2.8. Тәжірибе бойынша есепке дайындау реті мен қорғау мерзімі:
Тәжірибені өткен студент қорытынды бақылау тапсыруға кафедраға келесі құжаттарды өткізеді:
Тәжірибенің күнделігі.
Тәжірибе жетекшісі бекіткен және дәріханалық ұйымның мөрі қойылған мінездеме.
Тәжірибені өту туралы есеп.
Тәжірибе нәтижелерін біткен соң екі күннің ішінде сынақ тапсыруы керек.
Өндірістік тәжірибенің нәтижесінде студенттердің біліп меңгерген
дағдыларын бағалау критериялары
Өндірістік тәжірибені өту кезінде студенттің үйренгенін және дағдыларын бағалау әріптік-баллдық жүйе бойынша жүргізіледі: оң бағалар төмендеуіне қарай А-дан С әрпіне дейін белгіленеді, олар төрт баллдық баға жүйесінің сандық мәндеріне сәйкес келеді. Әр дағдының орындалуы бірте-бірте өсіп, не төмендеп қадамдап бағаланады, қорытындысы 4 балл болуы шарт немесе әр дағдыны қадамдап игеру барысында студент ең көп дегенеде 4 балл ала алады. Дағдының толық түрде дұрыс орындалуы 4,0 балл, оның әріптік-баллдық жүйеде белгіленген эквиваленті А әрпіне сәйкес.
№
|
Үйреніп білгені мен дағдылары, бағалану критериялары
|
Балл бойынша бағалау
|
1
|
Дәрілік заттарды көтерме-бөлшектеп сату субъектілерінің іс-әрекеттерін реттейтін заңдылық-құқықтық, нормативтік-нұсқаулық материалдармен жұмыс істей алуы
Критериялары:
|
4,0
|
|
Дәрілік заттар айналысы саласының жұмысын реттейтін ҚР негізгі заңдарын біледі
|
1,0
|
Дәрілік заттар айналысы саласының жұмысын реттейтін ҚР негізгі заңдарының талаптары мен нұсқауларын біледі
|
1,0
|
ҚР ДСМ және ҚР ДСМ ФК негізгі бұйрықтарын және олардың талаптарын біледі
|
1,0
|
Дәріхананың фармацевтикалық қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын біледі
|
1,0
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |