2. Бағдарлама 2.1 Кіріспе Пәннің маңыздылығы ҚР «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік даму бағдарламасын жүзеге асыру-ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі кеңауқымды процестермен және ҚР 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамыту концепциясымен байланысты.
Қазіргі медицинаның приоритеті педиатриядағы алдын алу шараларына арналған. Көп мәселелерді жас ерекшелігіне байланысты қарастыру керек.
«Балалар аурулары» пәні болашақ әр түрлі дәрежедегі медициналық қызметкерлеріне мәні өте зор, өйткені олар балалардың медициналық қызметін дұрыс жүйеге қоюды, инфекция ошақтарында алдын алу шараларын қамтамасыз етуді білу керек. «Балалар аурулары» бағдарламасы педиатриядағы заманауи жетістіктерін қарастырады.
Болашақ мамандарға балалардың ауруларын дер кезінде анықтауға, емдеуге нәресте патологиясы білімі болуы тиіс.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 6В10155 Жалпы медицина білім беру бағдарламасының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған: