Пән : «Коммуналды гигиенасы»



бет29/49
Дата02.05.2023
өлшемі226,41 Kb.
#88966
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
4) Радиобелсенді заттар. Радиобелсенді қосылыстар тағамдық тізбекпен тірі организмдерге оңай түседі. Радиобелсенді қосылыстардың ішінен аса қауіптілердің бірі ретінде – 90SR (стронций - 90) жатқызуға болады.
5) Топырақты биологиялық ластануы құрамында ауру тудыратын микроорганизмдердің өмір сүруімен сипатталады: сібір түйнемесінің таяқшалары, сіреспе, батулизм, газды гангрена, дизентерия, оба, іш сүзегі, аусыл, сарып және т.б. Олардың көздері болып: тұрмыстық үйлерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының, мал шаруашылығының шығарыстары, мал сою орындарының, биофабрикалардың, мал көму орындарының қалдықтары болып табылады.
Топырақтың ластануына қарсы күрестің келесі бағыттарын көрсетуге болады:

  • Қалдықтарды жою әдістерін жетілдіру;

  • Пестицидтер мен тыңайтқыштардың қауіпсізділігін жетілдіру мен енгізу;

  • Топырақтың нашарлауына бағытталған шараларды ұйымдастыру мен жүргізу;

  • Топырақ беткейінің жағдайына мониторинг жүргізу;

  • Табиғи ресурстарды дұрыс және ұқыпты пайдалану;

  • Табиғатты қорғау заңдылығының жүргізілуін қадағалау.

Елді мекендерде денсаулықты сақтау және тиянақтау, мақсатында жоспарланған санитарлы – техникалық шаруалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Онда қатты және сұйық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Елді мекендердегі тазарту жұмыстары тазартудың негізгі сызбасы бойынша іске асыру керек.Бұл жоба санитарлық –эпидемиологиялық қызмет органымен келісіп ұйымдастырылады. Оны жергілікті орындаушы органдар бекітеді.Елді мекендердегі санитарлық тазарту жұмсытары және жоспарланған болу керек және жеке тұлғаларға , басқада ұйымдарға бағынбайды. Қалдықтар (қоқыстар) жылдың жылы мезгілінде күнделікті, ал суық кезінде 1-3 күнде 1 рет шығарылады Қалдықтар тұрғылықты жерлерде және қоғамдық мекемелерде белгіленген уақыттан көп тұрса, онда іріп шыбын басып кетеді, шыбынның жұмыртқалауына жағдай пайда болады.Санитарлық тазарту жұмыстары коммуналды болу керек: оны ұйымдастыру жергілікті орындаушы органдарға жүктелген.
Тазартудың алғашқы этаптарын санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындайды және ескерту жұмыстарын жүргізеді. Елді мекендерде тазартудың негізгі сызбасы жобасын сараптайды. Санитарлық дәрігер қалдықтардың жинауын, уақытша сақталуына, уақтылы шығарылуына міндетті емес. Егерде, елді мекенде жұқпалы аурудың саны өскен жағдайда, санитарлық дәрігер жергілікті орындаушы органға елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ұсыныспен шықса болады. Бұдан басқа коммуналдық гигиена дәрігері, қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жұмыстары қаншалықты ұйымдастырылғанын бағалау керек. Елді мекендердегі санитарлық тазарту жұмыстары коммуналдық және жергілікті тұрғын үй қызмет органдарына міндеттелген. Сонымен қатар қалдықтарды жинау, сақтау алып кеткенге дейін тұрғын үй эксплуатациялық қызметі жауап береді, ал қалдықтарды алып кету, залалсыздандыру қайта өңдеу-коммуналдық қызмет міндетінде.
Елді мекендерде қоршаған ортаның ластануын жалпы бақылау және қадағалау гидрометреология қызметіне жүктеген, себебі мәлімет анықтау, бақылау жұмыстары кеңінен пайдаланылады. Санитарлық қызмет ескертеді және ағымдағы бақылауды іске асырады.Санитарлық бақылау алдын-ала ластануды да ескертіп отырады, оны болдырмауына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет