Іскерлік пен дағдылар:
педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды;
білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді;
жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді;
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт
балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді ;
оқыту мен тәрбиеде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады;
өзге өмір салтына, өзге мәдениетке толеранттілікті қалыптастырады.
Білім:
балаларды оқыту мен дамытудағы тәрбиелеудің басыңқы рөлін түсіну;
балаларды тәрбиелеудегі ересек адамдардың үлгі болуының жетекші рөлін түсіну;
«оқытып тәрбиелеу» жалпы дидактикалық қағидатты іске асыру әдістері мен тәсілдері;
бастауыш мектеп педагогикасының ерекшеліктері;
гуманистік педагогиканың қазіргі тұжырымдамалары;
бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі денсаулықты сақтау заманауи
технологиялары.
3-еңбек қызметі
Әдістемелік: білім
үдерісін әдістемелік
қамтамасыз етуді
жүзеге асырады
Іскерлік пен дағдылар:
тәлімгер жетекшілігімен заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес педагогикалық
әрекетті ұйымдастырады
тәлімгер жеткшілігімен оқу бағдарлама талаптарына сәйкес оқу сабақтарын жоспарлайды;
өзінің кәсіби даму траекториясын анықтайды;
есеп құжаттарын рәсімдейді ;
АКТ-құзыреттілігінің жалпы тұтыну деңгейін игереді: мәтіндерді теруді және шығаруды іске
асырады, интернет көздерінен ақпаратты таңдайды; оқушыларды үйрету үшін компьютерлік
таныстыру рәсімдері мен ресурстарын дайындайды;
Әріптестерімен әрекеттікте пәнге бағытталған ақпараттарды қазақ Т2, орыс Т2 және ағылшын
Т3 тілдерінде әзірлейді емес ((көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер ).
Білім:
отандық және шетелдік білім жүйесі дамуының заманауи үрдістері;
білім саласындағы ұлттық заңнамаларды (Бала құқығы туралы конвенция, «ҚР Білім туралы», «ҚР
бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік
қызмет көрсету туралы», «ҚР тілдер туралы» заңдарын, ҚР еңбек кодексін ;
МЖМБС, типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламалары ;
білім ұйымдарының әрекеті мәселелері бойынша басқа нормативтік құқықтық актілер;
ҚР білім жүйесінің ерекшеліктері.
4-еңбек қызметі
Зерттеушілік: білім
мазмұнын меңгеру
деңгейін
зерделейді, білім
ортасын зерттейді
Достарыңызбен бөлісу: |