Пән атауы Өндірістік оқыту әдістемесі



бет10/27
Дата03.06.2023
өлшемі1,58 Mb.
#98546
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Тақырып 10.Оқу жұмысын жоспарлау және кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа дайындығы 
Дәріс тезисі
Оқыту процесі – оқытушылар мен студенттердің бірлесіп жасайтын іс-әрекетін қамтитын екі жақты процесс. Бірақта орта мектепке қарағанда жоғары мектеп студенттерінің оқу қызметінде өзіндік жұмыстары анағұрлым артық болуға тиісті. Жоғары мектепте студенттің шын мәнінде оқу процесінің субъектісі екенін айқын көруге болады, жоғары мектепте студенттің оқу-таным әрекеті жоғары дәрежеге көтеріледі. Жоғары мектепте оқылатын ғылымдардың мазмұны, көлемі, тарихы орта мектепке қарағанда, анағұрлым артады және күрделенеді.
Оқу пәнінің әдістемесі – тәрбиенің жалпы мақсатына, оқудың міндеттеріне, оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келетін және ұсынылған оқу пәнінің мазмұны, оқуды ұйымдастыру және түрлері, міндеттері туралы ғылым. 
Жоспар - оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың негізі. Сабақтың табысты өтуі үшін іргелі даярлық қажет. Оның негізгі бөлігі жоспарлау болып табылады. Оқу сабағын жоспарлаудың екі түрі бар: 1. Күнделікті; 2. Перспективті.
Перспективті жоспарлаудың мақсаты оқу материалын үйренудің логикалық жүйесін белгілейді. Келесі оқу жылының жүктемесі осы оқу жылының аяғында белгілі болатындықтан, алдын ала жұмыс жоспарын жасаудың мүмкіндігі бар.
Кең мағынада оқу жоспары дегеніміз – оқыту процесін және мазмұның белгілейтін барлық оқу-бағдарламасының құжаттануын айтамыз. Оқу жоспары оқу орындарының түрін, оның мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың контингентін және олардың оқу мерзімін анықтайтын мемлекеттік директивтік құжаттардың негізінде жасалады.
Календарлық жоспар 1 жылға, жарты жылға, тоқсанға арналып жасалуы мүмкін. Жоспар құрастырудың бірегей формасы жоқ, әр мұғалім бұл жұмысқа жекеше шығармашылық тұрғыдан қарайды.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар - бағдарлама мен әдістемелік ұсыныстарды оқып шығып, жыл бойына берілген сабақтарды бөлімдер мен тақырыптар бойынша ойластыру негізінде құрылады. Жоспарлау мұғалімнің сабақ мазмұны мен реттілігін, мақсатын нақты анықтауына мүмкіндік береді. Күнтізбелік жоспар әр түрлі болады.
Әдебиеттер:

  1. Қаржаубаева С., Амандықова Д. Бейнелеу сауаттылығының негіздері (станокты кескіндеме техникасы және технологиясы) : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-272 бет.-5 экз

  2. Жұмабекова Ф. Н. Әдістемелік басқару : 0107000 - Технология : оқу құралы / Ф. Н. Жұмабекова, Н. М. Нұрғазиева. - Астана : Фолиант, 2015. - 168 бет.-6 экз

  3. Дүйсембінова Р. Қ. Кәсіби педагогика : оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2016. - 348 бет.- 100 экз.

  4. Саденова А. К.Кәсіптік оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмысты орындау : әдістемелік нұсқау / А. К. Саденова, К. М. Камалитдинова. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. - 19 бет. – 24 экз.

  5. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі : оқулық.- Алматы : Радиал, 2016.-240 бет.-12 экз

  6. Қозыбай А., Жексенбиева Н. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-152 бет.-5 экз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет