Жоспар: 1.Тыныс алу мүшелеріне не жатады, олардың қызметі№ 2.Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі. 3.Көмейдің құрылысы мен қызметі. 4.Кеңірдек пен бронхтардың құрылысы мен қызметі. 5.Өкпенің орналасуы, құрылысы, қызметі. 6.Плевра. Көкірекаралық.
Тыныс алу жүйесі ауа өткізетін (мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, бронхлар) және газ алмастыратын (өкпе) мүшелерден тұрады.
Тыныс алу мүшелерінің негізгі қызметі ауа мен қан арасындағы газ алмасуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар бұл мүшелер дауыс түзуді, иіс сезуді және иммунды қорғаныс қызметін атқарады.
Ауа өткізетін сүйектерде тыныс алған ауа тазарады, жылиды немесе суыйды.
Мұрын - тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлімі. Ол сыртқы мұрын мен мұрын қуысынан тұрады. Сыртқы мұрынның түбірі, арқасы, ұшы және қанаттары болады. Сыртқы мұрынды түзуге мұрын сүйектері мен шеміршектер қатысады.
Мұрын қуысы , носовая полость, cavitas nasi - бет сүйектерінен және сыртқы мұрыннан тұрады. Мұрын қуысы арқылы өткен ауа шаң тозаңнан тазарады, ылғалданады, жылиды немесе суыйды. Мұрын қуысы перде арқылы екі симметриялы бөлімдерге бөлінеді. Мұрын пердесі артқы жақта тор мен кеңсірік сүйектерінің перпендикулярлы табақшаларынан түзіледі, ал алдыңғы жақта шеміршектен түзіледі. Мұрын қуысы артқы жақта жұп хоана тесіктерімен жұтқыншаққа ашылады. Әрбір мұрын бөлімі сыртқы мұрыннан өтетін терімен астарланған, онда тер және май бездері мен қатты түктер – вибриссалар болады. Әрбір мұрын бөлімі бір бірімен байланысатын үш жіңішке жолға бөлінген, олар бассүйектердің ауа өткізетін қойнауларымен байланысады. Жоғарғы мұрын жолы – тор және сына сүйектерінің қойнауларымен, ортаңғы – тор, маңдай және гайморов қойнауларымен, ал төменгі мұрын жолы – көз жас өзегімен байланысады.
Мұрын қуысының жоғары бөлімі кілегейлі қабықпен астарланған, онда көптеген шырыш безедері, көптеген беткей веналар орналасады. Жоғарғы жолына иіс сезу жүйкелері орналасады.
Тыныс алған ауа мұрын қуысы арқылы өтіп, хоаналар арқылы жұтқыншаққа жетіп, көмейге бағытталады.