Педагогикасы


Педагогиканың нысаны мен пәні, міндеттері



бет4/50
Дата14.10.2023
өлшемі298,41 Kb.
#114753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

Педагогиканың нысаны мен пәні, міндеттері


Кез келген ғылымның зерттеу саласын анықтайтын нысаны мен пәні болады. Педагогика ғылымының нысаны адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуы жүретін педагогикалық шынайылық болып табылады.
Педагогика ғылымының пәні ӛте күрделі құрылым, ӛйткені ол мақсаты мен мазмұны қоғам талаптарымен айқындалатын, адам тұлғасының қажеттіліктерін қанағаттандырып, оның әлеуетін дамытуға арналған тәрбие, педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен қағидалары, нақты тәжірибесі болып табылады. Педагогика тұтас педагогикалық үрдістің құрылымын, мазмұнын және даму диалектикасын зерттей отырып, оның заңдылықтарын, негізгі қағидаларын, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық түрлері мен әдістерін анықтайды.
Педагогиканың пәні оның негізгі категорияларын ӛзіне қамтиды. Педагогика ғылымының негізгі категориялары тӛмендегілер: білім беру,
тәрбие, оқыту. Ал Н.Д.Хмель педагогиканың негізгі категорияларына педагогикалық үрдісті де қосады.
Педагогиканың категорияларының ішінде маңызды орын алатын және ӛте күрделі үрдіс болып табылатын тәрбие үрдісі. Тәрбие үрдісінің күрделілігі оның тарихи сипатқа ие болуымен және әлеуметтік негізделуімен айқындалады. Әрбір тарихи кезеңде оның мақсаты мен мазмұны, әдіс- тәсілдері ӛзгеріп отырады, осы арқылы тәрбие үрдісінің динамикалық сипаты ашылады. Тәрбие үрдісінің күрделілігі мен кӛпқырлылығына байланысты педагогика ғылымында оны кең және тар мағынасында қарастырады.
Тәрбие кең әлеуметтік мағынасында – адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру үрдісі ретінде қарастырылады. Бұл жерде тәрбие үрдісі мәдениет
пен білімді ұрпақтан ұрпаққа трансформациялау құралы ретінде анықталған. Әрбір ұрпақтың міндеті аға ұрпақ тәжірибесін меңгере отырып оны байыту, жетілдіру және келесі ұрпаққа алмастыру болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік тәжірибесін меңгеру адамға сол қоғамға әлеуметтену, оның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік береді. Бірақ тәрбие үрдісі барысында адамның тек әлеуметтенуі ғана емес (қоғам талаптарына сай қалыптасуы), сонымен бірге персонализациясы да жүреді. Персонализация барысында адам ӛзін қоғам мүшесі ретінде әлеуметтік сапалармен қатар жеке даралығын дамытады, ӛзінің қайталанбастығын, ерекшелігін танытады.
Тәрбие тар мағынасында – тәрбиеленушілер бойында кӛзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ӛзара әрекеттесу үрдісі. Тәрбие үрдісінің бұл анықтамасы осы үрдістің екі жақтылығы мен мақсаттылығын, нәтижеге бағыттылығын сипаттайды. Тәрбиенің мақсаты әрдайым қоғам және бала тұлғасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Тәрбие мақсаттарының табысты жүзеге асуы осы үрдістің субъектілері болып табылатын мұғалім-тәрбиешінің және оқушылар- тәрбиеленушілердің ынтымақтастыққа негізделген бірлескен, екі жақты әрекетіне тікелей тәуелд і. Тәрбиенің табыстылығы тек тәрбиеге ғана емес, бірінші кезекте, тәрбиеленушінің саналы түрді ӛзін-ӛзі тәрбиелеуіне тәуелді.
Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың мақсатты түрде ӛзара әрекеттесуі. Оқыту ол таным үрдісі. Оның барысында психикалық үрдістер дамиды (қабылдау, түйсік, ес, ойлау және т.б.) және олардың кӛмегімен оқушылар білім, білік, дағды, шығармашылық әрекет тәжірибесін, эмоционалдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді, ерік-жігерін дамытады. Оқыту тәрбие үрдісімен тығыз байланысқан үрдіс болғандықтан ол да мақсатты, нәтижеге бағытталған екі жақты үрдіс болып табылады. Оның мақсаттарына келетін болсақ, педагогикалық ойлар дамуының тарихында түрлі идеялар айтылған.
Неміс педагогы А.Дистервег оқыту мақсатын келесідей кӛрсетеді:
«Оқытудың мәні сонда ол негізі ақиқаттарды меңгеру бойынша дербестікті тәрбиелеу қажет». Қасиетті Августин "Ұстаз туралы" трактатында «Ұстаз ісі ӛз басынан оқушы басына білімді жеткізуге емес, оның ақыл-ойын оятуға бағытталу тиіс».
Оқыту - тәрбие және дамыту үрдістерімен ӛзара тығыз байланысқан тұтас үрдіс болып табылады. Сондықтан, жоғарыдағы анықтамаларда кӛрсетілгендей ол оқушылардың тек таным қабілеттерін дамытып, ғылыми білім мен біліктер жүйесін меңгертіп қана қоймай, оның әлеуметтік болмысы мен даралығын дамытуы қажет. Оқушы оқыту үрдісі барысында мұғаліммен және сыныптастарымен бірлескен таным әрекеті арқылы әлеуметтік қарым- қатынасқа бейімделіп, ӛз даралығын жетілдіруге мүмкіндік алуы тиіс.
Білім беру ұғымы педагогика ғылымында бірнеше аспекті тұрғысынан қарастырылады. Білім беру - үрдіс, нәтиже, жүйе және құндылық болып табылады.
Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны, құндылықтар мен әрекет тәжірибесін игеру үрдісі мен оның нәтижесі.
Білім беру - бұл әлеуметтік құбылыс ретінде дербес жүйе, оның негізгі функциясы қоғам мүшелерін оқыту және тәрбиелеу, белгілі бір білімді, идеяларды, адамгершілік құндылықтарды, іскерлік, дағдылар, мінез-құлық нормаларын меңгеруге бағытталады, олардың мазмұны қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты және қоғамның материалдық техникалық даму деңгейін анықтайды (И.В.Сластенин).
«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі - ӛзара іс-қимыл жасайтын білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының; меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының; білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеттеріне тӛмендегілер жатады:

  1. ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

  2. жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты ӛмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой- ӛрісін байыту;

  3. азаматтық пен патриотизмге, ӛз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүр- лерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген кӛріністерге тӛзбеуге тәрбиелеу;

  4. белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени ӛміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның ӛз құқықтары мен міндеттеріне саналы кӛзқарасын қалыптастыру;

  5. отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

  6. педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

  7. білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру

ісін басқаруды демократияландыру;

  1. қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

  2. оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының ӛзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

  3. жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы ӛзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге ӛзінің білімге негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға кӛмектесетін оқыту жүйесін ӛмір бойы дамыту;

  4. білімнің, ғылымның және ӛндірістің интеграциясы;

  5. білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;

  6. жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді ӛзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш білім беруді, негізгі орта білім беруді, орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді), орта білімнен кейінгі білім беруді, жоғары білім беруді, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
Құндылық аспектісінде білім беру мәдениеттің бір бӛлшегі ретінде адамның рухани байлығы болып табылады.
Педагогика ғылымы кез-келген ғылым атқаратын қызметтерді
атқарады: ӛзі зерттейтін шынайылық саласының құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау. Бірақ, әлеуметтік-гуманитарлық салаға жататын педагогикалық ғылымның ӛзіндік ерекшелігі бар. Педагогикалық теорияның болжау қызметі, мысалы, физикадағы теориядан айырмашылығы сонда, ол зерттеу пәнін тек болжап қоймайды, сонымен бірге оны түрлендіруге бағытталады. Педагогикалық ғылым зерттеу пәнін объективті сипаттаумен шектеле алмайды, ол педагогикалық шынайылыққа әсер етуі, оны жетілдіруі тиіс. Сондықтан ол ӛзіне келесі екі маңызды қызметті қамтиды: теориялық және технологиялық.
Педагогиканың теориялық қызметі үш деңгейде жүзеге асады:
Сипаттаушы және түсіндірмелі деңгейі - алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибені зерттейді.
Диагностикалық деңгей - педагогикалық құбылыстардың жағдайы, тиімділігі немесе педагогтар мен оқушылар іс-әрекетінің тиімділігі, оларды қамтамасыз ететін жағдайлар мен себептерді анықтайды.
Прогностикалық деңгей – педагогикалық шындықты эксперименттік зерттеу арқылы анықтап, олардың негізінде шынайылықты ӛзгерту моделін жасайды. Прогностикалық деңгей педагогикалық құбылыстардың мәнін
ашуға негізделеді. Бұл деңгейде оқыту мен тәрбиенің теориясы, педагогикалық жүйелердің моделі жасалады.
Педагогиканың технологиялық қызметі де үш деңгейден тұрады:
Жобалау деңгейінде - теориялық тұжырымдамалар және педагогикалық шындықты, оның мазмұны мен сипатын анықтайтын нормативті немесе регулятивті жоспарды жүзеге асыратын әдістемелік материалдар (оқу жоспары, білім беру бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралы, педагогикалық нұсқаулар) дайындалады.
Қайта құрушы деңгей - педагогика ғылымы қол жеткен жетістіктерді білім беру тәжірибесін жетілдіру және реконструкциялау мақсатында қолдануға бағытталады.
Рефлексивті және түзетуші деңгей - оқыту және тәрбие тәжірибесіне ғылыми зерттеу нәтижелерінің әсерін бағалайды және оның ғылыми теория және тәжірибелік іс-әрекеттің ӛзара байланысындағы түзетулерді қарастырады.
Педагогика қолданбалы ғылым ретінде ӛзінің күш жігерін қоғамда пайда болатын тәрбие, білім беру, оқытудың проблемаларын шешуге бағыттайды. Педагогика ғылымының даму кӛздері: ғасырлар бойы жинақталған тәрбие туралы ойлар, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, халықтың тәрбие туралы жинақтаған тәжірибелері, философиялық, психологиялық, қоғамтану ғылымдарының еңбектері, қазіргі әлемдік және отандық тәрбие тәжірибесі, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулердің мәліметтері, педагог-новаторлардың тәжірибесі.
Сӛйтіп, педагогиканың ғылыми және тәжірибелік міндеттерін ажырату қажет. Осы саладағы тәжірибелік жұмыс тәрбие мен оқыту әрекетінде нақты нәтижелерді алуға бағытталса, ғылыми – осы іс-әрекет шынайы түрде қалай іске асатыны және оның тиімділігін қалай арттыруға болатыны туралы білімдерді алуға бағытталады.
Педагогиканың ғылым ретіндегі міндеттерін тӛмендегідей сипаттауға болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет