Педагогтің кәсіби стандарты Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет1/92
Дата13.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#42771
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
ПС Педагог каз (1)



«Атамекен» Қазақстан Республикасы 
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 
Басқарма төрағасының 
2017 жылғы 8 маусымдағы 
№ 133 бұйрығына қосымша
 
 
Педагогтің кәсіби стандарты 
 
1. Жалпы ережелер 
1.1 Кәсіби стандарт «Педагог» білім бағдарламаларын қалыптастыруға, 
оның ішінде білім ұйымдарының қызметкерлерін оқытуға, білім ұйымдарының 
бітірушілері мен қызметкерлерін сертификаттауға арналған. 
1.2 Қолданыстағы кәсіби стандартта төмендегі терминдер мен 
анықтамалар қолданылады: 
1.2.3 
Тәрбие – әлеуметтік-мәдени нормативтік модельдерге сәйкес 
қоғамдық және мәдени өмірге қатысуға дайындау мақсатында тұлғаның 
мақсатты бағытталған қалыптасуы. 
1.2.4 
Деңгей біліктілігі/біліктіліктік деңгейі – қызметкердің еңбек 
әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілік пен дербестік 
өлшемдері бойынша сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыреттілік 
деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы. 
1.2.5 
Біліктілік – қызметкердің нақты еңбек қызметін сапалы 
орындауға дайын болу дәрежесі. 
1.2.6 
Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын 
біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы.
1.2.7 
Ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығында мамандар даярлау 
сұраныс пен ұсыныстарды реттеуге арналған құқықтық және институционалды 
тетіктердің жиынтығы. 
1.2.8 
Салалық біліктіліктердің шеңбері (СБШ) – салада танылатын 
біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы. 
1.2.9 
Сала/негізгі топ – өндірілетін өнім, өндіріс технологиялары, 
негізгі қорлар мен жұмысшылардың кәсіби дағдыларының ортақтастығына тән 
кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы. 
1.2.10 Кәсіби 
топ – кәсіби топшалардың жиынтығы, жалпы 
интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, 
технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындайтын 
болжалды ұқсас еңбек қызметінің жиынтығы мен құзыреттіліктері. 
1.2.11 Кәсіби 
топшалар – мамандықтардың жиынтығы, еңбек 
қызметінің қалыптасқан тұтас жиынтығы және оларды орындау үшін қажетті 
құзыреттіліктер. 
1.2.12 Кәсіби стандарт (КС) – стандарт, нақты бір сала бойынша кәсіби 
қызметке, еңбек жағдайы мен біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, мазмұнға, 
сапаға қойылатын талаптар.


1.2.13 Кәсіп/мамандық – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және 
білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді және 
практикалық дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі.
1.2.14 Еңбек қызметі – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерді 
шешуге бағытталған өзара байланыстағы іс-әрекеттер жиынтығы. 
1.3 
Осы кәсіби стандартта төмендегідей қысқартулар пайдаланылды: 
1.3.1 
ҚР – Қазақстан Республикасы. 
1.3.2 
НҚА – нормативтік құқықтық актілер. 
1.3.3 
ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері. 
1.3.4 
СБШ – салалық біліктілік шеңбері. 
1.4 Кәсіби стандарттың сипатталуы 
1.4.1 Кәсіби стандарт ұлттық біліктілік жүйесінің төрт негізгі элементінің 
біреуі болып табылады. Білім саласындағы өздігінен/информальді, ресми, 
ресми емес оқытудың нәтижелерін Ұлттық біліктілік шеңберіндегі (ҰБШ) және 
Салалық біліктілік шеңберіндегі (СБШ) деңгейлерді ескеріп білім саласындағы 
ресми, ресми емес, спонтанды оқытудың нәтижелерін мақұлдауға негіз болады, 
жұмыс беруші және академиялық орта біліктілікті мойындауға және бағалауға 
жағдай жасайды.
1.4.2 Кәсіби стандарт білім бағдарламалары мен педагогикалық 
мамандықтардың модульдерін әзірлеу, педагогтарды сертификаттау үшін 
бағалау материалдарын дайындау және біліктілік деңгейлерінің критерийлерін 
әзірлеу кезеңінде негіз болып табылады.
1.4.3 Кәсіби стандарт педагогтің кәсіби біліктілігін арттыру жоспарлауын 
жасау үшін және маңсапқа жету үшін қызмет етеді. Әр келесі деңгей алдыңғы 
деңгейлердің 
көрсеткіш 
жиынтығын 
жетілдіреді. 
Дескрипторлардың 
жинақтаушы және жүйелі сипаты деңгейден деңгейге оқыту нәтижесінің 
сабақтастығын қамтамасыз етеді.
1.4.4 Кәсіби стандарт төлқұжаттан және білімдегі СБШ 12 деңгейшемен 
сипатталатын және ҰБШ (4-ден 8-деңгейше) 5 деңгейшелерге сәйкес үш жалпы 
көрсеткіш: «білім», «іскерлік пен дағдылар», «тұлғалық және кәсіби 
құзыреттіліктер» көрсетілген мамандық карточкасынан тұрады. 12 деңгейшенің 
дескрипторлары дербестік пен жауапкершілікті және педагогтің атқаратын 
еңбек қызметінің күрделілігін ескереді: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет