Пән: «Анатомия, физиология». Дәріс №9 Тақырып



бет2/4
Дата27.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#130299
1   2   3   4
Байланысты:
Тыныс алу жүйесі

КӨМЕЙ (ГОРТАНЬ, LARYNX)
Көмей мойынның алдыңғы бетінде , тіл асты сүйегінің астында 4-7 мойын омыртқаларының деңгейінде орналасады. Алдыңғы жағы мойын бұлшықеттерімен жабылған, бүйір жақтарына және алдыңғы бетіне қалқанша безі жанасып жатады, артқы жағында жұтқыншақтың көмей бөлімі орналасады. Көмейдің жоғарғы шеті тіл асты сүйегіне ілініп тұрады, төменгі шеті кеңірдекк жалғасады.
Көмей тақ және жұп шеміршектерден тұрады. Тақ шеміршектерге жүзік тәрізді, қалқаншалы және көмей үсті шеміршектері жатады. Жұптарға ожау тәрізді, мүйіз тәрізді, сына тәрізді шеміршектер жатады. Мүшенің негізін жүзік тәрізді шеміршек түзеді, ол төменгі жиегімен байлам арқылы кеңірдекке бекиді. Жүзік тәрізді шеміршектің үстінде қалқаншалы шеміршек орналасады, ол бұрыш түзіп қосылатын екі жалпақ табақшадан тұрады, оның бұрышы мойында оңай қолға сезіледі. Оның үстінде көмей үсті шеміршегі орналасады. Ол эластикалық шеміршек, жұтынған кезде көмей кіреберісін жауып тұрады. Көмей шеміршектері бір бірімен байламдар арқылы қосылады. Көмейдің ортаңғы бөлімі аздап тарылады да, дыбыс саңылауын түзеді, онда дабыс байламдары орналасады. Дыбыс байламдарының ұзындығы мен қалыңдығы жас пен жынысқа байланысты. Көмейдің бұлшықеттері дыбыс саңылауын өзгертеді және дыбыс байламдарының тартылуын өзгертеді. Көмейдің барлық бұдшықеттері көлденең жолақты, яғни адам есіне тәуелді. Өызметі бойынша олар үш топқа бөлінеді: дыбыс саңылауын тарылтатын, кеңейтетін және дыбыс байламын қатайтатын бұлшықеттер.
Көмейдің қабырғасы үш қабаттан тұрады: кілегейлі, шеміршекті және адвентициялы. Кілегейлі қабығы дыбыс саңылауында қалыңдар дыбыс қатпарларын түзеді, осы қатпарлардың арасындағы шұңқырлар – көмей қарыншалары деп аталады, олар резонатор қызметін атқарады. Шеміршекті қабаты гиалинді және эластикалық шеміршектерден тұрады, тірек қызметін атқарады.
Көмей 6-7 мойын омыртқаларының деңгейінде кеңірдекке ауысады.




КЕҢІРДЕК, ТРАХЕЯ, TRACHEA
Кеңірдек қабырғасы түспейтін, ұзындығы 9-11 см түтікті мүше, онда мойын, және кеуде бөлімдерін ажыратады. Кеңірдектің артында өңеш, алдында қалқанша мен айырша бездері орналасады.
4-5 кеуде омыртқаларының деңгейінде кеңірдек екі басты бронхларға бөлінеді, олар оң және сол жақ өкпелерге бағытталады. Бөліну жері кеңірдек бифуркациясы деп аталады. Оң жақ басты бронх сол жаққа қарағанда қысқа, әрі кең, сондықтан кеңірдектің жалғасы болып саналады. Кеңірдектің негізін 16-20 гиалинді жартылай сақиналы шеміршектер түзеді, олар бір бірімен байламдар рқылы қосылады. Шеміршектердің артқы бос шеттері біріңғай салалы бұлшықет талшықтарымен қосылады, олар кеңірдектің жарғақты бөлімін түзеді. Кеңірдек пен бронхлардың ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланған, онда көптеген шырыш жасушалары және лимфа түйіндері орналасады. Кеңірдектің сыртқы жағы адвентициямен жабылған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет