4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар - 20
5. Әдебиет:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ., Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, I- ІІ бөлім.
2. Неменко Б.А., Коммуналды гигиена: оқулық – Алматы, 2005.
Орыс тілінде:
Негізгі:
1.Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2007 - Ч.1.-304 с.; Ч. 2. - 336 с.
2. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430с.
Қосымша:
1 .Общая гигиена /под ред. А.М. Большакова, В.Г. Маймулова.- М., 2006.
2. Севастьянов В.Н. Проблема радонобезопастности в Казахстане: монография. – Алматы: КазгосИНТИ, 2004
Мазаева В.Т., Ильницкий А.П., Шлепнина Т.Г. Руководство по гигиене воды и питьевого водоснабжения. – М. – 2008.
3.Больничное дело в Казахстане: состояние, проблемы и подходы к новой модели / А.А. Аканов, В.Н. Девятко, В.И. Ахметов и др. – Астана, Б. – 2006.-
4.Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. – М., 2009.
6. Қорытынды сұрақтары:
1. Атмосфералық ауаның ластануы мен оны қорғаудың қазіргі заманғы мәселелерін айтып беріңіз.
2. Атмосфералық ластанудың халық денсаулығына қалай әсер етеді?
3. Атмосфералық ауаның ластануын бағалау әдістемесін қалай жүргізіледі?
4. Атмосфералық ауадағы химиялық заттарды қалай нормалайды?
№3
1.Тақырыбы. Атмосфера ауасындағы химиялық заттарды нормалаудың негізгі ұстанымдары.
2.Мақсаты: Атмосфералық ауаның ластануы мен атмосфералық ауадағы химиялық заттарды нормалау ұстанымдарын үйрету.
3. Дәріс тезистері:
Атмосфералық ауаның негізгі химиялық ластаушы көздері: транспорт, жылу өндіретін қондырғылар, өндіріс мекемелері мен топырақ.
Көптеген өндіріс аймақтарына атмосфералық ауаны ластаушы заттардың мына қатынасы тән: көміртек оксиді-50%-ға жуық, күкірт оксиді – 6-8%, көмірсутек – 2-5%. Ластаушы заттарға сондай-ақ аммиак, күкіртсутек, күкірткөміртек, альдегид, хлорорганикалық қосылыстар, фторидтер. Атмосфералық ауадағы қоспалардың таралуы мен орын ауыстыруында міндетті түрде мына шарттардың орындалуы қажет:
Атмосфералық ауаны қорғауға байланысты мемлекеттік жоспарлау шаралар;
Тұрғындар орналасқан пункттерді жобалау және құрылысы;
Рекрациялық зоналардың дамуы;
Тұрғын үй аудандарының және өндіріс мекемелерінің рационалды орналастыру, бір-біріне территориялардың орналасуының әр түрлі тағайындалуы;
Атмосфералық ауа ластауын бағалауда әр түрлі информативті және адекваттық критерийлерді жасау;
Жалпы атмлсфералық ауа ластауының белгілі бір ауданда ластаушы көздердің ластау деңгейін анықтау;
Әр түрлі атмосфералық ластануларда концентрацияның есеп қисап картасын жасау;
Атмосфералық ауаның сапасын болжау;
Атмосфералық ауа жағдайына мониторингтің модельді жүйесін құру;
Зиянды заттардың тұрғындар денсаулығына қолайсыз әсерін ескерту.
Атмосфералық ауаның өзгеруін гигиеналық тұрғыда бағалау тенденциясында зиянды заттардың құрамынан басқа олардың әр түрлі әсерлердің адам денсаулығына әсері, олардың концентрациясын білу, сол немесе басқа ингредиенттердің анықтау интенсивтілігінің әсері болып табылады. Атмосфералық ластаушылардың концентрациясы мына факторларға байланысты шығарыс көлемі, шығарыс ұзындығы, шығарыс көзінің арақашықтығы метеорологиялық шарттарға (бағыт, желдің жылдамдығы, ылғалдылық, атмосфералық қысым, температуралық қысым, күн радиацясына байланысты).
Атмосфералық ауаға түсетін зиянды заттардың көлемі әр түрлі аудандарда әртүрлі, антропогендік жағдайлардың интенсивтілік түрінен және қысқартуға байланысты қабылданған шаралар. Көп жылдық бақылауға байланысты анықталды: шығыстар көп шығарылған сайын, зиянды заттар ауа бассайніне көп түседі.
Транспорт шығыстары. Атмосфералық ауа ластануының негізгі көзі жергілікті транспорт ішінен негізгі приоритетті орынды автономбильдер алады. Транспорт қозғалысының жылдамдығы артқанда шығыстар көбейеді. Орташа жылдамдықты қозғалыстың жиі бәсеңдеуі атмосфералық ауа ластануының жоғарлануына алып келеді.
Химиялық өндіріс шығыстары. Тұрғын орындардың атмосфералық ауасын келесі ингредиенттермен ластайды:оксидтермен, күкірт және көміртек диоксидтерімен, алифаттық көмірсутек топтары, альдегидтер, кетондар, спирттер, галогенді қосылыстар, қатты қалдықтар. Химиялық өнеркәсіптің негізгі түрі – мұндай өңдеу болып табылады. Мұндай көмірсутекпен күкіртсутек эмиссиясының көзі болып табылады.
Мұндай өндіруші өндірістердің атмосфералық ауасының құрамында ацетон, бензол, акремин, диметиламин, изопропил-бензол, парофин аэрозилі, сапасы жоғарғы спирт, май қышқылы, сондай-ақ көмірсутек оксиді, құмырсқа және хлорсутек қышқылы. Бұл заттар шығарыс көзінен радиусы 10-13 км жерде 1,5 км арақашықтықта болады.
Атмосфералық ауа ластануының негізгі экологиялық қауіпті көзі болып цемент, кірпіш асфальт, рубероид, асбест, гипс өндірісі табылады. Бұл өндірістерге шаңның 10мкм-ге дейін бөлінуі, фтор қосылыстары, қорғасын, мышьяк, ртуть, кремний диоксиді, көмірсутек оксиді тән.
Ауыл шаруашылығында атмосфералық ауаның ластануының негізгі үлес салмағы – малшаруашылық кешеніне тиесілі және оны көміртек диоксиді, күкүіртсутек, аммиак, индол, скатол, этиламин, органикалық қышқылдар, сондай-ақ бактериялар, гельминт жұмыртқалары ластайды. Малшаруашылығы комплексінің 1м3 атмояфералық ауасында 1-2 млн микроорганизмдер бар.
Фотохимиялық смог ультракүлгін сәулесінің ауаны ластануынан пайда болып және екіншілік өнімнің жоғарғы улылықпен және қышқылданған құрамымен – фотооксидантпен қосарлануынан пайда болады. Ең үлкен бөлігін озон (70%) және пероксиацетилнит-озон, азат оксидінен – ПОАН түзіледі.
Халықтың денсаулық жағдайы қоршаған орта сапасының ең негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықтың жалпы аурушаңдығының ішінде үлес салмағының қоршаған ортаның техногенді ластануының әсерінен болатын атмосфералық ластану алады. Мұндай тенденциялар соңғы уақытта өндірістерде ғана емес, ауылдық аудандарда да байқалады.
Зерттеу мақсаты: атмосфералық ауаның техногенді ластануын төмендету бойынша іс-шаралар жүргізу және олардың халық денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу және негіздеу.
Негіздеудің қажеттілігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің іс жүзінде аймақты жоспарлаудың сызбасын құрастыру санитарлық тапсырманы жасау кезінде немесе қаланың бас жоспарын құрастыруда, сонымен қатар кәсіпорындарда реконструкциялау жобасына санитарлық эпидемиологиялық қорытынды беру кезінде, аймақтың немесе қаланың атмосфералық ауасын негізгі ластаушы болып табылған кезде туындайды.
Зерттеу зерттеуші-гигиенистердің атмосфералық ауаны (атмосфералық ауаға түсетін шығарыстардың көзі мен сипаттамасын олардың таралу ерекшелігі қаланың әр түрлі аудандарында ауаны лас таушы заттардың концентрация деңгейі алдын ала зерттеу негізінде жасалған бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Атмосфералық ластанулар халық денсаулығына жедел және созылмалы арнайы және арнайы емес әсер көрсетуі мүмкін. ХХ-ХХІ ғасыр аясында атмосфераның өзгеруінен аурушаңдық, класс бойынша аурушаңдық және жеке назологиялық формада болып жатыр
Достарыңызбен бөлісу: |