2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі (Платформа жұмыс істей бастағанға дейін) Біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге кезекті аттестаттаудан кейін кемінде 2 (екі) жыл өткен соң жол беріледі. Педагог мерзімінен бұрын аттестаттауға өтінішті осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен кемінде соңғы екі жыл ішінде тиісті қызмет нәтижелері болған кезде береді.
Біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру үшін:
«педагог-модератор» - педагог кемінде екі талапқа сәйкес болуы тиіс:
пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, С1 деңгейінен (CEFR) төмен емес ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша «магистр» академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан/қала (облыстық/республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
«педагог-сарапшы» - педагог кемінде төрт талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлердегі кәсіптік шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органдары немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
аудандық/қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) педагогтер үшін іс-шаралар өткізуге қатысады;
С1 (CEFR) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері.
«педагог-зерттеуші» - педагог кемінде бес талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD ғылыми докторы дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар.
«педагог-шебер» - педагог кемінде алты талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы немесе жүлдегері болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте республикалық деңгейде тәжірибені таратады;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
Қазақстан Республикасының «Үздік педагогы» атағына ие болған адамдар.
44. Платформа жұмыс істей бастаған сәттен бастап тиісті деңгейдегі Комиссия, егер педагог қолданыстағы біліктілік санатынан жоғары қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жыл сайын (2 жыл бойы үздіксіз) орындаған жағдайда, біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру туралы шешім шығаруға құқылы.
«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санатына педагог мерзімінен бұрын берген жағдайда, тиісінше «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаты үшін шекті деңгейдегі ПББ өткендігі туралы сертификат ұсынады.
45. Өтініш берген біліктілік санатынан ПББ төмен нәтижесін алған педагог қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға жіберілмейді.
ПББ нәтижесі мәлімделген біліктілік санатынан төмен болған педагог ПББ нәтижелері сәйкес келетін санатқа қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға жіберіледі.
«Педагог-модератор» тиісті санатынан төмен ПББ нәтижесін алған педагог қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға жіберілмейді.
46. Комиссия «өтініш білдірген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған кезде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.