Пән атауы: Ғылыми зерттеулер негіздері Орындаған: Нұрахметова Ильнура



бет5/10
Дата16.02.2023
өлшемі44,1 Kb.
#68318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ғылымдардың жіктелуі
Ғылымдар классификациясына қазіргі заман зерттеушілері ерекше мән беріп отырады. Бұл жөнінде Б.Г.Гафуров және А.Х.Қасымжановтың Ғылымдар классификациясының тарауларын ең алдымен білімнің кез-келген саласы бойынша кішігірім монография ретінде қарастыру керек және оларды қарастырылып отырған дәуірдегі ғылымдардың кейбір салаларының дәрежесін зерттеу кезінде және әл-Фарабидің өзінің ғалым ретіндегі ғылыми мүдделері мен жетістіктерін бағалау барысында ескеру керек деп есептейді» Олай болса біз бұл шығармаға ғылыми энциклопедия деп баға беруіміз керек. «Әл-Фарабидің әйгілі "Ихса әл-улум" ("Ғылымдар жіктемесі туралы") трактатында жай әдістемелік немесе педагогикалық тұрғыдағы мақсаттар көзделген жоқ. Түпкі ой кеңірек еді, әңгіме адамның өзінің адам болып қалыптасуында рөл атқаратын ғылымдардың жиынтығы мен олардың байланысы туралы болатын, бұл тұрғыда Джахиз - Фарабидің тікелей ізашары. Білім алуға және мәдениетті адам болуға ұмтылуда және бәрін қамтитын (кейде шашыраңқы) білімді бергенде, ол энциклопедизмді және "бәрінен аздап" үстірт білім алу мүмкіндігін емес, алдымен бүкіл ойлау мәдениетінің, дербес ойлау қабілетінің дамуын көздейді. Фарабидің ғылымдар классификациясы грек пен мұсылман өркениеттерін біріктіру және қазіргі замандағы адамның өмір сүруі мұратын практикалық нақтылық ретінде жеткізуге қабілетті мәдени стратегияны жасау міндетін көздеген. Сондықтан оның бастаған ісі Аристотель "Органонына" ұқсап, өз заманы ілімінің энциклопедиялық жинағы болуға үміттенген Ф.Бэконның "Жаңа Органон" идеясына емес, Ян Амос Коменскийдің "Ұлы компендиум" идеясымен байланысты болды»
Ихса әл-Улум яғни Ғылымдар классификациясында Әбу Наср фәлсафалық, лингвистикалық, теологиялық және құқықтық ғылымдар жүйесін зерттеген. Бұл еңбегінің кіріспесінде ойшыл түрлі ғылымдарды басы бүтін түгендеп, өсиетті сарын әдісімен тарауларға бөліп, олардың оқытылу әдісін қанағаттанарлықтай сипаттай алған. Әуелі ойшыл барлық ғылымдарды бес тармаққа бөледі:
-тіл туралы ғылым және оның тармақтары;
-логика және оның тармақтары;
-математика ғылымдары;
-физика мен метафизика, олардың тармақтары;
-азаматтық ғылым және оның тармақтары, юриспруденция және дін ілімі.
Бірінші тарауды әл-Фараби лингвистикалық ғылымға арнап: 1/ Әуелі кейбір ұлттардың өз тілдерінде кез келген сөзді немесе сөздің жанама мағынасын, яғни коннотациясының пайдалану әдістерін; 2/ Сол сөздерді ауыз екі тілде дұрыс қолдану жолдарын ұсынады. Лингвистикалық ғылым,- дейді Әбу Наср әл-Фараби,- жеті бөлімнен тұрады дей келе оны төмендегідей етіп жіктейді:

-жай сөздер туралы заң;

-сөз тіркестері туралы заң;

-жай сөздер заңдары туралы ғылым;

-сөз тіркестері заңдары туралы ғылым;

-жазу емлесі;

-дұрыс оқу ережесі;

-өлең құрылысының ережесі. Бұл тізімдемеде ойшыл лингвистикалық ғылымдарға сипаттама жасап, оны тарауларға бөліп қарастырады. Әртүрлі халықтардың әдеби мұралары мен шешендік өнерін зерттеп, ұлттық ақындарға баға беруге ұмтылыс жасаған.

Кейінгі кезекте ойшыл логиканы қарастыра отырып, оны сегіз тармаққа жіктейді:

-силлогизм түрлері;

-пікір айту түрлері;

-өнер түрлері;

-ойлаудың бес түрі: дәлелдеуші, диалектикалық, софистік, шешендік және поэтикалық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет