Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы студенттердің білімін тереңдетіп бекіту және дәрілік заттарды көтерме-бөлшек сауда арқылы босату фармацевтикалық субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруда кәсіптік дағдыларды қалыптастыру.
2.3 Тәжірибе шаралары
дәрілік заттар айналысы саласы субъектілерінің фармацевтикалық қызметтерін ұйымдастыруды реттейтін заңдылық-құқықтық және нормативтік-нұсқаулық құжаттармен жұмыс істеуді үйрету;
дәрілік заттарды көтерме-бөлшек сауда арқылы босату субъектілері басшыларының ұйымдастырушылық-басқару жұмыстарын жүргізудегі теориялық білімдерін бекітіп, ұйымдастыруды үйрету;
дәріханаларға келген рецептерді қабылдауға және оларды фармацевтикалық сараптаудан өткізуді үйрету;
дәріханалық ұйымдардан рецептер бойынша және рецептісіз дәрілік заттарды босатуды үйрету;
дәріханалық ұйымдарға түскен тауарларды қабылдауға үйрету;
дәріханалық ұйымдардың бөлімдеріне, емдеу-профилактикалық және басқа да ұйымдарға тауарларды босатуды үйрету;
дәрілік заттардың сұранысын зерттеуге, қажеттілігін анықтауға және нормативтік-нұсқаулық құжаттардың талаптарына сәйкес тауарлардың сақталуын дұрыс ұйымдастыруға үйрету;
дәріханалық ұйымдарда санитарлық ереже, фармацевтикалық тәртіп, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтауға үйрету.
Тәжірибе жетекшілердің күнделікті жүргізетін бақылау түрлері:
студенттердің тәжірибеге қатысуын тексеру
жұмыс уақытының бөлінгеніне сәйкес студенттердің күнделікті орындалған жұмыстарын тексеру
тәжірибе күнделіктерін толтырып тексеру
2.4 Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі Дәрілік заттарды көтерме-бөлшектеп сату субъектілерінің іс-әрекеттерін реттейтін заңдылық-құқықтық, нормативтік-нұсқаулық материалдармен жұмыс істеу дағдылары.
Дәріханаға келген рецептерді фармацевтикалық сараптаудан өткізу және қабылдау дағдылары.
Жеке рецептер мен емдеу-профилактикалық орындардың сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындау дағдылары.
Дәріханада заттық-сандық есепке алынатын дәрілік заттардың есебін жүргізу дағдылары.
Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік формалардың сапасын бақылауды жүргізу дағдылары.
Дәріханадан дәрілік заттармен басқа да фармацевтикалық тауарларды рецепті арқылы және рецептісіз босатуды жүзеге асыру дағдылары.
Дәріханаға келген тауарларды қабылдап алу және тауарларды дәріхана бөлімдеріне, емдеу орындарына босату дағдылары.
Фармацевтикалық фирмаларға (дәріханалық қоймаларға) келген тауарларды сапалық бақылау жүргізу арқылы қабылдау және қабылданған тауарларды дұрыс сақтауды ұйымдастыру дағдылары.
Дәріханалық ұйымда санитарлық ереже, фармацевтикалық тәртіп, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау шараларын жүргізу дағдылары.