2.7. Тәжірибенің мазмұны: студенттің жұмысының көлемі мен түрі, күн тәртібі, тәжірибе бойынша есепке дайындалу реті мен қорғау мерзімі.
Дәріхана меңгерушісінің ұйымдастырушылық-басқару жұмысы. Дәріхананың ұйымдық құрылымымен, штатымен және дәріхана меңгерушісінің басқарушылық жұмыстарымен танысу. Тәжірибенің базалық дәріханалық ұйымының тұрғындарды және емдеу-профилактикалық ұйымдарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудегі қолданылатын басқару әдістерімен, заңдылық-құқықтық және нормативтік-нұсқаулық құжаттармен танысу. Дәріханалық базалық ұйымның іс-қағаздарымен, оның ішінде мамандарды жұмысқа алу, білімдерін жетілдіру және аттестациялау құжаттарымен танысу.
Дәріхана меңгерушісінің ұйымдастырушылық – басқару жұмыстарын жүргізумен танысу барысында қолданылатын негізгі нормативтик материалдарды қысқаша сипаттап жазу студенттерге басқару және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде теориялық білімдерін бекітіп, қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіншіліктер береді.
Дәріхананың рецептуралық - өндіріс бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Рецептуралық - өндіріс бөлімі жұмысының ұйымдастырылуымен танысу. Рецептерді қабылдаушы фармацевт-технологтың жұмыс орнында жұмыс істеу. Дәріханаға келген рецептерді қабылдау, қабылдау кезінде рецептерді фармацевтикалық сараптаудан өткізу, қабылданған рецептерді таксировкалау және тіркеуге алу. Жеке рецептер бойынша дәрілік формаларды дайындаушы фармацевт-технологтың жұмыс орнында жұмыс істеу. Емдеу-профилактикалық орындардың тапсырыстары бойынша дәрілік формаларды дайындау. Дәріханада дайындалған дәрілік формаларды безендіру жұмыстарын атқару. Дайындалған дәрілік формалардың сапасын тексеруші фармацевт-технологтың жұмыс орнында жұмыс істеу. Рецептуралық бланкі түрлерін, олардың безендірілу тәртіптерін, жарамды мерзімдерін, дәрілер босатылғаннан кейін дәріханада қалдырылатын рецептердің сақталу мерзімдерін және дәрілердің дайындалу орындарының жабдықталуын сипаттап жазу. Дәріханадан дәрілік заттарды босату. Бөлімде заттық-сандық есепке алынатын дәрілік заттардың есебін жүргізумен танысу. Дәріханада асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік флормаларды дайындауға қатысу.