Пән атауы – Білім берудегі менеджмент Мамандығы 6В01-Педагогикалық ғылымдар


-оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу; -



бет20/27
Дата30.11.2022
өлшемі1,13 Mb.
#53742
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
-оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу;
-педагогикалық процесті диагностикалауға дайындық;
- оқушының отбасымен ынтымақтастық жағдайда жұмыс істеуге дайындық;
- дарынды және тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеуге дайындық;
- мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы.
Мұғалім, осылайша педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың аталған көрсеткіштерін білуі қажет.





9-ДӘРІС Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
9.1. Мектептегі әдістемелік қызмет мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруды басқару жүйесі ретінде.
9.2. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыруформалары мен қағидалары.
9.3. Мұғалімдердің педагогикалық портфолиосын қалыптастыру аттестацияға дайындау шарты ретінде. Аттестацияны рәсімдеу, қазіргі кездегі талаптар.
Мектептегі әдістемелік қызмет мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруды басқару жүйесі ретінде. Әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеттері және іс-әрекеттің негізгі бағыттары. Ғылыми-әдістемелік кеңес, оның мақсаты, міндеті, қызметі және өкілеттілігі. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің түрлері мен рөлі. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары. Жас мұғалімдер мектебі. Тәлімгерлік. Педагогикалық шеберлік мектебі. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау. Мұғалімдерді жаңашыл педагогикалық іс-әрекетке тарту. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудағы өзіндік білімнің рөлі.Тұтас педагогикалық процестің және әрбір мұғалімнің кәсіби даму жетістігінің диагностикасы. Мұғалімдердің педагогикалық портфолиосын қалыптастыру аттестацияға дайындау шарты ретінде.
Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың 2030 стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсатын алға қойды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осы проблеманы шешу мақсатында мынадай негізгі бағыттарды ұстануды атап өтті:

  • Білім беру үдерісін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;

  • Ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;

  • Инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;

  • Ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;

  • Ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;

  • СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

Қазіргі таңда менеджмент саласындағы сапа жүйесіне арналған орыс тілінде бірнеше оқулықтар, мақалалар, методологиялық нұсқаулықтар жарық көрген. Ал біздің еншімізде 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты В.Киянскийдің басшылығымен «Сапа менеджменті – бәсекеге қабілет философиясы» атты мемлекеттік тілдегі оқулығы жарық көрді.
Ал ЖОО-ның білім беру үдерісі механизімінің күрделігі мен сапасының артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады. Оның негізгі себебі болып, ҚР ИСИ 9001-2001 халықаралық стандарттарының білім жүйесіне қарқынды енуінен екені белгілі.
2000 жылдан бері ЖОО-ның білім сапасын басқарудың тиімді механизімін қалыптастыру аясында, әсіресе педагогика ілімі мен оның ғылыми тәжірибелік жұмыстары барысында бірталай нәтижелерге қол жеткізгендігін көреміз. Мәселен, 2004 жылдың қыркүйек айында ректордың № 48 бұйрығымен СМПИ-да СМЖ-ны қарқынды енгізу бойынша Үйлестіру Кеңесі құрылды. Соған сәйкес «ҚР СТ ИСО 9001:2001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу» атты бағдарламасы әзірленді. Қазіргі уақытта СМПИ-ның сапа саласындағы мақсаты мен саясаты, стратегиялық даму жоспары, білім беру үдерісінің ландшафттық картасы әзірленді. Сонымен қатар институтта 5 деңгейлі СМЖ құжаттарын басқарудың иерархиясы дайындалып, сол бойынша үдеріс қызметтері жүзеге асырылуда. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет