Пән: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы Топ : бс-21 Тақырыбы


Ол үшін мәнерлеп оқып беруге ұсынатын бір шығарма бойынша  алдын ала қандай жұмыс жүргізуге  болатынына мысал келтірейік



бет2/4
Дата10.03.2022
өлшемі21,04 Kb.
#27420
түріПрактикум
1   2   3   4
Ол үшін мәнерлеп оқып беруге ұсынатын бір шығарма бойынша  алдын ала қандай жұмыс жүргізуге  болатынына мысал келтірейік.

Мысалыға  «Ан тілі»  оқулығында «Құстар айтысы»  үнді ертегісін мәнерлеп оқуға даярлау  үшін мұғалім не істер еді.

1. Балалар алдында мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету үшін алдымен іштей бір оқып алады. 2. Мәтіннің мазмұн-мағынасына сай қай жерге логикалық кідіріс, психологиялық кідіріс, грамматикалық кідірістер жасау керегін белгілеп алады.

а) Логикалық кідірістер қойып оқуға құстардың ақылдасу сөздері, келісімге келген жерін  оқу;

ә) Психологиялық кідірістерді құсбегінің, жүгіріп келе жатып ойлаған  ойын, қарға мен көгершіннің сөздерін оқу кезінде қою;

 б) грамматикалық кідірістерді  тиісті тыныс белгілерінің мағыналарына  қарай отырып дұрыс коя білуді  қамтамасыз ету.

3. Ертегінің ішінде балаларға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып түсіндіру үшін сөздік жүргізу. Олар:

Құсбегі  жыртқыш   құстарды  аң аулауға баулып  үйрететін аңшы,немесе құс аулайтын  адам.

Ынтымақ — бірлік, ұйымшылдық.

Жанжалдасу — таласу, керісу.

Ала ауыздық — бірінің  айтқанына бірі көнбеу.

4. Шығарма мазмұнын мәнерлі оқу мен әңгімелеу арқылы балаларды ауызбіршілікке, ұйымшьшдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу жағына баса назар аудару.

5. Балаларды  ойландыру үшін проблемалық сұрақтар қою.

— Торға түскен құстардың айтысы неліктен басталды?

— Еркін самғап жүрген кұстарды мүсәпір халге түсірген қандай жағдай деп ойлайсыңдар?

— Ақылдылық кімге тән екен?

6. Ертегіде уақиға, іс-әрекет, кейіпкерлер бар. Сондықтан оқушылар  шығарманы оқып талдағаннан кейін  мұғалімнің көмегімен бөліктерге  тақырып немесе ат қойып жоспарлатуға  болады.

Құстар айтысы

Жоспары:

1) Торға түсу

2) Құстардың акылдасуы

3) Құстар аспанда.

4) Құсбегінің ойы.

5) Ала ауыздық

  Мұғалім мәнерлеп  оқуға ұсынылатын әрбір тақырыпты  осы тәріздес тақырып мазмұнына  лайық талдап, даярланады. Сабақ  барысында сыныптағы оқу сабағының  әдістерімен іске асырады. Шығарманы  оқушыларды қатыстыра отырып  сөйлеу мәнерлеп оқу нотасын  құратады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет