3. Дәріс тезистері: Қалдықтардың екі тобын ажыратады:
1) қатты (тұрмыстық қалдықтар, адамның тұрмыстық іс-әрекетінен пайда болған қалдықтар, сауда өнеркәсібінің қалдықтары, өндірістік қалдықтар, мал өлекселері)
2) сұйық (адам мен жануарлардың бөліністері, іркінді тұрмыстық сулар, канализациямен жойылмайтын өнеркәсіптердің іркінді сулары)
Сұйық қалдықтарды жоюдың екі әдісі: тасып шығарылатын және канализациялық. Сұйық қалдықтарды жинау, жою, залалсыздандыру «ассенизация» терминімен сай келеді. Қалдықтарды тасып шығару әдісімен жою барысында елді мекеннің аймағынан тыс жерлерге шығарылады, ал канализациялық әдісі барысында құбырлар арқылы шығарылады. Канализациялық әдіс нағыз жетілдірілген әдіс болып табылады, өз кезегінде тасып шығарылатын әдісті жоққа шығарады. Елді мекендерді кейбір өндірістік қалдықтардан тазалау жалпы тазалау жүйесінен бөлініп, өнеркәсіптің өзімен жүзеге асырылады. Сұйық қалдықтардың шығарылуы үш звеноға сай жүргізіледі:
1)жиналуы мен уақытша сақталуы; 2)тасымалдануы; 3) залалсыздандырылуы мен пайдаланылуы. Көптеген қалдықтарды санитариялық ережелерді сақтаған жағдайда және пайдалануға мекеменің және жауапты адамның болған жағдайда шарушылықта пайдалануға болады. Қоқыстарды утилизациялау: екіншілік өнімді үйлерде түзілу орны бойынша басқа қоқыстардан бөлек жинаған жағдайда (қағаз, метал, текстиль және т.б.) немесе қоқыстарды арнайы қоқыс сұрыптайтын орындарда сұрыптау; ірі қара малдың азығына пайдалану үшін тағам қалдықтарын жинау; парниктерді толтыру үшін қоқыстарды пайдалану; компостарда қоқыстарды өңдеу.
Қатты қалдықтарды жою арнайы белгіленген орындарда залалсыздандырыумен жүргізіледі. Елді мекендердегі тұрмыстық үйлердің қоқыстарының жиналуы толқымалы болады, оңтүстік аймақтарға қарай саны өседі. Қатты тұрмыстық қалдықтардың утилизациясы мен залалсыздандырылуы арнайы қондырғыларда жүргізіледі.
Халықтың денсаулығын қорғау мақсатында елді мекенді тазарту ғылыми нақтыланған және жоспарлы жүргізілетін шаралар болып қалдықтарды жинау, жою, залалсыздандыру және утилизациялау жатады. Елді мекенді тазарту бойынша шаралардың жүргізілуі адамның және сыртқы орта обьектілерінің қоқыстармен қатынасты мүмкіндігінше азайту бағытталуы тиіс. Осы мақсатта қалдықтарды жинау мен жою үнемі және барынша аз уақыттың ішінде максималды механизациялынған және жүргізілетін шаралардың герметизациялануымен жүргізіледі.
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны – дегеніміз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ҚТҚ оқшаулайтын және залалсыздандыратын арнайы құрылым болып табылады. Полигон жабылғаннан кейінгі жер телімін дұрыс пайдалану мақсатында ҚТҚ аудан бірлігіне максималды жүктемесінің, тығыздылығының динамикасының, минерализациясының, газ бөлінуінің статикалық тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Полигондар елді-мекеннің аумағына байланысты әртүрлі көлемде ұйымдастырыла алады. Бірнеше елді-мекенге арналған орталықтандырылған полигонды ұйымдастыру оңтайлы болып табылады. Полигон орналастырылатын жер телімі санитариялық ережелерге сай екендігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы қажет. Полигонды пайдаланып жатқан мекеме регламент пен жұмыс тәртібін түзеді, яғни полигон қызметкерлеріне өндірістік санитарлық талаптарды ескере отырып, қалдықтарды қабылдаудың нұсқамасын, полигон аумағында қалдықтардың жайғастырылуын, қалдықтарды оқшаулаудың технологиялық тізбегі ұйымдастырылады. ҚТҚ полигонында тұрмыстық үйлердің, қоғамдық ғимараттар мен мекемелердің, сауда өнеркәсібінің, қоғамдық тамақтанудың, көше мен саябақтарды, құрылыс қалдықтары, кейбір 3-4 кластарының қауіптілік топтарының өнеркәсіптерінің қалдықтары, тәжірибелік әдіспен белгіленетін қауіпсіз қалдықтар қабылданады. Қалдықтардың тізімі мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасымен (ары қарай МСЭҚБ) келісіледі.
Радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша санитариялық ережелерге сай радиобелсенділігі бар қатты, сұйық, паста тәрізді қалдықтардың залалсыздандырылуы арнайы полигондарда жүргізіледі. Құрамында уытты заттар, ауыр металдар, жанар-жағар май және жарылғыш қалдықтары бар өнеркәсіп кәсіпорындарының қатты және паста тәрізді қалдықтарының залалсыздандырылуы мен көмілуі - санитариялық ережелерге сай уытты өнеркәсіп қалдықтарының жиналуы, тасымалдануы, залалсыздандырылуы, көмілуі ұйымдастырылған полигондарда жүргізілуі қажет. ҚТҚ полигондарында ет комбинат қасапханасынан тәркіленген және өлген мал өлекселерін қабылдауға тыйым салынады.
Полигондарда емдеу-профилактикалық мекемелерінің қалдықтарын жинау, сақтау, жою ережелеріне сай емдеу-профитактикалық мекемелерінің қатты қалдықтарын қабылдау жүзеге асырылады.
Қоқыс тасымалдайтын көліктердің екінші реттік өнімдерін жинауға рұқсат етілмейді. Санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтаған жағдайда қалдықтарды іріктеуге және сұрыптап жинауға рұқсат етіледі.
Жергілікті МСЭҚБ ҚР ДСМ бекітілген топырақтың санитариялық жағдайын бағалайтын көрсеткіштері мен топырақ құрамындағы химиялық заттардың ШРЕК нормативтерінің санитариялық ережелерін басшылыққа ала отырып полигонның ұйымдастырылуы мен пайдалануын жыл сайынға жұмыс кестесіне сай қадағалау жүргізеді, бұрынғы полигон территориясын пайдаланылуға қорытынды береді.