Байланысты: 1849390223999 Силлабус Өндірістік оқыту әдістемесі 3
Тақырып 13. Педагогикалық іс-тәжірибе
Дәріс тезисі
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1) Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен процестердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2) Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы ілімдер жиынтығы.
Технология ұғымы тар мағынада – бір нақты объектінің технологиясы ретінде және кең мағынада – ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:
1) Дәстүрлі дидактика – әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды;
2) Әдетте, дидактиканың пәні – білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактианың пәнін былай сипаттауға болады: бұл – оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері мен принциптері;
3) Дидактиканың міндеттері: оқыту үрдісін суреттен түсіндіре отырып оны іке асыру жолдарын көрсету;
оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.
Әдебиеттер: Қаржаубаева С., Амандықова Д. Бейнелеу сауаттылығының негіздері (станокты кескіндеме техникасы және технологиясы) : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-272 бет.-5 экз
Жұмабекова Ф. Н. Әдістемелік басқару : 0107000 - Технология : оқу құралы / Ф. Н. Жұмабекова, Н. М. Нұрғазиева. - Астана : Фолиант, 2015. - 168 бет.-6 экз
Дүйсембінова Р. Қ. Кәсіби педагогика : оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2016. - 348 бет.- 100 экз.
Саденова А. К.Кәсіптік оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмысты орындау : әдістемелік нұсқау / А. К. Саденова, К. М. Камалитдинова. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. - 19 бет. – 24 экз.
Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі : оқулық.- Алматы : Радиал, 2016.-240 бет.-12 экз
Қозыбай А., Жексенбиева Н. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-152 бет.-5 экз