КӨКІРЕКАРАЛЫҚ, СРЕДОСТЕНИЕ КӨКІРЕКАРАЛЫҚ- оң және сол жақ өкпе плевраларының арасында орналасқан мүшелер жиынтығы болып табылады. Алдыңғы жағында төс пен қабырға шеміршектері, артқы жақта кеуде омыртқалары, екі бүйірінде өкпе плеврасымен шектеледі. Жоғарғы жағы кеуде қуысының жоғарғы апертурасына дейін, төменгі жағы көкетпен шектеледі. Шартты түрде көкірекаралықы жоғарғы және төменгі деп бөледі. Жоғарғы көкірекаралықта айырша без, иық-бас веналары, жоғарғы қуысты вена,қолқа доғасы, өңештің жоғарғы бөлімі, кеуде лимфа сабауы орналасады. Төменгі көкірекаралықта жүрек пен оны қоршаған перикард, негізгі бронхлар, өкпе артериялары мен веналары, лимфа түйіндері, кеуде қолқасы, өңеш орналасады.