Пән: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы Топ : бс-21 Тақырыбы



бет3/4
Дата10.03.2022
өлшемі21,04 Kb.
#27420
түріПрактикум
1   2   3   4
Жаттығу тапсырмалары:

1. «Құстар  айтысы» тақырыбын мәнерлеп оқып, мәнерлеп оқу нотасын түзеңдер.

ҚҰСТАР АЙТЫСЫ (Үнді ертегісі)

    Бір құсбегінің орман ішіне құрып қойған торына қарға, торғай, көгершіндер келіп түсіпті. Олар тордан босанудың жолын іздеп, бір-бірімен ақылдаса бастайды.

— Біз жемге қызығамыз деп торға түсіп қалдық. Енді құтылудың, жолын ойластырайық. Бәріміз бірігіп ақылдасайық. Сонда құтылып кетуіміз мүмкін.

Олар әрі ойлап, бері ойлап, ақыры мынадай келісімге келеді.

— Бәріміз қанатымызды бірдей қағып, ұшып көрейік, мүмкін, торды көтеріп кетерміз,— десті. Қанаттарын бірдей қағып ұшып еді, шынында да торды көтеріп әкетті. Сөйтіп олар торымен ұша жөнелді. Мұны байқаған құсбегі ұшқан құстардың соңынан жүріп отырды.

Аспанда тор ішінде құстар ұшып барады. Жерде оларды қуып, құсбегі  жүгіріп келеді. Жүгіріп келе жатып  ол:

«Торға әр түрлі құс  түсті ғой! Олар әлі-ақ өзара айтысады. Ал айтыс басталған соң, құстар жылдам ұша алмайды, тор жерге түседі,—  деп ойлайды.

Расында да солай болып шықты. Әуелде құстар торды ынтымақпен көтеріп ұшса да, аздан соң жанжалдаса бастады. Ең алдымен қарғалар қарқ-қарқ етті:

— Біз сияқты аянбай күш жұмсап келе жатқан ешқайсың жоқ. Біз сендердей жалқау болсақ, тор баяғыда жерге топ ете түскен болар еді.

Бұл сөзді естіген көгершіндер:

— Жетер енді, қарғалар! Көп мақтана бермеңдер! Біз сендерден артық болмаса, кем көтеріп келе жатқанымыз жок,— деп ашуланады.

Жанжалға басқа құстар да кірісті, бірін-бірі сөгіп ұрысыса  бастады. Ала ауыздық кірген жерде  береке болушы ма еді. Берекесі кеткен құстар енжарланып, қанаттарын ақырын қақты. Тор жерге салбырап түсе бастады. Құс аулаушы да жүгіріп жетті. Ол тордың төмен салбыраған жерінен шап беріп ұстап, құстарымен қоса тартып алды.

 Олардың бәрін үйіне  апарды да, торға қамап қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет