Прекреквизиттер: Қазақ фольклоры (ауыз әдебиеті үлгілері) мектепте оқытылатын ана тілі, әдебиет пәндері мен факультативтік сабақтарда барлық сыныптарға арналған оқу бағдарламалары негізінде жүргізіледі. Сондықтан мектеп бағдарламасына сай алған білімдері негізінде студенттер қазақ халық ауыз әдебиеті пәнін оқу үшін халық мұраларының синкретті түрі: тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыз-әңгімелер, ертегілер, эпостар, тарихи жырлар, айтыс өнері мәтіндерімен таныс болуы керек.
Постреквизиттер:Бұл пән бойынша алынған білім кейінгі семестрлерде оқылатын әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы пәндерін меңгеру үшін қажет. Сондықтан студенттің болашақ мамандығына қажетті теориялық және практикалық білім осы пәнді оқу барысында беріледі.
2. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР