ӨКПЕ, ЛЕГКИЕ, PULMONES Тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі - өкпе болып табылады. Өпе жұп үлкен мүшелер, кеуде торын толықтай алып жатады, олардығ пішіні мен мөлшері тыныс алу фазасына байланысты. Пішіні бойынша конус тәрізді, ұшымен бұғана үсті шүңқырына қарайды, төменгі ойыс бетімен көкетке жанасып жатады. Сыртқы беті дөңес, қабырғаларға жанасып жатады. Аздап ойыс медиалды беттері артқы жақта омыртқы жотасымен шектеледі, алдыңғы жақта көкірекаралық мүшелермен шектеледі. Төменгі көкеттік беті ойыс, көкет күмбездеріне сәйкес келеді. Әрбір өкпенің медиалды беттерінде өкпе қақпасы орналасады. Ол арқылы басты бронх, өпе артериясы мен бронхиалды тамырлар мен жүйкелер кіреді, олар бірігп өкпе түбірін түзеді.
Өкпе шекарасы: өкпенің жоғарғы ұшы бұғанадан 2-3 см шығып тұрады. Төменгі шекарасы 6-11 қабырғалардың аралығында орналасады. Сол жақ өкпенің төменгі шекарасы аздап төмендеу орналасады. Максималды тыныс алған кезде өкпенің төменгі шекарасы 5-7 см түседі. Артқы шекарасы омыртқа жотасының екі жағында, 2 қабырға мен 11 қабырға аралықтарында орналасады. Алдыңғы шекарасы екі өкпенің ұшынан басталып, төмен бағытталады. Сол жақта 4 қабырға жиегінде сол жақ өкпе 4-5 см сол жаққа ығысып, жүрек ойысын түзеді. 6 қабырға шеміршектерінің деңгейінде алдыңғы шекара төменгі шекараға ауысады.
Өкпе құрылысы. Көкеттің оң жақ күмбезі жоғары тұрғандықтан, оң жақ өкпе сол жаққа қарағанда үлкен, ауқымды және қысқалау.
Терең жүлгелермен оң үш бөлікке, ал сол өкпе екі бөлікке бөлінеді. Оң жақ өкпеде 11 сегмент, сол жақ өкпеде 10 сегмент болады. Сегменттер бір бірінен дәнекер тінді перделермен бөлінген. Сегменттің ортасында сегментарлы бронх пен артерия, вена орналасады. Әрбір өкпе тармақталған бронхлардан тұрады, оны бронх ағашы деп атайды. Өкпе бронх ағашы мен ауа көпіршіктерінен (альвеолалардан) тұрады.
Бронх ағашыбасты бронхдан басталады, ол өкпе қақпаснда бөлікті бронхларға (оң жақта 3, сол жақта 2), олар сегментарлы бронхларға, олар өз кезегінде субсегментарлы бронхларға бөлінеді. Субсегментарлы бронхлар 9-10 рет бөлініп, ең аяғында 18-20 шеткі бронхиолаларға бөлінеді. Бронх ағашы кішірейген сайын, олардың қабырғасындағы шеміршектер азая береді де, шеткі бронхиолаларда мүлдем болмайды.
Өкпенің құрылымдық – функционалды бірлі болып альвеолярлы ағаш (өкпе көпіршіктері) немесе өкпе ацинусы саналады. Альвеолалар қабырғасы арқылы қан мен ауа арасында газ алмасу жүреді. Альвеолярлы ағаш шеткі бронхиоладан басталады, ол екіге бөлініп, альвеолярлы жолдарға ауысады. Әрбір альвеолярлы жол екі альвеолярлы қапшықпен аяқталады. Альвеолярлы қапшықтың қабырғасы ондаған көпіршіктерден тұрады, олардың жалпы саны ересек адамда 300-350 млн болады. Көпіршіктің қабырғасы бірқабатты жалпақ эпителиймен жабылған, оның астында көптеген өан капиллярлары орналасады. Көпіршік пен қан капилляры қабырғасының қолыңдығы 0,5 мкм аспайды, сондықтан газ алмасуға бөгде болмайды.
Өкпе сыртқы жағында плеврамен жабылған.
Плевра pleura әрбір өкпені қоршаған жұқа, тегіс, ылғалды серозды қабықша. Ол париеталды плеврадан (кеуде қуысын астарлаған) және висцералды плеврадан (өкпе тінін тығыз қоршаған) тұрады. Өкпе түбірі деңгейінде висцералды плевра париеталдыға ауысады, екеуіні ортасында тұйық плевралды қуыс болады, онда аздаған серозды сұйықтық болады.