Гумус дегеніміз негізгі шіру процесі аяқталғаннан кейін сақталатын және шіруге ең тұрақты болып табылатын органикалық зат.
Топырақтың қасиеті. Таужыныстарынан түзілген топырақ бірегей қасиетке ие, дербес табиғи нысан ретінде олардан ерекшелінеді. Топырақ түскен барлық химиялық элементтер мен қосылыстарды ұстап тұруды жүзеге асыратын ерекше минерал топтарымен сипатталады. Топырақ жер асты, жер үсті суларының құрамы мен қасиетіне әсер ету маңыздылығы зор. топырақтың микроорганизмдері әртүрлі газдарды түзе отырып (азот, оттегі, диоксид және көміртегінің оксиді, метан және басқа көмірсутектер, күкіртті сутек және т.б.) атмосфера құрамының реттелуіне қатысады.
Топырақтың ластануының түрлері, топырақтың ластануымен күресудің бағыт пен әдістері.Топырақтың ластануы әртүрлі химиялық заттардың, уытты заттардың, ауыл шаруашылық жіне өндірістік кәсіпорынның, коммуналды-тұрмыстық кәсіпорынның әдеттегі көлемінен артық топырақтың экологиялық жүйесінің биологиялық айналымға қатысуы қажет қалдықтарының түсуі салдарынан болады. Топырақты әртүрлі ластаушы заттарды топыраққа түсу көзіне бойынша бөлінеді:
Атмосфералық жауын-шашындар
Жіктелуі. Топырақ ластануының жіктелуі түрлі ластаушы көздерде әртүрлі. Жинақтап және негізгісін айқындаған жағдайда, топырақтың ластануының бейнесі келесідей болады:
1) Тұрмыстық қоқыс.Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамынаТамақ қалдықтары, қағаз, картон, шыны, текстиль, металдар, полимерлер және т.б. жатады.
2) Ауыр металдар. Ластанудың бұл түрі сирек емес уыттылығы жоғары болуымен және организмде жинақталуына байланысты тірі организмдерге айтарлықтай қауіпті боллып табылады.
3) Пестицидтер.Топырақта едәуір сақталуына байланысты, бұл химиялық заттар қазіргі таңда дақылды өсімдіктердің зиянкестерімен күресудің кең таралған әдісі ретінде қолданылады.