Пән атауы: Ғылыми зерттеулер негіздері Орындаған: Нұрахметова Ильнура


Ұғым мен пікір ұғымын салыстармалы талдау жасау



бет2/10
Дата16.02.2023
өлшемі44,1 Kb.
#68318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ғылыми зерттеу

Ұғым мен пікір ұғымын салыстармалы талдау жасау.
Ұғым — объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
Белгілер дегеніміз — заттардың бір-біріне ұқсастықтары немесе айырмашылықтары. Демек, олардың қасиеттері мен арақатынастары да белгілерге жатады деген сөз. Бір затта екінші бір зат иеленген қасиеттердің жоқ болуы да белгіге жатады (мысалы, жолаушының біреуінде жол билеті болса, екіншісінде ол билеттің болмауы).
Кез келген заттың толық жатқан өзіне тәң белгілері болады, алайда олардың бәрі сол заттың мәнін айқындау үшін ұстанымды маңызға ие бола алмайды. Затқа тән, оның ішкі табиғатын, мәнін айқындайтын белгілер мәнді белгілер дәлінеді. Ал затқа тән болуы да, болмауы да мүмкін, оның мәнін айқындай алмайтын белгілер мәнсіз белгілер деп аталады.
Ұғым көптеген біртекті заттарды олардың мәнді белгілері негізінде саралаудың нәтижесі ретінде көрініс береді. Солай болғанда, ұғым дегеніміз — заттарды олардың мәнді белгілерімен бейнелейтін ойлау формасы.
Адамның таным қызметіндегі ұғымның маңызы үлкен. Ұғымсыз табиғат пен қоғамның объективті зандарын зерттеп білу мүмкін болмас еді. Ұғымдарды ала отырып, заңдар түзіледі, ғылымның түрлі салаларындағы пән облыстары ажыратылады, ғылыми теориялар жасалады.
Ұғымдар түсінігінің құрылуының негізі логикалық амалдарды талдау (анализ), саралау, салыстыру, абстракциялау, жалпылауға жатады.
Бұл логикалық амалдар заттарды бір-бірімен салыстыруға, олардың ортақ белгілерін анықтауға, жеке қасиеттерін ажырата алуға бағытталған. Осылай, бұл амалдарды қолданудың нәтижесі ұғымдарды тағайындауға алып келеді
Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философия ғылымының саласы.
Ғылым, ғылыми теория өзінің зерттейтін нәрсесін ұғым мен ой түрінде бейнелейді. Соның арқасында ғылым қарастырылып отырған пән саласындағы ой-өрістің барысын, ережелерін анықтайды. Әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар және оны логикалық тұрғыдан талдау қажет. Ғылым логикасы жалпы ғылымға, ғылыми танымға тән заңдылықтарды зерттейді. Филос. зерттеудің арнайы объектісі ретіндегі Ғ. л. жөнінде 20 ғ-дың 1-жартысында позитившіл филос. ағым өкілдері (Г.Фреге, Б.Рассел мен Л.Витгенштейн) мәселе көтере бастады. 30-жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар, сондай-ақ К.Поппер, В.Дубислав, Х.Рейхенбах, т.б. ғалымдар философияны формальды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті – ғылымның тіліне талдау жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтың айтуынша, философтың қолынан келетіні – ғылым нәтижелерін талдау, оларға мағына беру және дұрыстығын анықтау ғана.

Таным теориясы ғылымды анализдеу болады. Бұл тұжырым әрине, философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың объектісі бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формальды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымға тән формальдық құрылымын, элементтерінің байланысын зерттейді. Ғыл. танымды талдап зерттеуге формальды логиканың дайын аппаратын (индуктивтік және дедуктивтік) қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Бірақ оның ғыл. танымды зерттеудегі рөлін тым асыра бағалап, ғылымның бірден-бір логикалық негізі деу үстірттік. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формальды логиканың тұрғысынан шешілмейтін басқа да мәселелер ұшырасады. Олар – білімнің ақиқатқа қатысы, оның генезисі, шынайылығы, т.б. Мұндай мәселелер танымның логикасы мен теориясы болып саналатын диалектика тұрғысынан қарағанда ғана толық шешімін табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары – адам танымы мен практикасының қорытындысы, жиынтығы. Ол адам ойының ақиқатқа, жаңа ғыл. жетістіктерге жетуіне жол ашып, реттейтін логикалық пішім – ғыл. ойдың принциптері. Диалектика үшін өзгермейтін дайын білім жоқ; білімді жалпы таным дамуының бір кезеңі ретінде қарастыра отырып, оның қалай пайда болатынын, даму заңдылықтарын айқындап, ғыл.-зерт. әдістерінің рөлі мен міндеттерін ашып көрсетеді. Яғни, формальды логика дайын, қалыптасқан білімді оның түпнұсқалы негізінен айырып алып қараса, диалектикалық логика, керісінше, танымның қайнар көзін, даму бағытын, оның түпнұсқасы мен негізін, табиғатын белгілі бір заңдылықтар аясында зерттейді. Зерттеліп отырған жүйені жан-жақты, теория жүзінде нақтылы бейнелеу үшін бүтін жүйенің бастапқы негізін зерттеп білу керек. Бұл бастапқы негіз жүйенің басқадай қырларын, анықтамаларын мүмкіндік түрінде де, дамыған түрінде де бойына сіңіреді. Бірақ ғылым бір жақты, абстрактілі түсінікпен қанағаттанып қалмайды. Ұғынудың бір жақтылығынан, жартыкештігінен әрі өту үшін әлгі объектінің ішкі қайшылықтары, қалыптаса дамуының басты-басты кезеңдері, өмір сүру пішімдері ғылымның жаңа, нақтылы ұғымдарымен бейнеленуі қажет. Ойлаудың бұл диалект. даму жолы абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісі деп аталады. Бұл әдіс өзінің логикалық құрылымы жағынан өте күрделі. Мұнда теория мен эмпирия, тарих пен логика, индукция мен дедукция, анализ бен синтез тоғысып жатады. Сонымен ғылым логикасы. – өз алдына ғылым саласы немесе ерекше логикалық жүйе емес, ол ғылым сияқты күрделі объект жайындағы білімдердің жиынтығы


Таным қателіксіз, сыни болуы үшін ғылыми танымда рефлексия қолданылады. Рефлексия таным кезіндегі өзінің қызметтерін, танымын, ойлау жүйесін бақылап отыру. Сондықтан ол әрбір таным әрекеті мен нәтижесіне, қағидаларына сыни көзбен қарайды. Ғылыми танымдағы Рефлексияның формалары Таным теориясы, әдіснамасы, ғылым логикасы т.б.
Таным теориясы ғылыми білімнің шындыққа қатынасын зерттейді, оның табиғаты мен мүмкіндіктерін қарастырады.

Ғылыми таным әдіснамасы – ғылыми-танымдық әрекеттің тәсілдері мен формалары, құрылу қағидалары туралы ілім. Ғылым әдіснамасының мақсаты ғылыми зерттеу кезеңдерін суреттеу мен талдау, ғылым тілін сараптау, жеке тәсілдер мен әдістердің қолданылу аймағын анықтау, зеттеу қағидаларын, тұрғыларды, тұжырымдамаларды талдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет