Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру



бет6/6
Дата01.12.2022
өлшемі3,29 Mb.
#54096
1   2   3   4   5   6
Диктатор" мотивациялық стильі. Диктатор өзін және өзгелерді қатаң бұйрықтармен ынталандырады. Бұл әдісті қолданатын адам көбінесе "қажет", "тиіс" немесе "міндетті" сияқты сөздерді қолданады. Көпшілік адамдар оны орындауға құлықсыздық танытады. Бұйрықтардың орынына шақыруларға көшу арқылы өзін және өзгелерді ынталандыру нәтижелірек. Дауыстық модуляциялардың маңыздылығы туралы аз жазылмаған. Сондықтан да жағымды екпінге көшу "жақсы болар еді", "пайдалы болар еді", "біз қалаймыз" тіркестері сияқты үлкен өзгерістер тудырады.
Орындауды елестетіп көр" мотивациялық стилі. Көптеген оқушылар мәселенің орындалуын елестетіп көрудің орнына, бұл тапсырманы (мысалды шешу, жауапты табу, материалды еске түсіру) орындаудың қиындығы туралы ойда қалып қояды. Ондай оқушыларды толғаныс күйінен тапсырманың орындалуы ол үшін немен бағалы екенін түсіндіру арқылы алып шығуға болады, яғни тағы да жағымды мотивация күшіне енеді. Бұл нәтижесіз мотивтердің ішіндегі ең қиындарының бірі, сондықтан да кейде оқушыға орындалуы қиындық туғызатын тапсырмаларды кейінге қалдыра тұруға кеңес беру пайдалырақ
Қайтақұру мотивациялық стилі. Кейбір оқушылар барлық тапсырманы немесе бар жауапты жұмыстың үлкен бір қатерлі, топтастырылмаған көлемі ретінде қабылдауға бейім тұрады және әдетте өздерін шектен тыс тапсырма берілген адам ретінде сезінеді. Шектен тыс тапсырма берілген адам өзін жұмысқа кірісуге дайын емес жағдайда сезініп, оны кейінге қалдыра береді. Ондай оқушыларға тапсырманың нәтижелі орындалуына алып келетін кішігірім қадамдарға бөлуге жәрдемдесу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет