педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды; білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді; жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді;
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеуілі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді ; оқыту мен тәрбиеде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады;
өзге өмір салтына, өзге мәдениетке толеранттілікті қалыптастырады.
3. Әдістемелік еңбек қызметі
3. Әдістемелік еңбек қызметі
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен сыныпта оқытудың қолайлы орта құрайды;
өз бетімен сабақтың белгіленген мақсатына, жас ерекшеліктеріне, қажеттілігіне сәйкес оқу материалдарын әзірлейді;
өз бетімен білім алушыларды оқыту үшін ресурстар мен компьютерлік презентацияларды дайындайды;
өз бетімен педагогикалық шеберлікті жетілдіру үшін үнемі жұмыс жасайды; тәлімгердің жетекшілігімен оқытудың стратегияларын, инновациялық әдістер мен формаларды қолданады;
әріптестерімен өзара әрекеттесе әдіс пен тәсілдемені анықтайды, білім алушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады;
әріптестерімен өзара әрекеттесе сабақтың белгіленген мақсатына сәйкес оқу материалдарын әзірлейді;
әріптестерімен өзара әрекеттесе пәндік-тілдік технологияның қолдануын есепке ала отырып оқу үдерісін жоспарлайды (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін ).