардың құзыреттілігі мәселелеріне арнаған, олар құзыреттіліктерді орта білім берудің нәтижелері ретінде анықтайды.
Құзыреттілік ұғымының мәнін анықтауда ең бірінші профессор А.Қ.Құсайынов жетекшілігімен жасалған педагогика және психология бойынша «Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сӛздігі» (Алматы, 2002) қаралды. Онда келесі анықтама ұсынылады «құзыр, білік (компетенция) – 1) Жалпы алғанда – белгілі бір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау; 2) тіл мен психолингвистикада – тілдің базалық, абстрактілі ережелерін меңгеру. Бұл жерде құзыр мен сӛйлеуде тілді қолдану дегенді айыра білу керек. Құзыр теориясы лингвистикалық білімдер мен грамматиканың теориясы болып табылады; 3) сот психиатриясында сот отырысына қатысуға психикалық тұрғыдан қабілетті деп есептелетін адамды белгілеуде қолданылады. Әдетте, құзырлықты анықтағанда адам жауаптылықтың мәнін және айыптау үкімі шығарылуының заңы салдарын түсінеді, адам ӛзін қорғауға қатысуға қабілетті деген критерийлері есепке алынады.
Сӛйтіп, құзыреттілік (компетентность) ұғымы қазақ тілінде белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартында «құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен кӛрінетін білім нәтижесі». Бұл жерде білім берудің нәтижесі ретінде кӛрсетілген құзыреттіліктің мәні де білімге негізделген іс- әрекет тәжірибесін табысты меңгерумен сәйкестендіріледі.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында да құзыреттілік ұғымы іс-әрекетті табысты орындау қабілеттілігімен сипатталады және білім берудің нәтижелері ретінде анықталады.
Джон Равен: «Құзыреттілік – нақты пәндік салада белгілі бір әрекетті жемісті орындауға қажетті қабілет, ол ӛзіне бір саланың білімін, ерекше пәндік дағдыларын, ойлау тәсілдерін және ӛз әрекеті үшін жауапкершілікті түсінуді қамтиды. Құзыреттіліктің табиғатының ерекшелігі сонда, ол адамның құндылықтарымен үйлесімділікте ғана айқындалады, яғни бұл әрекетке деген тұлғаның үлкен қызығушылығы болған жағдайда кӛрінеді» - деп тұжырымдайды.
Сонымен, Джон Равен құзыреттілікті қабілет тұрғысынан қарастырады, осы кӛзқарасты С.Е.Шишов пен О.Волкова да ұстанады.
С.Е.Шишов 1996 жылы Берн қаласында ӛткен «Ключевые компетенции для Европы» атты симпозиум материалдарына негізделе отырып, құзыретті
маманның кәсіби іс-әрекетте ӛзінің білім мен іскерліктерін, сонымен бірге әрекетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін жұмылдыра алу қабілеті ретінде анықтайды.
О.Волкова құзыреттілікті қабілеттер мен іскерліктердің жиынтығы немесе жүйесі ретінде қарастырады.
Құзыреттілікті тұлғаның кіріктірілген қасиеті немесе кіріктірілген
тұтастығы ретінде И.А.Зимняя, Ю.Г.Татур, В.Е.Гаибова мен А.П.Чернявская, А.Арғымбаева, Ш.Таубаева, Д.П.Мучкин және Г.Селевко, А.Петров қарастырады.
И.А.Зимняя: «Құзыреттілік – ол білімге негізделген, интеллектуалдық және тұлғалық айқындалған адамның әлеуметтік-кәсіби сипаттамасы ретіндегі адамның ӛзекті, қалыптастырылатын тұлғалық қасиеті», - деп тұжырымдайды.
Ал, Ю.Г.Татур шетел сӛздерінің қысқаша сӛздігінде және энциклопедиялық сӛздікте құзыреттілікке берілген түсініктерді талдай отырып, ӛзінің келесі ұғымын береді: «Құзыреттілік - белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін тұлғаның қасиеті, сипаттамасы ретінде қаралады. Бұл қасиеттің негізін білімдер, хабардарлық, адамның әлеуметтік-кәсіби әрекетінің тәжірибесі құрайды. Сӛйтіп, «құзыреттілік» ұғымының жинақтаушы, интегративті сипаты айқындалады».
«Құзыреттілік» ұғымының мәніне үңілетін болсақ, онда адам сәйкесінше ақпаратты, білімді және практикалық тәжірибені меңгерген соң ғана құзыретті болады. Сәйкесінше, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда білім беру саласының орны басым.
Ғалым құзыреттіліктің қандай болса да түрінің міндетті компоненттерін (элементтері) кӛрсетті, олар тӛмендегідей:
құзыреттілікті іске асыруға жағымды мотивация;
іс-әрекеттің мазмұны мен нәтижесіне құндылықты қатынас;
белгілі бір әрекетті іске асырудың тәсілін таңдаудың негізінде жатқан білімдер;
бар білім негізінде қажетті әрекеттерді жемісті орындауға бағытталған іскерлік, тәжірибе (дағды).
Ю.Г.Татурдың пікірінше құзыреттілік ұғымының мәнін келесі ұғымдар ашады: білім, қабілет, іскерлік, түсінушілік, дағды.
В.Е.Гаибова мен А.П.Чернявская құзыреттілікті «адамның кіріктірілген қасиеті, ӛзін қызықтыратын іс-әрекетті терең білім және үнемі жинақталып отыратын тәжірибе негізінде кәсіби деңгейде орындау қабілеті» ретінде анықтайды. Құзыреттіліктің негізгі компоненттері ретінде, олар мотивациялық-эмоционалдық (мен қалаймын), когнитивтік (мен білемін), іс- әрекеттік (істей аламын) компоненттер деп кӛрсетеді.
Сол сияқты Р.Дәулетова ӛзінің жұмыстарында құзыреттілік ұғымын
қабілеттілік тұрғысынан қарастырады. Ӛзінің зерттеу пәніне алған коммуникативтік құзыреттілік ұғымын ол қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін білім мен тәжірибеге негізделген қабілеттілік ретінде анықтайды.
Ш.Таубаева мен Г.Селевконың құзыреттілік түсінігіне берген анықтамалары ұқсас болып келеді. Олар, тұлғаның кіріктірілген қасиетін құрайтын негізгі элементтер - жалпы қабілеттілік пен іс-әрекетке даярлық деп тұжырымдайды.
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.
Г.Селевко мақаласында «Құзыреттілік – оқыту мен әлеуметтену процесінде меңгерілген білім мен тәжірибеге негізделген, іс-әрекетке дербес және жемісті қатысуға бағытталған, жалпы қабілеттілігі мен іс-әрекетке даярлығымен айқындалатын тұлғаның кіріктірілген қасиеті»,- дейді.
Д.П.Мучкин құзыреттілікті тұлғаның кіріктірілген қасиеті ретінде қарастырады. Ол құзыреттілік пен құзырет ұғымдарының арасындағы ерекшеліктерді кӛрсетті. Сонымен, зерттеушінің пікірінше, құзырет – ол продуктивті іс-әрекетті іске асыруға қажетті тұлғаның ӛзара байланысқан қасиеттерінің (білімдер, іскерліктер, дағдылар, іс-әрекет тәсілдері) жиынтығы, ал құзыреттілік – адамның сәйкесінше құзыретті меңгеруі, сонымен бірге ол тұлғаның бұл құзырет пен іс-әрекетке деген қатынасын қамтиды.
Э.Зеер мен Э.Сыманюк, Джон Равеннің, Ю.Г.Татурдың,
«Құзыреттіліктер жалпыланған, әмбебап білімдерге қарағанда әрекеттік, практикалық-бағдарланған сипатқа ие. Сондықтан олар, теориялық және қолданбалы білімдер жүйесімен қатар, когнитивті және операционалдық- технологиялық құрылымдық бӛліктерін қамтиды. Яғни, құзыреттілік – бұл әрекет үстіндегі білімдер жиынтығы (жүйесі). Білімдерді меңгеру, түрлендіру және қолдану белсенді таным әрекетін қажет етеді, сондықтан құзыреттіліктің құрылымына эмоционалдық-жігерлік және мотивациялық компоненттер кіреді. Бірақ құзыреттіліктің мәнін ашатын негізгі компоненттер іс-әрекеттік, процессуалдық білімдер болып табылады.
Құзыреттіліктің маңызды компоненті тәжірибе, яғни адам меңгерген міндеттерді шешудің жеке әрекеттерінің, тәсілдері мен амалдардың бірыңғай тұтастыққа кіріктірілуі».
Сонымен бірге, олар құзыреттіліктерді қалыптастырудың келесі технологияларын ұсынды:
іс-әрекеттік-бағдарланған технологиялар: жобалар әдісі және бағыттаушы мәтін әдісі, контекстілік оқыту, ұйымдастырушылық-іс- әрекеттік ойындар, кешендік (дидактикалық) тапсырмалар, технологиялық карталар, технологиялық процестерді имитациялық-ойындық модельдеу және т.б.;
тұлғалық-бағдарланған технологиялар: интерактивті және имитациялық ойындар, дамытушы тренингтер, дамытушы психодиагностика және т.б.
А.Петров құзыреттілікті пәндік білім мен іскерліктерді, практикалық іс-әрекеттің тәжірибесін біріктіретін күрделі құрылым ретінде қарастырады. Сонымен бірге, ол құзыреттіліктің құрылымдық компоненттерін ұсынды, олар тӛмендегідей:
когнитивті (пәндік саладағы білімдер жиынтығы, олардың негізінде құзыреттілік қалыптасады);
іс-әрекеттік (практикалық тәжірибе);
операциялық-технологиялық (есептерді практикалық шешудің іскерліктері мен дағдыларының жиынтығы);
тұлғалық (берілген пәндік іс-әрекет үшін маңызды дара- психологиялық қасиеттер мен қабілеттер жиынтығы және тұлғаның бағыттылығы);
құндылықтық (құндылықтық бағдарлардың, іс-әрекет мақсаты мен міндеттеріне адекватты мотивтердің, дүниетанымдық позициясының жиынтығы);
рефлексивті (іс-әрекетті және оның нәтижелерін ойластыру, бағалау, болжам жасау қабілеті).
А.В.Хуторской «құзырлық» және «құзыреттілік» түсініктерін ажырата отырып оларға тӛмендегідей анықтама береді.
Құзырлық – заттар мен үрдістердің белгілі бір шеңберіне қатысты анықталатын, соларға қатысты сапалы ӛнімді әрекет үшін қажетті тұлғаның ӛзара байланысқан сапаларының (білім, іскерлік, дағды, әрекет тәсілдері, құндылықтар, мотивация) жиынтығы.
Құзыреттілік – адамның белгілі бір құзырлықты игеруі, меңгеруі, ол ӛзіне сол құзырлыққа және сол әрекет пәніне деген қатынасын да қамтиды.
Құзыреттілік ӛзіне тек когнитивті және операционалдық- технологиялық компоненттерді ғана емес, сонымен бірге мотивациялық, этикалық, әлеуметтік, мінез-құлықтық компоненттерді, оқыту нәтижелерін (білім мен іскерліктер), құндылықтық бағдарлар жүйесін қамтиды.
С.Е.Шишов, 1996 жылы Берн қаласында ӛткен «Еуропа үшін негізгі құзырлықтар» атты симпозиум материалдарын қолдана отырып келесі тұжырым жасайды: құзыреттілік ол маманның кәсіби әрекет жүйесінде ӛз білімі мен іскерліктерін, әрекет тәсілдерін жұмылдыра алу қабілеттілігі; маман ӛз құзыреттілігін нақты бір әрекетте, нақты бір жағдаяттарда жүзеге асырады; айқындалмаған құзырлық құпия ашылмаған мүмкіндікті ғана сипаттайды.
ЮНЕСКО-ның «Еңбекті жаңаша ұйымдастырудың жаңа технологиялары жағдайында білім беру талаптары» атты жобасы бойынша болашақта адамдар тиімді жұмыс атқаруы үшін келесі іскерліктер мен дағдыларды меңгерулері тиіс: