Шымкент қаласы №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі324,94 Kb.
#132580
түріСабақ
  1   2   3



Шымкент қаласы
118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі


Информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шара
«КӨҢІЛДІ ИНФОРМАТИКТЕР»
6 сынып оқушыларына арналған ойын



Дайындаған: информатика пәні мұғалімі: Дангелбаева А.
2023-2024 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Информатика»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыстілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Әр топқа 5 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).
ІІ. “Тіл - өнер” (Әр топқа жұмбақталып 2 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екітілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).
ІІІ. “Логикалық ойлау” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 1 ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)
VI. “Көкпар”(сайыс түрі – айтыс. Жасыл және қызыл түсті карточкалар жасырылады, жасыл түсті таңдаған команда мақтайды, екінші команда даттайды ).
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Инфобілгірлер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Инфобілгірлер» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай топ қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
I топ.

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

  2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)

  3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)


  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  2. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (вирус)

II топ.

  1. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)

  2. Дүниежүзілік компьютер арасындағыбайланысортасы (Интернет )

  3. Бит қандай цифрлардан тұрады? (0 және 1)

  4. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

  5. Бас әріп режимін іске қосатын перне? (CapsLock)

Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
3 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет